Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Философия дүниетанымдық мектебі

Автор:   •  Февраль 28, 2018  •  Реферат  •  2,907 Слов (12 Страниц)  •  1,041 Просмотры

Страница 1 из 12

Жоспары

Кіріспе

I Философия түсінігі

II Философия София ретінде

III Философия дүниетанымдық мектебі

Қорытынды

   


     Өндіргіш күштердің өркендеп, алғашқы қауым өндірістік қатынастардың шеңберінен шығып кетуіне байланысты құлдық қоғам бел алып, адамзаттың өркениетті дамуында ілгері басқан бір қадам жасалынды. Алайда, құлдық қоғам өркениеттің дамуы барысында жері басушылық болса да, адамгершілік тұрғысынан алғанда кері кетушілік болды. Өйткені, адамды адам қанауының жексұрын түрі пайда болды. Ағайынгершіліктің орнын құл иеленушілік басты. Сонысына қарамай, ғылыми даму, философиялық дүниетанымның пайда болып қалыптасуы үшін құлдық қоғам ғана игі әсерін тигізді, себебі тек осы кезеңде ғана ой еңбегі дене еңбегінен ажырап, адамдардың озық ойлы бөлігі дене еңбегінен босатылып, бірыңғай ғылыммен, философиямен айналысуға мүмкіндік алды. Әрине, ол адамдар негізінен үстем тап өкілдері болатын. Осы кезеңде философиялық дүниетаным мифология мен дінге қарсы күресте қалыптаса бастады. Адамзат тарихында алғаш рет дүниені оның оз ішкі. заңдылықтарын ашу арқылы танып-білуге талпыну, танымның дәлелдеуге құрылған ғылыми тәсілдерін пайдалану жағы көзделді. Адамдар өздерінің ақыл-ойларының өсу дәрежесіне сәйкес өздерін табиғаттан, қоғамнан ажырата алатын, өздерінің дербес тіршілік иесі екендігін пайымдай алатын, мақсат-мүдделерінің табысқа жету - жетпеуі табиғат күштерін өз қалпында танып-біліп іс жүзінде игеру дәрежесіне тікелей тәуелді екендігін түсіне бастады. Олардың бұндай жағдайға жетуіне философиялық дүниетанымның ықпалы аз болған жоқ. "Философия" гректің " филео " және "софия" деген сөздерінен құралған. Қазақша мағынасы - "даналыққа құштарлық". Бұл сөздің шығу тегі жөнінде мынадай аңыз сақталған. Көне Грецияда бір ғұлама әзін "данышпан" деп атай берген адамдардан ыңғайсызданып, "мен тек даналыққа құштар ғанамын" - десе керек. Алайда, философияның "даналыққа құштарлық" деген мағына беретіндігі де тегін емес. Себебі, философия сөзтізбегі арқылы көне Грецияда дүние, жаратылыс, адамдар мен қоғам туралы барлық ілімдер мен білімдер жиынтығын атайтын болған. Философия — мазмұны жағынан да, танымдық тәсілі жағынан да өзінің тұжырымдарын, қағидаларын ғылыми логикалық дәлелдеулерге негіздейтін ерекше дүниетаным. Ол онысының өзімен-ақ жаратылыстан тыс "күш иелеріне" деген соқыр сенімге жетелейтін мифология мен діни дүниетанымнан айрықша ерекшеленеді. Сайып келгенде, философиялық дүниетаным деп әлемге, табиғатқа, қоғамға және олардың арақатынастары туралы қалыптасқан ең жалпы көзқарастар жиынтығын айтамыз. Философиялық дүниетаным жеке адамдар, топтар мен партиялар үшін, әлеуметтік т.б. өмір салаларында жолбасшылық, бағдарламалық міндет атқарады, қоғамның ілгері даму жолдарын негіздеудің теориялық астары да бола алады. Философия адамдарды көкжиегі кең, шаңырағы биік дүниетанымдық көзқарастармен қаруландырып бүкіл болмысқа көзін ашады. Бұл кезде ол адамгершілік орайында қызмет атқарады. Әсіресе, өлім мен өмір мәселесін зерделегенде өлімнен қорықпайтын пенде жоқ. Бұл мәселе Қорқыт пен Абай аралығында да күн тәртібінен түскен емес. Пенделер өлімнен ден  гөрі тылсым белгісіздіктен қорқады. Ал бұл қорқыныш оз кезеңінде болашақтан күдер үзіп торығуға, құсалыққа әкеліп соқтырады. Мысалы, орыстың атақты ойшылы Н.А. Бердяев өмір бойы құсалықтан арыла алмағандығын және торығудың ықпалын әлсіретуге философиямен шұғылдануы коп пайдасын тигізгені туралы айтады. Бұл дегеніміз әрине, философия мәңгілік өмір сыйлайды деген соз емес. Бірақ та ол өлімнің табиғи екендігін, өмірдің заңды жалғасы екендігін түсіндіреді. Бұл мәселе туралы Жүсіп Баласағұни де, Абай да келелі ойлар айтқан. Өлімге деген салқынқанды фәлсафалық көзқарас орнықтырып, адамдардың рухын бекітуге, қазаны қасқая қарсы алуға үндеген. Ғұмыры шектеулі (қазақ ұғымында "қамшының сабындай" қысқа) пенденің мәңгілікті армандауы о дүние туралы идеяға алып келді. Ал бұл дүниедегі мәңгілік ғұмыр айналымы, яғни Қарма заңдылығы туралы ілімнің танымдық тамырлары да мәңгілік өмірді армандаумен тікелей байланысты деп білеміз. Философия адамдар үшін мақсат - мұратты  ғұмыр кешуге үндейді. Олардан айырылған пенденің ғұмыры баянсыз болады. Бұл орайда Абайдың "адамның баласы бол", "кемел адам бол" деген өсиеттері терең фәлсафалық ой –толғаудың нәтижесі деп білеміз. Әлемдік тәжірибелік зерттеулердің нәтижесінде адамдардың өзіне-өзі қол жұмсауы (сюицид) көбінесе осы тылсым белгісіздіктің алдындағы туындайтын торығу сезіміне, мақсат - мұраттарының жоғалуына байланысты болатындығы  расталынып отыр. Философия — адамдарға рухани азаттық әпере алатын бірден-бір дүниетаным. Сондықтан да оның қағидаларын ыждағаттылықпен меңгеру артық болмайды. Философияның келесі дүниетанымдық міндеті - әлеуметтік ұстындар, құндылықтар туралы ілімнен көрінеді. Олардың негізгісі - қоғамдық мұрат. Бұл жағдайда философия мен саяси тәртіптің арасындағы байланыс барынша айқын көрінеді. Философия дүниетаным ретінде мәдени тәрбиеге де зор ықпал жасайды. Э.В. Ильенков жастарды мектеп қабырғасынан бастап диалектикалық ойлау мәдениетіне үйрету арқылы олардың дүниетанымын қалыптастырып, өмірге құндылықтар жүйесі арқылы дұрыс көзқарас орнықтыруға жағдай жасау қажеттілігі туралы баса айығады.

...

Скачать:   txt (40.5 Kb)   pdf (138.1 Kb)   docx (21.9 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club