Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Таным және шығармашылық

Автор:   •  Март 5, 2021  •  Реферат  •  2,886 Слов (12 Страниц)  •  5,927 Просмотры

Страница 1 из 12

Таным және шығармашылық.

 Гносеология: философиядағы таным проблемасы

Адам басқа тіршілік иелерінен болмысты таный алу қабілетімен, яғни, заттар әлемін, құбылыстарды, процестерді, өзінің объектілер әлемінен айырмашылығын субъективті формада қабылдай алу қабілетімен ерекшеленеді.

Адамның сыртқы әлемді субъективті тұрғыда танып – білуінің ерекшелікшеліктерін зерттейтін философияның бөлімін гносеология (грек. т. gnosis - таным),  яғни таным теориясы деп атаймыз.

Таным теориясының негізгі қарастыратын мәселелеріне – ақиқат және оны дәлелдеу жолдары, танымдық әрекеттің формаларының көптүрлілігі, таным процесінің құрылымы, таным әдістері жатады. Дәстүрлі таным теориясы шынайылықты танып – білудің нәтижесінде қандай да бір білімге қол жеткізетін формасын зерттейді. Осы көзқарас тұрғысынан алып қарасақ, өнер, өнегелілік және дін таным теориясының  зерттейтін мәселелер шеңберіне кірмейді.

 Таным теориясының орталық мәселелері «білім», «таным» және «сана» ұғымдары.  Бір қарағанда мағыналары жағынан жақын «білім», «таным» және «сана» ұғымдарының арасында өздеріне ғана тән мағыналық ерекшеліктер бар. «Таным» мен «білім» бір – бірінен процесс пен нәтиже ретінде ерекшеленеді; кейде «білім» ұғымы өте кең мағынада қолданылатыны соншалық, оның құрамына алынған нәтижемен қоса, оған жету жолдары да кіріп кетеді. Сондықтан «білім» мен  «таным» ұғымдарының  арасындағы мағыналық ерекшелікті анықтау өте қиын.

Ал «сана» ұғымының мәні сол сөздің өзінде айтылып тұрғандай, өзіңді тану, субъект пен объектіні байланыстырып тұрған ерекше жағдайды тану түсініктерімен тығыз байланысты. Сана - әртүрлі аспектілерден, баспалдақтардан, формалардан тұратын дүниетанымдық құрылым.

 Ақыл – ой тарихында сана мен танымның өзарақатынасы әртүрлі формаларда көрініп отырған. Белгілі бір замандарда сана  таным процесін белсендіруші құрал ретінде түсінілді. Уақыт өте келе  ол танымның басты реттеушісі, кейде алынған білімнің қайнар көзі қызметін атқара отырып, таным процесіндегі басты орынға шықты.

Философия дамуындағы ұзақ ғасырлар бойы таным процесіне деген, танымның мүмкіндіктеріне деген, жалпы танымның нағыз табиғатын ашуға деген ұмтылыстар нәтижесінде бірқатар бағыттар пайда болды. Солардың бірі – гностицизм бағыты. Гностицизмді жақтаушылар  таным мәселесін түсіндіруде материалистік бағытты ұстанды. Олар танымның бүгіні мен болашағына зор сенімм

ен қарады. Әлемді толықтай танып – білуге болады,  адам танымының мүмкіндіктері шексіз. Таным  - бұл өзінің бейнелеуші қасиеті – сана арқылы өзін - өзі тануға ұмтылады.

Гностиктарге қарсы шығып, танымның мүмкіндіктеріне күмәнмен қараған келесі бағыт агностицизм (грек.т. agnostos – танылмайтын, тану мүмкін емес) бағыты болды. Таным табиғатын түсіндіруде идеалистік жолды ұстанған агностиктердің пайымдауынша, адам танымының мүмкіндіктері шектеулі, ол әлемді тұтастай танып – біле алмайды, сондай – ақ, әлемнің біздің танымымыздан жоғары тұруының өзі адам танымының мүмкіндіктерін шектейді. Жалпы «агностицизм» терминін философияға енгізген ағылшын жаратылыстанушысы  Т.Гексли. Ол осы термин арқылы  Құдай болмысы, объективті шынайылық, жанның мәңгілігі сияқты  біз тәжірибе арқылы таный алмайтын «мәндерді» тәжірибелік білімге сүйеніп түсіндіруге ұмтылған ғалым сенімсіздігін білдіру үшін қолданды. Ал марксизм философиясының өкілдері агностицизм ұғымына өзгеріс енгізіп, оны материалды әлемді және оның  адам тәжірибесінен тәуелсіз жақтарын танудың мүмкін еместігін білдіретін ұғым ретінде қарастыра бастады. Агностицизм нағыз, шынайы білім алу мүмкіндігін жоққа шығарушы ілім ретінде   Д.Юмның, И.Канттың, белгілі бір дәрежеде - Дж.Берклидің философияларында көрініс тапты. Дәстүрлі метафизиканы сынау позитивизм бағдарламасының маңызды бөлігіне айналды.

...

Скачать:   txt (42.6 Kb)   pdf (168.6 Kb)   docx (20.6 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club