Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ақиқат және адасу

Автор:   •  Февраль 10, 2023  •  Эссе  •  856 Слов (4 Страниц)  •  631 Просмотры

Страница 1 из 4

Дәутенова Гүлсая 209А.

Ақиқат және адасу.

Ақиқат дегеніміз – бұлтартпас шындық. Мәселен, өлімді алып қарайық. Біз өзімізді ешқашан өлмейтіндей, мәңгі жасайтындай сезінеміз, бірақ соған қарамастан өлім дегеннің бар екендігін іштей түйсінеміз. Өйткені күн сайын бір танысымыз, туысымыз дүниеден өтіп жатады. Яғни, өлмейтін пенде жоқ, сонықтан түптің түбінде ажалдың бізге де келетіні анық. Ақиқат- таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестілігі. Ақиқат- танушы кісінің обьектті дұрыс, діл бейнелеуі, адам санасынан тыс және тәуелсіз күйінде, өмір сүрген қалпында көрсетуі. Ақиқат категориясы білімнің затқа сәйкес келуін ғана емес, танымдық қызмет тәсілін де сипаттайды.  Бұл ақиқатқа жетудің күрделілігі мен қиындығын керсетеді. Адасу- өзінің пәніне сәйкес келмейтін, оған сай емес білім. Адамның ақикатка тырысуы әркашан адасусыз болмайды. Адасудан аулак болу онай емес, кейде киындап кетуі мүмкін. Адасу өзінін мәні жағынан танымның жеке жақтарыньщ нәтижелерін абсолюттендіру ретінде туындайтын нағыздықтың қате бейнеленуі. Әрине, адасу ақиқатқа жетуді қиындатады, бірақ одан кұтылу мүмкін емес. Таным қозғалысынын киындығының да қажетті сәті бар. Ақиқат пен адасу мәселелерін зерттеу ақиқат өлшемі зандылықтарын карастырмайынша, толық бола алмайды. Ақиқат пен адасудың арасын қалай ажыратып алуға болады? "Ақиқат өлшемі" деп, әдетте, бір - қатар эталондарды немесе тексеру амалдарын айтамыз. Ақиқаттың өлшемі бір мезгілде екі шартты қанағаттандыруы керек: ол тексерілетін білімге тәуелді болмауы керек; құптау немесе теріске шығару үшін ол белгілі бір бейнеде біліммен байланысты болуы керек. Ақиқаттың өлшем мәселесі әрқашан таным теориясында орталық межеде болған, өйткені ондай өлшемді табу ақиқатты адасудан бөліп алу амалын табумен парапар.

2. Ақиқаттың объективтілігі - тұлғаның талғамы мен зауқынан, жекелеген коғамдық қозғалыстар менпартиялардың корпоративтік мүдделерінен, жалпыадамның санасынан тәуелсіздігін айғақтайтын оныңбірінші, бастапқы белгісі. Ақиқатқа қол жеткізу субъекті мен объектінің өзара кайшылықтыәректтесуінен жүзеге асырылады.Акиқатты біртіндеп дәлдеу және тереңдету үдерісін белгілеу және сипаттау, оның объективті мазмүнынтолыктыру үшін абсолютті ақиқат, салыстырмалы акикат үғымдары енгізілген. *Абсолютті ақиқат деп өзінің мазмүны бойынша бейнеленіп отырған объектісіне абсолютті сәйкес келетін білімді айтамыз. Мұндайда білімнің денгейі абсолютті, демек, толық, дәл, ақырына дейін. Абсолютті ақикат деп ешқашан күмән келтіруге болмайтын айғақты акикатты айтуға болады ("Абай Құнанбайұлы 1845 -1904 жылдар аралығында өмір сүрген"). *Салыстырмалы ақиқат деп өзінің барлык объективті мазмұнымен аякталмағандығы, толык емес екендігі көрінетін, ертелікеш бұдан әрі дәлдеуді кажет ететін білімдерді айтамыз. Былайша айтканда, салыстырмалы акикат нағыздыққа жақын, оған едәуір сәйкес келетін, бірак толык емес акиқат. Салыстырмалы акиқатта адамзаттың жиынтық білімінің тұрақты өсу үдерісін камтамасыз ететін, бұлжымайтын білімдердің элементтері жоқ десек, кателескен болар едік. Исаак Ньютоннын классикалык механикасы танымның одан әрі даму барысында колданылудың шектеулі аясында ғана ақиқат, демек, салыстырмалы екендігі белгілі болды. *Ақиқат әрқашан

накты. Бұл кез келген ақиқаттың өзінің мазмұнымен және қолданылуымен, таным мейлінше дәл есептеуді қажет ететін белгілі жағдайлармен, уақытпен, өзге де арнайы ахуалмен айқындалатынын керсетеді. Абсолюттік және салыстырмалы ақиқаттардың өзара байланыстырынан, нақты ахуалды ескеріп отыруды талап ететін ақиқаттың нақтылығы туындайды.

3. Танымның (ойлаудың) екі формасы:

А) сезімдік, түйсіктік таным, немесе эмпирикалық деңгей;

Б) рационалдық, логикалық таным, немесе теориялық деңгей.

1.Танымның сезімдік формасы.

...

Скачать:   txt (12.2 Kb)   pdf (110.2 Kb)   docx (11.1 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club