Ежелгі Үндістан философиясы
Автор: Rumichan • Февраль 16, 2023 • Эссе • 482 Слов (2 Страниц) • 231 Просмотры
Көне үнді философиясында діни-мифологиялық және көркемдік-мифологиялық ықпалдың басым болғандығын, оның протофилософиядан бөліне қоймағанын аңғарамыз. Ежелгі үнді философиясы пайымдаушылық пен дәстүрлік ойлануға негізделген. Онда даршан сөзі түрлі мағынада қолданылады. Мысалы, «көру», «көз», «қарау», «кездесу», «қатысу», «болжау», «ену», «көріну», «қабылдау», «тану», «таным», «пікір», «ұмтылу», «көрініс», «белгі», «ілім», «жүйе». Ежелгі үнді философиясының негізгі объектісі, танымдық қабілеті, ақылы, әрекеті, ақылдың ақауы, қайта дүниеге келу, рақат пен ауырсыну сезімі, азаптан арылу.
Үнді жерінде арнайы ілімдер б.д.д. VII-VIғғ. түрлі мифологиялық-философиялык көзкарастар ретінде қалыптасады. Оларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Біріншісі - ортодоксалды мектептерге жатқызады. Ортодоксалды бағыт веда беделін мойындайтын, Миманса (б.д.д. VI ғ.), Санкхья (б.д.д. VI ғ.), Вайшешик (б.д.д. VI-V ғғ), Веданта (б.д.д. IV-II ғғ.), Ньяя (б.д.д. III ғ.), Йога (б.д.д. III ғ.) сияқты ағымдардан құралды. Екінші ортодоксалды емес философиялық бағытқа - веда беделін мойындамайтын -буддизм (б.д.д.VII-VI ғғ), жайнизм (б.д.д.IV ғ.), чарвака-локаята жатады.
Соның ішінде чарвака (локаята) және ньяя философиясына тоқталайық. Үнді философиясында материалистік түсініктер азды-көпті тарады. Солардың бірі – чарвака(материалист) философиясы. Чарвакалар туралы маңызды мәліметтер XIV г. ойшылы Мадхавачарьидің «Сарва-даршана-самграха» («Барлық философтардың жиынтығы») еңбегінде жинақталынып жеткен.
Адамдардың күнделікті өмірдегі түсінігін материализмге жатқызды.Чарвака көзқарасын жақтаушылар, материалдык дүниені тек қабылдау арқылы ғана нақты, дұрыс тануға болады деген сенімде. Қабылдау - танымның ең анық, дәлелді бастауы болып табылады. Қабылдау арқылы жалғасын табатын танымның бастауы прамана деп аталады. Чактардың үйғарымынша, қабылдау - жеке, дара прамана.
Чарвака-локаята ағымы Веданы, құдайдың қай түрі болмасын, тіпті Атман-Брахманды қабылдамады, дегенмен өлімнен кейінгі өмірдің болатынына сенді. Олар
...