Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ойлау мәдениеті. Философия пәні, әдістері

Автор:   •  Сентябрь 29, 2021  •  Лекция  •  1,375 Слов (6 Страниц)  •  589 Просмотры

Страница 1 из 6

2-апта.

1-2 дәріс:

ойлау мәдениеті. Философия пәні, әдістері.

Жоспар:

  1. Философия термині және оның айналысқа енуі.
  2. Философия пәні, оның атқаратын қызметі.
  3. Философияның зерттеу объектісі.

Философия (pheleo – сүйемін, Sophia - даналық) – грек тілінен аударылғанда даналықты сүйемін дегенді білдіреді. Философия терминін алғаш қолданған – ежелгі грек ойшылы, математик Пифагор.

 

Пифагор бір күні базарға барып, айналасына бажайлай қарап, бақылап тұрыпты. Бір кезде оның қасына патша келіп:

- Сіз мұнда бірдеңе сатайын деп келіп тұрсыз ба, әлде бірдеңе сатып алайын деп келіп тұрсыз ба?- деп сұрапты. Со кезде Пифагор патшаға:

- Мен ештеңе сатып алайын деп те, ештеңе сатайын деп те келіп тұрған жоқпын, - деп жауап берген екен.

- Онда неге келдіңіз,- деген патшаға, ол:

- Мен философпын,- деп жауап беріпті.

Осыдан кейін философ сөзі айналадағының бәрін бақылап, қарап, ой қорытатын адам деген мағынада тарап кетсе керек.

* * *

Философияның зерттеу объектілері. Философия – қоғамдық сананың маңызды формасы ретінде көрініс беретін, болмыс пен танымның жалпылама заңдылықтары туралы ойлар мен идеялардың жиынтығы. Демек, болмыс пен сана философияның зерттеу объектілері болып табылады.

Өзге ғылымдардың бәрі болмысты, дәлірек айтқанда, оның бір құраушы элементін зерттейді. Мысалы, астрономдар – аспан денелерін, географтар – жер бедерін, ботаниктер - өсімдіктерді, зоологтар – жануарларды, тарихшылар – адамзаттың басынан өткергенін, физиктер – қозғалысты, химиктер – элементтердің қасиеттерін,... зерттейді. Ал философияның болмысты зерттеуінің мәні бұлардан өзгеше. Философия болмысты тұқтастай қарастыра отырып, оның генезисіне үңіледі, қазіргісіне сипаттама береді және бұдан былайғы даму бағыттарын айқындауға тырысады.  

Ал философияның екінші зерттеу объектісі сананы, екінші сөзбен айтқанда, ойлау мен танымды алатын болсақ, ол – адамға ғана тән, әлі қыры мен сыры ашылмаған, тылсым, психикалық үдеріс. Оған екінші бөлімде жеке дәріс арналады.

Кейбір философтар, мысалы, материалистік бағыттағы ойшылдар ойлау мен танмның экономикалық жағдаймен айқындалатынын алға тартады. Бірақ, философтардың бәрі бұл тұрғыны қуаттамайды, адамның сана деңгейі оның рухани даму жағдайымен айқындалады деп есептейді.

* * *

Философия – дүниетаным ядросы. Философия – жеке ғылым саласы емес. Ол, біріншіден, дүниеге жалпылама көзқарас ретінде, екіншіден, нағыздық туралы ойлау әдісі ретінде көрініс береді, танымның логикасы мен теориясы ретінде қызмет етеді. Сондықтан, философия деген не деген сұраққа екі түрлі жауап беріледі. Біріншісі, философия – дүниетаным ядросы.

Дүниетаным – адамның дүниеге қатынасын айқындайтын және оның ұстануын реттейтін, оның көзқарастары мен көкейіне қонатын нанымдарының жиынтығы.

Дүниетаным – даралықтың және қоғамның санасының ядросы. Жеке адамның, әлеуметтік топтың немесе тұтас қоғамның кызметінің бағытын және болмысқа катысын айқындайтын ұстанымдардың, көзқарастардың және нанымдардың жиынтығын дүниетаным дейміз. Ол қоғамдық сананың барлық формаларына тән элементтерден құралады. Дүниетанымның орнығу үдерісінде философиялык, ғылыми, саяси, адамгершілік және эстетикалық көзқарастар үлкен рөл атқарады. Дүниетаным жүйесіне енетін ғылыми білімдер айналаны қоршаған әлеуметтік және табиғи нақты шындықтағы адамның немесе топтың тура практикалық бағдары мақсатына қызмет етеді. Сснымен қоса, ғылым адамдарды жалған сенімдерден құтқара отырып, оның болмысына қатынасын реттейді.

Дүниетанымның қалыптасуында адамгершілік ұстанымдар мен нормалардың да атқаратын рөлі бар. Олар адамдардың өзара қатынастары мен тәртібін реттеуші қызмет атқарады және эстетикалық көзқарастармен қоса айналадағыларға, қызмет формасына, өзінің мақсаттары мен нәтижелеріне қатынасты айқындайды.

 Дүниетанымның үш түрі бар. Олар:

а) аңыздық;

б) діни;

в) философиялық дүниетаным.

Аңыздық дүниетаным. Дәйекті білімдердің, ғылыми философияның болмаған кезінде өмір сүрген алғашқы қауымдық құрылыс адамдарының дүниетанымы түрлі аңыздардың негізінде қалыптасты. Аңыздық дүниетаным адамзат қоғамының пайда болып, дамуының алғашқы кезеңіне тән. Ол кезде қоғам, адам, табиғат туралы түсініктер аңыз арқылы таралды. Олар дүниені әлдебір ерекше күштің (Тәңірдің, Құдайдың) жаратканына, жерді алып көк өгіз (тасбақа, піл. кит) мүйізімен көтеріп тұрғанына, ол бір мүйізі талып, жерді екінші мүйізіне ауыстырғанда жерсілкіну болатынына, Тәңір қаһарланғанда күнді де, айды да жауып тастап, жерде түнек орната алатынына сенді.

...

Скачать:   txt (20.2 Kb)   pdf (116.9 Kb)   docx (14.5 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club