Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Гносеологиялық скептицизм

Автор:   •  Октябрь 18, 2023  •  Реферат  •  1,225 Слов (5 Страниц)  •  110 Просмотры

Страница 1 из 5

Мазмұны:

1. Гносеологиялық скептицизм.

 2. Гносеологиялық агностицизм.

3. Гносеологиялық оптимизм.

4. Қортынды.

Гносеологиялық оптимизм,скептицизм және агностицизм Скептицизмнің гносеологиялық стратегия ретінде қазіргі ғылыми және қарапайым Дүниетанымдағы маңызы. Адамзат ғасырлар бойы жердің қалай пайда болғанын,өмірдің қайдан пайда болғанын зерттеп қарастырған. Дегенмен ешбірі де бұл сұраққа анық жауап таба алмаған, тек болжамды түрде ғана жауап берген. Тіпті мықты деген философтардың өзі сенімді толық жауап бере алмаған. Осы сұрақтарға қатысты философияда 3 түрлі ұғым бар. Олар скептицизім,агностицизм, оптимизм.[pic 1]

Ең алдымен бұл терминдердің мағынасын түсіндіре кететін болсам, скептицизм дегеніміз, бір ұғымды қарастыраттын зерттейтін ғылым және сонымен қатар обьективті шындықты дұрыс тану барысындағы философиялық бағыт. Скептицизм бір нәрсеге сыни тұрғыдан,күдікпен қарау, мүмкіндігіне, шындығына күмәндадану жағыдайға күдікпен қарай отырып сенбегіштік таныту. Скептицизм негізінен ғылым саласында, таным процесінде орын алатын ұстаным, сонымен бірге оның белгілі бір арнаулы өмірлік, тұлғалық ұстаным ретінде де маңызы бар. Философия тарихында скептицизмнің туындауында дүниедегі құбылыстардың, ұғымдардың шарттылығы ой-пікірі адамның көңіл- күйіне және қалыптасқан жағдайларға байланысты өзгеріп отыратындығы себеп болды. С.Эмприк скептицизмге керемет мысал келтірген, ол мысалға сіз алтын таптым деп ойлайсыз, бірақ оның алтын не алтын емес екеніне сенімді болмайсыз деген. Сол секілді философтар да ақиқатты тапқысы келеді, бірақ тапқан күннің өзінде де оның шын не шын емес екеніне кепілдік бере алмайды. Қайта өрлеу дәуірінде скептицизм принципі ортағасырлық догматтық ойлау, схоластиканы жоққа шығару бағытында болды. Француз философы Рене Декарт (1596 — 1650) скептицизмді жаңа заман философиясының және ғылымының негізін қалау ісінде шығарм. Тәсіл ретінде пайдаланып, дүниені ойлау арқылы танып білуге болатынын паш еткен әйгілі қағидасын ұсынды: “Ойлаймын, демек өмір сүремін”. Скептицизм көп жағдайда құбылыстарға, болып жатқан процестерге, оқиғаларға сын көзімен, күдіктене қарауды ұсынады. Бірақ күдіктенумен шектелмей, ойлану, іздену, танып білу, түсіну арқылы күдіктерді жеңе біліп, күмәннан арылу үшін ізденіске шақырады. Жаңа құбылыстардың сырын танып білуде тағы да скептицизмге жүгініп, осылайша шындықты іздеу жолы шексіз ізденістен тұрады. Абай “Анау айтса анаған, мынау айтса мынаған” сене беретін, ере беретін, “ақсақал айтты, бай айтты, кім болса, мейлі сол айтты” деп далақтап шаба беретін парықсыз адамдарды сынға алды.

 Агностицизм дегеніміз объективті әлемді, ақиқаттың объективті белгісін мойындауды жоққа шығаратын, оларды жай елес етіп түсіндіру арқылы ғылымның рөлін шектейтін, табиғи, соның ішінде әлеуметтік процесс заңдылығы мен заттың мәнін түсіну мүмкін емес деп есептейтін философиялық ілім. Агностицизм ұғымын XIX ғасыр діни сайыстарда ғылыми көзқарасты айқындаушы ретінде 1869 жылы Т. Гексли енгізген. Агностицизмнің қайнар көздері – скептицизм, Зенонның апориялары. Д.Юм ілімі, И.Канттың антиномиялары агностицизм негізгі көзі болып табылады

Яғни анық айта кететін болсақ дүниенің танылмайтындығы туралы ілім болып табылады. Агностиктерді көбінде атеистермен шатастырып жатады, бірақ агностицизм Құдайды немесе құдайларды жоққа шығару емес, оның бар екендігін танудың мүмкінсіздігін мәлімдейді. Қарап тұрсақ екеуі бір жолдағы ұғым сияқты көрінеді, бірақ бұл екеуі екі бөлек ұғым. Агностиктер дүниені барша ғаламшарды бір тылсым күштің жаратқанына сенеді,бірақ құдай бейнесін елестете алмайды және діндердің құдайдың бар екені анық білу мүмкін емес деп санайды. Агностиктер әлемнің бастауы әлдебір құдай құдіреті екенін жоққа шығармайды, бірақ оны сөзсіз ақиқат деп тануға дайын емес, өйткені оны дәлелдейтін дәйектер агностиктер үшін жеткіліксіз. Агностиктер үшін Құдай деген кім және оның түр-сипаты қандай деген сұрақтың жауабы табылмаған. Қысқаша айтқанда, агностик дегендер Құдай бар және оны танып - білу мүмкін емес деп санайды.

...

Скачать:   txt (17.6 Kb)   pdf (193.1 Kb)   docx (75.6 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club