Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Философия ғылымы туралы жалпы түсінік

Автор:   •  Сентябрь 27, 2021  •  Реферат  •  1,715 Слов (7 Страниц)  •  531 Просмотры

Страница 1 из 7

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі

әл- Фараби атындығы Қазақ Ұлттық Университеті

[pic 1]

           Факультеті: «Ақпараттық технологиялар»

        Кафедрасы: «Ақпараттық қауіпсіздік»

СӨЖ

Тақырыбы: Философия ғылымы туралы жалпы түсінік.

                                                                           

                                                                        Орындаған:Асхатқызы Н.

                                                                                               СИБ 1905

                                                                        Тексерген: Нургалиев К.Т.

                                                                    Алматы 2021 ж.

          Философия ұғымы грек тілінен аударғанда даналыққа деген сүйіспеншілдікті білдіреді («philo» — сүю, «sophia» — даналық). Бұл сөзді ежелгі грек ғалымы Пифагор қолданысқа енгізді, бірақ оның кең колданылуы б.д.д. V ғ. басталды. Бұл уақыттары Грекияның -жоғары дамыған мәдениеті бар, бай гүлденген аймақта, өздерін софистерміз (яғни даналармыз) деп айтатын адамдар болды. Олар тек ойлап, әңгімелесіп қана қойған жоқ, сонымен қатар даналыққа оқытты және оған деген сұраныстар да өте жеткілікті болды. Бірақ даналыққа оқытудьщ, кәсіпке оқытудан көрі көп ерекшелігі бар еді. Онда, адам бірдеңеге үйренді ме, әлде жоқ па, тексеруге болады. Ал, даналыққа оқытудың нәтижесін іспен көрсету қиын. Әрине оқыту үшін аз ақша алынбайтын. Осы жағдайда, табыс табу жолында адамдардың аңқаулығын пайдаланатын, өздерін даналармыз деп атайтын, алдамшылар да жеткілікті болды. Нәтижесінде ел кезуші софистер әзіл-мазақтың объектісіне айналды. Нағыз дана адамдар ақшамен оқытудан алшақ болды. Олар өздерін сыпайы түрде философпын деп атап, біз тек қана даналықты сүйеміз, деп айтатын.

Осындай философтардың алғашқыларының бірі Сократбіз данамыз деп атайтындарды кекетіп: «Мен ештеңе білмейтіндігімді білемін» деп жиі қайталаған, Платонның айтуынша Сократ «философия» терминін даналыққа құштарлықты, ақиқатқа жетуге деген құмарлықты белгілеу ретінде пайдаланған. Олай болса, философия өзінің даналығына деген шүбәланушылықтан және оған сүйіспеншілікпен ұмтылудан басталады.

Философия ақиқатқа талпыныс қана деп түсінілді. Мыс. Платонның ойынша философ әруақытта білім мен білімсіздіктің ортасында болады, ол аз жетілген білімнен жетілгендікке, білімсіздіктен білімге шығуға талпынады. Оның ойынша табиғаттың және адам өмірінің құпияларын ашатын, өмірдің талабына сай әрекет етуге және табиғатпен жарастықта өмір сүруге үйрететін адамдарды философ дейді.

Даналыққа деген сүйіспеншілік мағынасын Платонның диалогы «Пир» шығармасынан көруге болады, онда даналық — адамның жеке өзіндік физикалық бар болуынан көрі және жеке дара шектелген тұлғалығынан бас тарту арқылы жоғарылыққа бағытталған рухани ұмтылысы.

Ежелгі грек философы Аристотель, даналық дегеннің өзі: бәрі де солардан шығатын бірақ оларды басқа жалпылықтардан шығарып алуға болмайтын «бірінші себептермен және басталыммен шұғылданады», деп жазды. Ондай білім, «адам мүмкіншіліктерінен жоғары» деп жалғастырады Аристотель. Шындығында ақырғы ақиқатты білу мүмкін емес, сондықтан Аристотель қойған талаптай адамның данышпан болуы да мүмкін емес, бірақ болуға тырысу даналыққа деген сүйіспеншілдік — философ. Даналық деген белгілі бір жағдай емес, ол мақсат. Жалпы, даналық тұтас болмысқа және өмірдің мәніне бағытталған.

