Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Аналитикалық философия

Автор:   •  Декабрь 11, 2022  •  Эссе  •  532 Слов (3 Страниц)  •  548 Просмотры

Страница 1 из 3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ

ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН

УНИВЕРСИТЕТІ

[pic 1]

Эссе

Тақырыбы: Аналитикалық  философия

Орындаған: Зұлқайнар С.

Тобы: МХТ-22-3НК

Қабылдаған: Спанов М.

Шымкент 2022ж

Аналитикалық философия

Аналитикалық философия — Батыс философиясында 20 ғ-да пайда болтан бағыт. Негізінен, ағылшын тілдес елдерде таралған (Ұлыбритания, АҚШ, Австралия және т.б.). Ол зерттеулердің логик.-матем. тәсілдері қарқынды дамып, 19 ғ-дың соңында ғылымда кеңінен таралуы нәтижесінде қалыптасты. Аналитикалық философия. термині неопозитивизм мағынасында да жиі қолданылады. Аналитикалық философия шеңберінде екі тарихи форма ажыратылады: логикалық эмпиризм (атомизм) және лингвистикалық философия.

Аналитикалық философияның негізін салған ағылшын философы әрі математигі Б. Рассел (1872 — 1970). Расселдің аналитикалық тәсілі лингвист. талдаумен ажырамас байланыста болды және даулы немесе түсініксіздеу пікірді айқын және ақиқат пікірге әкеліп саятын әрекет болып табылды. Оның идеяларына жақын идеяларды ерте шығармашылық кезеңінде Л. Витгенштейн мен 1922 құрылған Вена үйірмесінің өкілдері (М. Шлик, Р. Карнап және т.б.) де айтты. “Атомарлық фактілерді” негіздеудегі сәтсіздіктер Аналитикалық философияны логик. мәнінен бөлектеп, таза лингвист. талдауға айналуына (трансформациялануына) әкеп соқтырды. Аналитикалық философияның бұл өкілдері ақиқат ұғымынан бас тартып, конвенционалшылдар — білімдегі қызмет етуші деректердің шарттылығы мен салыстырмалылығын жақтаушылар қатарына өтті.

Аналитикалық философия өкілдері тілдегі күңгірт ұғымдар тізбегіне талдау жасап, астыртын логикалық құрылымдарды аршуды дәріптеді. Өйткені, логикалық құрылымға мән бермеу тілдің беткі қабатына шектелуден туатын түрлі адасушылдықтарды туғызады. Бұл түрдегі логикалық анализ әдіснамасы арқылы аналитикалық философтар философияның негізгі мәселесін шештік, егер шешілмеген мәселе болса, оның бәрін тілдің беткі қабатындағы алдамшылықтар туғызған деп есептеді. Олардың ойынша, мәселе не теріс қойылған «жалған мәселе» болуы, не белгілі бір тілдік формаларды қолдануға байланысты болуы, не философияға қатысы жоқ болуы мүмкін, немесе жеке ғылыми жолмен шешілуі мүмкін.Аналитикалық философия өкілдерінің арасындағы теориялық айырмашылықтарға байланысты оны анықтайтын абсолютті сипаттамаларды орнату мүмкін емес.

...

Скачать:   txt (8.4 Kb)   pdf (87.5 Kb)   docx (17.5 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club