Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Философия: пәні, қызметі және алуандығы

Автор:   •  Октябрь 25, 2023  •  Реферат  •  2,641 Слов (11 Страниц)  •  150 Просмотры

Страница 1 из 11

Философия: пәні, қызметі және алуандығы

М.Ш.Хасанов, В.Ф.Петрова, Б.А.Джаамбаева

1.1. Философияның туындауы және пәндік, өзіндік анықтамасы

Философия б.д.д. VII-V ғасырда Үнді, Қытай, Грецияда қоғам дамып, ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлінуі басталған шақта пайда болған. Осы кезеңнен рулық тайпалардан құл иеленушілікке өту аяқталады, ерте таптық қоғам құрылады, ал жеке өмірде мифтен логосқа өту кезеңі басталды. Осы уақытта білімнің жаңа түрі – философиялық ойлауда қоғамдық қатынастар өзгеріп, жүйелеу мен жалпылауға деген, рационалды түсінікке және философиялық ойлау жайлы жаңа білімге талап пайда болады.

Бұған дейін дүниетанымдық мәселелер мифология, дін ауқымында көтеріліп, өз шешімдерін тапқан болатын. Философияның пайда болғанынан бастап дүние туралы жалпы және жүйелі пікір қалыптасты. Бұл философия адамның рационалды ойлау қабілетіне жүгінді. Ақыл ойлаудың жоғары деңгейі сияқты есептеліп, шындыққа ұмтылыс басталды

«Философия» деген түсінік «даналыққа деген сүйіспеншілік» (гректің «филео» – сүйемін және «софия» – даналық), яғни даналықты сүю деп аударылады. Ежелгі Грецияда бұл термин антикалық математик және философ Пифагорға (б.д.д. 580-500 жж.) байланысты туындаған, «философ» деп ол жоғары даналыққа және дұрыс өмір салтына ұмтылғандарды атаған. Ол философтар тек «даналықты сүюшілер», сондай-ақ шындықты иеленушілер емес, «даналықты сүюшілер» деп атап кетті. Шынайы білім тек «Құдайға» ғана тән деп, шынымен сөзбен айтылатын ақылды да сол. Адамдардың барлығы даналықты жақсы көре алады және оған ұмтыла алса да, оны толығымен иегере алмайды.

Даналыққа деген сүйіспеншілік болмыс туралы, табиғат туралы және адамның мәні, оның тағайындалуы, саналы қоғамдық құрылым туралы ойды тудырды. Философия адамның жоғары ойлау мақсатының оның адами құндылықтарымен бірігуіне ықпал жасады.

Философия тарихында бұл термин үш мағынада қолданылды, «көнеантикалық», «дәстүрлік» және «қазіргі».

Бұл түсінік жайлы алғашқы түсіндіру философиялық емес дүниетанымнан – мифология, Құдайға сену, яғни ғылыми білімнің жиынтықтарының тарихи бөлімдерімен байланысты. Антикалық философияда «философия» деген түсінік бүкіл діннен тыс білімді, яғни ғылыми білімді, сондай-ақ өнер мен этиканы білдірді. Мұндай философиялық түсінікті Аристотельде кездестіреміз, ол теориялық философия (ой өрісінен шығады), практикалық (адамның өмірдегі жүріс-тұрысы) және көркемөнерлік (шығармашылықты зерттейді).

Философияның «көнеантикалық» түсінігі қазіргіден анағұрлым ерекшеленеді. Жалпы философия ғылыми біліммен сәйкестенді. Оны «білім бастамасы» немесе «ғылым басы» деуге болады. «Ғылымның бастамасын» осы уақытқа дейінгі барлық ғылымның басталуы деуге болады. Нақтысын айтар болсақ, «ғылым бастамасынан» әр ғылым өз бастауын алады.

Осы кезең философиясы танымның барлық жиынтығын – практикалық және теориялық түрлері мен формаларын көрсете бастады. Ол стихиялық материализм мен диалектика деңгейінде табиғи құбылыстарды түсіндірді. Гераклит әлем бірлігін оның алғашқы негізінен бастады, параметрі – от, ал оның дамуын қарама-қарсылардың арасындағы тартыс деп түсінді. Ол қарама-қарсылықты (ұрыс) барлық қозғалыстың көзі деп түсіндірді. Гегельдің пікірінше, Гераклит философиясының анағұрлым құндылығы, абсолюттің негізі қарама-қайшылықтың бірлігі дейді. Бірақ, бұл философиялық негіздер «білім бастамасында» жетілді. Басқаша айтқанда, философия антикалық формада өзінің философиялық пәндік алғашқы қадамын жасайды.

Екінші мәні, философия түсінігі тарихи жалпы «теориялық» және жекелеген «эмпирикалық» білімде сол ғылымның өз саласымен байланысты. Теориялық жаратылыстанудың пайда болуы «философиялық» ойлау кезеңінен өтті. Философия туралы түсінік, жалпылық туралы білім (теориялық) екендігі тіпті Аристотельде де кездеседі. Ол болмыс жайлы жалпы білім «философияның» ішінде, яғни «алғашқы философияда» көрінуге тиіс, деп есептеген. Оның артынан іле пайда болған «метафизика» («физикадан кейінгі») философияның синонимі, яғни алғашқы бастау туралы, жалпылық туралы ғылым болды.

...

Скачать:   txt (38.6 Kb)   pdf (120.7 Kb)   docx (19 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club