Әрине, философия туралы осы айтылғандармен шектелуге де болар еді, бірақ оның мәнін ашып табиғатын толық түсіну үшін ол туралы жалпы сипаттамаларды мына түрде топтап айтуға да болады:

  1. Философия — адам рухының (немесе «ақыл-ойының», «санасының» және т.б.) сөз арқылы болуы, өмір сүруі. Ана тілінің өзі философиялық мәндерге және даналыққа толы, ол әлемді бейнелеу құралы, Алайда философия өзіндік өз тілін жасайды және тек қана сондай тіл арқылы, идеялы түрде әлемді оны игеруге, ұғуға қабілетті.
  2. Философия барлық бардың мәнін ашатын ақыл-парасат (разум) құралы. XX ғасырдың ұлы философтарының пайымдауынша, мән ең соңғы негіз, адамзат болмысының соңғы нақты тұрағы және сонымен қатар, сол болмысты игерудің жалғыз әмбебап құралы больш табылады. Олай болса, философия — адам қарекетін қалыптастыратын дүниетаным әмбебаптарын жасауды іске асырады.
  3. Философия — адамның өз шеңберінен шығуға мүмкіндік беретін рухани форма. Пәнилік өмір шектелуі. Бірақ осы шектеуліктің шеңберінен шығарып, «өзгеге» құштарлықпен ұмтылуға мәжбүрлейтін кұдірет күші бар. Ол — рухани күш-жігер болып табылады және оны әртүрлі (Нирвана, Құдай, Ақыл-парасат, Табиғат және т.б.) атаулармен атайды және сол рухани күш-жігердің өзінен өздеріне деген сүйеніш жасайды.
  4. Адам — ақыл-парасатты жан. Оның іс-әрекеті белгілі бір мақсатқа бағынады. Күрделі қазіргі әлемде мақсатқа сай қимылдау үшін көп біліп қана қоймай, сонымен қатар адамның түбірлі мүддесі мен заман талабына сай дұрыс шешімдер қабылдап, дұрыс мақсаттар таңдай білу қажет. Ол үшін ең алдымен әлемді терең және дұрыс түсіну, яғни жалпы және жеке мақсаттарға жету әрекетінің тәсілдерін тандауға мүмкіндік беретін дүниетанымның қажеттілігі шарт. Сондықтан ақыл-парасатқа сүйенетін философия дүниетанымның теориялық негізі.
  5. Философия — моральдық өмірді басқаруға жағдай жасайтын ойлы ақыл. Эпикур бойынша ғалам табиғатын, өмір мен өлім мәнін және т.б. білмей адам жанында болатын қорқынышты жеңу мүмкін емес. Ал онсыз бақытқа жету мүмкін емес. Эпикурдың айтуынша бақыт — бұл еш нәрсемен бүркемеленбеген ләззат, ол «денеге тән қасреттің жоқтығынан» (арота) немесе жанның тебіреніссіз қалпынан көрінеді. Сондықтан Эпикур үшін нағыз идеал тәжірибелік даналық болып табылады, яғни моральдық өмірді басқаруға жағдай жасайтын ойлы ақыл. Ол өз замандастарына бақытқа жетудің жаңа жолын көрсетті: бақыт іштен туындайды және ол тек біздің қолымызда, ал қалған нәрсенің бәрі іш пыстыратын бос дүние.
  6. Философиялық ой, әлемде белгілі бір заңдылықтың, тәртіптілік пен үйлесімділіктің бар екендігі туралы идеямен тығыз байланыста болады. Ол адамның тұрақты және реттілікпен өмір сүруіне кепілдік беретін нәрсе, әрине ол оның ақыл-парасаты. Демек, философия арқылы жасалатын ақыл-парасат рефлексиясы Адам әлемін пайымдау мен қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл, Әлемді ерекше сезу, Әлемге ерекше қатынас, ерекше өмір салты.
