Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Эволюцияның синтетикалық теориясы

Автор:   •  Сентябрь 25, 2021  •  Реферат  •  1,137 Слов (5 Страниц)  •  1,353 Просмотры

Страница 1 из 5

Эволюцияның синтетикалық теориясы.

Эволюцияның синтетикалық теориясының қалыптасуы.

Эволюция факторлары тұқым қуалаушылық, өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыптау болып және олардың біріккен әсерінен адаптация нәтижесінде түрлердің пайда болатыны белгілі болды. Эволюция ілімі, генетика және экология бірігіп, эволюцияның синтетикалық теориясы пайда болды.

Эволюцияның генетиканың негіздерін экспериментальды зерттеулер Т. Морган, Г. Мюллер, А.Г.Надсон. Рентген сәулелерінің бидайға да әсер ететіндігі белгілі болды. (Л.Н.Делоне).

Эволюцияның экологиялық факторларын экспериментальды зерттеу.

20-30 жылдары эволюциялық экологтардың жұмыстарында тіршілік үшін күресті эволюцияның басты факторы ретінде қарастырған. Тіршілік үшін күрес эволюцияның факторы ретінде үш бағытта жүргізілген:

• экспериментальды;

• математикалық экспериментальды;

• далалық бақылаулар.

Дарвинизм эволюциялық генетикаға және экологияға сүйеніп, басқа да ғылымдармен-морфология, эмбриология, филогенетика, биоценология, палеонтология, сияқты ғылымдармен байланысын жан-жақты материалдармен толығып, теориялық негізін де байытты. 20-жылдары басталған дарвинизмнің экологиямен, генетикамен бірігу ауқымы 30-жылдардың ақырында жарияланған бірқатар жүйелі еңбектерде көрсетілген. Осы еңбектер эволюция ілімінің синтетикалық теориясын жасауға негіз болды. Синтетикалық теория экология мен генетикаға сүйеніп және морфология, эмбриология, филогенетика, биотехнология, палеонтология сияқты ғылымдармен толықтырылып эволюциялық дамуды жан-жақты қарастырып дәлелдейтін ілім.

Ф.Г.Добржанскийдің 1937 жылы жарық көрген «Генетика және түрлердің тегі» деген еңбегі эволюциялық ілімнің синтетикалық теориясының негізін қалады.

Эволюцияның синтетикалық теориясын жасауда И.И.Шмальгаузеннің еңбегі өте жоғары. Оның 1938 жылы «Организмнің жеке және тарихи дамудағы біртұтастығы», 1939 жылы жарық көрген «Эволюция факторы» деп аталатын еңбектерін атауға болады.

Шмальгаузеннің бағалы еңбегінің бірі- тұрақтандырушы сұрыптау ілімін ашуы еді. Ол ағзалардың өзгергіштігімен бірге айтарлықтай тұрақты болатынын анықтады. «Тұрақтылықсыз өзгергіштік болмақ емес» деген анықтама эволюция әрекетінің жалпы диалектикасын түсіндірді. Ол статика мен динамиканың, тыныштық пен қозғалыстың арақатынасын көрсетеді. Шмальгаузен эволюция теориясының философиялық мәселелерін шеше білді. Эволюцияның синтетикалық теориясын жасауда Гекслидің 1942 жылы шыққан «Эволюция және осы заманғы синтез» деген кітабы да ерекшеленеді. Ол еңбегінде популяция генетикасы, экология, эмбриология,биогеография мәліметтерін талдай отырып тіршілік үшін күрес, бәсекелестік пен табиғи сұрыптау, бейімделу мен түр түзілу, географиялық өзгергіштік, прогрессиялы эволюцияның мәселелерін ашып бере алды.

Александр Сергеевич Серебровский-кеңестік генетик. Негізгі жұмыстары жануарлар генетикасы, ген теориясы, популяция генетикасы саласына арналған . 1920-1930 жылдардың басында ол бірқатар маңызды теориялық ережелерді алға тартты: ол геннің бөлінуі туралы гипотезаны тұжырымдады (және оның мөлшерін кесіп өту бірліктерінде өлшеу мүмкіндігі), популяцияның генофондының тұжырымдамасын енгізді және геногеографияның негізін қалады.

1942 жылы шыққан Э.Майердің «Систематика және түрлердің шығу тегі» атты еңбегінде «жаңа систематиканың» морфологиялық, генетикалық, экология- географиялық түр критерийлерінің жинақтары көрсетілген.

А.Н.Северцов филогенетикалық

...

Скачать:   txt (18.3 Kb)   pdf (57.8 Kb)   docx (12.9 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club