Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Философия туралы жалпы түсінік

Автор:   •  Февраль 15, 2018  •  Реферат  •  2,368 Слов (10 Страниц)  •  3,986 Просмотры

Страница 1 из 10

Қазақстан Республикасы спорт және білім министрлігі

Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы

Реферат

                        Тақырыбы: Философия туралы жалпы түсінік

                                                                          Орындаған: Утилова А, ФНМ, 2- курс

                                                                        Тексерген: ассоц. Профессор Жусупова Р. К  

Алматы, 2018 ж

Жоспар:

  1. Философия пәні және қызметі
  2.  Философияның даму тарихы
  3. Философияның мәні және мақсаты
  4. Қорытынды

Философияның пәні және қызметі.

 

Философия – ғылымы  адамзат  мәдениетінің  қайталанбас  және ерекше құбылысы, дүниеге көзқарастың бір түрі. Ал дүниеге көзқарас дегеніміз- дүние туралы жалпы пікірлердің жиынтығы және адамның әлемдегі орны  туралы  көзқарасы. Дүние қалай жаратылған, бастамасы қайда? Ол мәңгілік пе? Адам дегеніміз не, оның дүниедегі орны қандай? Ақиқат пен жалғанның  ара салмағы  неде? Өмір  сүрудің мәні бар ма? Адам өмірінің мәні неде? Адам  баласы қайдан пайда болды? Қозғалыс мәңгіме әлде уақытша ма? Адам мен жануарлар өмірі олардың қатынасы? Олардың омір сүру ортасы деген не? Осындай мәңгілік сұрақтарға жауап іздеу – философияның міндеті.

Философия бұдан бірнеше мың жыл бұрын Қытай, Үнді елінде, Египетте, Вавилонда пайда болды. Бұдан  2500 жыл бұрын (б.з.д V  ғасыр шамасында)  Афин қаласындағы грек демократиясында классикалық түрге ие болып,ерекше білім ретінде қалыптасты.

Философия – көзқарастың бір түрі. Ертеде әр нәрсенің себебін білгісі келгендер, діни ұғымдар мен жай ұғымдарға қанағаттанбай құбылыстардың түбіне үңіліп, сол туралы өзіндік пікір айтты. Оларды – философ деп атайды. Философ деген сөзді алғашқы рет гректің ойшыл, математигі, Пифагор(б.д.д 580-500) енгізді. Бұл термин Еуропа мәдениетінде Платонның атымен тығыз байланысты. Philo – сүйемін, Sophia – даналық, яғни даналықты сүйемін деген мағына береді. Араб тілінде фәлсафа деп аталады.

Философ – алғашқыда әрі дана, әрі табиғатты зерттеуші, сынап байқаушы ретінде бой көрсетті. Сондықтан оларды натурфилософтар деп атады. Философия пайда болуынан бастап барлық ғылымды қамтыды, яғни ғылымның ғылымы болды. Кейінірек әр пән өз алдына ғылыми пән ретінде қалыптасты. Б.д.д IV ғ ежелгі Грекияда теориялық логика пәні, б.д.д II ғ математика, астрономия, кейінірек филология және тағы басқалары бөлінді, яғни ғылымды жіктеу, дифференциялау басталды.

Философияның негізгі бөлімдері (тараулары):

  1. Онтология ( ontos – тіршілік, logos – ілім ) – болмыс туралы ілім.
  2. Гнесеология ( гр gnosis –  таным, logos – ілім, сөз) – таным туралы ілім.
  3. Әлеуметтік философия – қоғам туралы ілім.

           Философияның пәндері:  

  1. Логика, эстетика,этика, ғылыми әдістеме, ғылымдар философиясы

 (математиканың, астрономияның, физика, биологияның  т.б философиялық міселелері)

  1. Антропология философиясф – адам болмысы.
  2. Мәдениет философиясы – мәдениет әлемі.
  3. Тарих философиясы.
  4. Құқық философиясы – мемлекеттік заңдар әлемі.
  5. Дін философиясы.

Болмыстың бастамасы туралы сұрақ философияның негізгі мәселесі саналады.

Философияның даму тарихы

Философия ғылыми көзқарастың бастамасы ретінде  б.д.д VIII – V ғ қалыптасты, осы кезден бастап адамзат ілем туралы, ондағы өзінің орны мен тағдыры туралы рационалды көзқарасқа сүйене бастады. Алғашқы кезде философия мифологияға байланысты болды. Философия бір жағынан мифологияға, екінші жағынан ғылымға қатысты дамыды.

...

Скачать:   txt (32 Kb)   pdf (166 Kb)   docx (22.6 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club