  7. Кез келген философиялық білім метафоралы болып келеді. «Метафора» дегенді В. И. Даль өзінің «Түсіндірме сөздігінде» бөтенше сөз деп түсіндіреді. Әлеуметтік нақтылықты зерттей отырып философия, адамдар әлемінде жүріп жатқан нәрселерді адекватты сөзбен, ұғымдық-категориялық тілмен бейнелеуге ұмтылады. Тарихи тұрғыда, бұл басым метафоралар өзгеріске түсіп отырады. илософияның қалыптасқан кезінен бастап адам қоршаған орта туралы иллюзиялық- мистикалық көзқарас шеңберінен шығып оның мәнділігіне алғаш рет үңіле бастайды. Дамыған теориялық рефлексия арқасында адам: нақты әлем туралы, өзі туралы, өзінің нақты жағдайы мен мақсаты, өзінің мүмкіндіктері мен шектері туралы шындыққа жақын көзқарас қалыптастырады. Философия осы бағыттағы нағыз талпыныс.
  8. Айталық, Гегель дәуірінде әлеуметтік өмір заңдылықтарын білдіретін «сөз» «халықтар рухы», «еркіндік» «абсолюттік идея» ұғымдарымен байланысты болды. Маркс үшін қоғамның тарихи дамуы мәнін бейнелейтін метафора «қоғамдық-экономикалық формация» ұғымы болды. Біздің қазіргі заман да мұнан қалыс қала алмайды. Қазіргі әлеуметтік философияның негізгі метафоралары қатарына «мәдениет», «ақпарат», «өркениет», «этнос», «менталитет», «құндылықтар» ұғымдарын жатқызуға болады.
  9. Философия ешбір нәрсемен шектелмей нағыз барлық бар туралы ойлану және соның ақырына дейін таныла алмайтындығын немесе сезімге, рефлексияға, көрінуге келмейтін ой қобалжулары арқылы трансценденталдықты игеру. Сондықтан ол — еркін қабылдауында трансцендентті сана. Тану бостандығы бұл жерде тануға болатынның бостандығымен сәйкес келеді, нәтижесінде өтіп жатқан барлық бар туралы, яғни әлем, болмыс, табиғат, өмір, керек десе Құдай туралы, өзге әлем туралы, кез келген идеалды конструкциялар туралы түсініктер пайда болады. Санадан тыс әлемді, өмірді, болмысты түсіну; илікпейтін идеалдылықты идеалды түрде көндіру.
  10. Философия өзгермейтін мәтіннен гөрі күрделі, құбылмалы мәдени феномен. Оны ғылым ұғымына, өнерге, дінге сыйыстыруға болмайды. Ол мәдениеттің ерекше түрі. Философиялық ойлаудың тақырыптары межесіз. Оның мәселелері жеткілікті: ол «сананың» басқарушы рөлін атқарды және ақылдың жаттықтырушысы.
  11. Философия өзінше басқа. Әрине — кез-келген білімнің өз философиясы болуы мүмкін, бірақ бұл негізінде нағыз философия емес. Нағыз философия жанды білім, әрқашан ағымдағы ой. Оның өзі өмір — сананың өмірі. Әр түрлі білімдер бар. Философия солардың барлығын біріктіруге қабілетті, бірақ механикалық, тіпті органикалық түрде де емес, өзімен өзінде. Міне осы тұрғыда философияны ғылым деп те айта алмаймыз, бірақ ол дін де емес және қалаумен әр түрде де бола алмайды.

Дін өзіне ғылымды қамти алмайды, ғылым болса дінді қамти алмайды, ал философия болса өзіне: дінді, ғылымды, мифологияны, окультизмді магизмді, алхимияны, астрологияны қамти алады. Әлемді діни тұрғыда түсіну — діни түсінік, әлемді ғылыми тұрғыда түсіну — ғылыми түсінік, әлемді философиялық тұрғыда түсіну — философиялық, бірақ тек қана ол емес: философия сонымен қатар жалпы көлемі жағынан толық болмағанмен мүмкіндігі жеткен нұсқасына бір тұтас ең парапары. Дәл осы бейнесінде және ол сана суреті — философиялық бейнеден өзге тиімді, әрі толық, оған қоса ерікті ештеңе жоқ.

...

Скачать:   txt (18.7 Kb)   pdf (143.8 Kb)   docx (41.1 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club