Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Абай дүниетанымдағы адам және қудай мәселесі

Автор:   •  Февраль 19, 2022  •  Реферат  •  4,112 Слов (17 Страниц)  •  3,329 Просмотры

Страница 1 из 17

                                     №1 тапсырма.

                                          Реферат

Абай дүниетанымдағы Құдай және адам мәселесі бойынша реферат дайындау

 Абай шығармашылығы дін адам қатынасы бойынша сыртқы зат ретінде болмайтынын куәландырады, сол себептен ол оның рухани әлемінің ішкі құрылысы болып қалады. Ол әрқашан жалпы қабылданған діни көзқарастарға, шіркеу уағыздарына сенімсіздікпен қарады, оның ішкі өмірінде дін қызметшісі оқытқан иманға деген күдігі болды және қарапайым адамның мүдделерінен өте алыс деп санады. Абай өзінің бүкіл ғұмырында шариғат дінінің түсінігі негізінде иманды таянбай қорғады.  

    Абай  Аллаға сену мен оны тану бір ұғым деп қарамайды. Сенім  діни қағида, таным  гносеологиялық ұғым. Алғашқысы діни идеологияға негіз болса, соңғысы діни философияның категориясы. Бірақ Аллаға сену және оны тану мәселелері діни сана ауқымындағы ұғымдар. Сондықтан осы проблемалармен айналысқан, пікір айтқан адамдарды біз бүгінгі күні діни ойшылдар деп жүрміз. Олай болса, Абай да діни ойшыл (философ). Абай  Алланы танушы ойшыл. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз ешуақытта жалған болмас»,— деп Абай мәселені діни сана ауқымында қарастырып, бірақ Алланың растығына айрықша көңіл бөлген. Рас деген  заттың құбылыстық мәнін әрі сапалық мөлшерін білдіре алатын өлшем. Заттың рас болуы да, болмауы да мүмкін. Алғашқыда рас болып айқындалған зат келекеле рас емеске айналуы ықтимал. Бірақ рас заттың рас емеске өтуі де ықтимал. Демек, растың бірақ мәні бар, ол  оның растығы. Бұл  «рас» ұғымының бір қыры. «Растың» екінші қырына келсек, онда оның растығын тану мәселесіне тірелеміз. Растың растығын тани алмасақ, ол жөнінде не айтуға болады? Онда Алланың барлығына сенуден басқа амал жоқ. Бірақ Абай Алланы рас дегенде, оны ақиқат деп отырған жоқ, танылатын мүмкіндік болмыс ретінде қарастырған. Абай өлеңінің екі жолында «расты» үш рет қолдануы тегін емес. Ол өлеңді қабылдаушының ойына өріс бергендік. Ақылың бар, сана сезімің бар, ойлан, түйсін. Алладан өзге қандай растық бар? Абай расқа үшінші жағынан келген. Ол  оның тарихи мәнділігі. «Алланың өзі де рас» осылай өткен тарихта да болған, қазір де солай, болашақта да солай бола бермек. Рас  бұл мәнінде мәңгіліктің өлшемі. Алла рас демек, ол мәңгілік шындық, оның растығы мәңгілігінде. Растың төртінші қыры. Рас мәңгіліктің өлшемі дедік, бірақ болмыста өткінші жайлар да бар емес пе? Олардың барлығы да рас деме, «рас» дегенде, біз мәңгілігін мойындай отырып, сонымен бірге оның өткіншілігін мойындамасқа болмайды. Сонда бүгінгі «рас» болған нәрсе ертең «рас» емеске айналуы мүмкін бе? Жоқ, «рас» емеске айналатын нағыз растың өзі емес, ол  адамдардың «рас» пен «рас еместі» ажырата алмағандықтарынан туған, жалған нәрсені «рас» деп қателесулері. Рас, әманда рас. Сондықтан Алланың ешқашан жалған (рас емес) болуы мүмкін емес. Абай өз замандастарын да, кейінгі ұрпақ  біздерді де Алла туралы сәлпәл жеңіл әңгімеден аулақ болуға шақырған. «Алла деген сөз жеңіл, Аллаға ауыз жол емес» дейтіні сондықтан. Абай ұғымында ол  «ақылға сыймас шындық», сондықтан ол Алла мен адам арасындағы жалғастырушы күш  махаббат деген тоқтамға келген. Дененің барша қуаты, Өнерге салар бар күшін. Жүректің ақыл суаты Махаббат қылса, Тәңірі үшін. Алланың растығын Абай махаббат арқылы дәлелдемек болған, оның «махаббатсыз – дүние дос» дейтіні де сондықтан, яғни махаббатсыз адамның Алламен ісі жоқ, ол дүние байлықпен ғана дос. Сонымен, жалған болмайтын рас не дегенде, Абай ол  Алланың өзі және сөзі дейді. Бұл мәнінде «рас»  болмыстың синонимі. Әлемдегі рас, ол  болмыс. Болмыс ешуақытта жалған болмақ емес. Абай дүниетанымында Алла  шындық. Демек, шындық рас болса, Алла да рас. Шындық дегеніміз, қарапайым тілмен айтсақ, өмір, яғни өмірде бар екеніміз, істеген ісіміз, сөйлеген сөзіміз. Ол рас болса, онда Алланың сөзі де рас, өзі де рас. Қысқасы, шындықты мойындау  Алланы мойындау. Бұл  Абай (гуманизмінің) көзі. Алла ісіне мойын ұсынып, мұсылман болудың Абай айтқан шарты  адамға адамшылықпен қарау. Алла ішімді айтқызбай біледі ойла, Бендесіне қастықпен кінә қойма. Распен таласпа, мүмин болсаң, Ойла, айттым, адамдық атын жойма! Үшінші жолдағы «Распенен таласпа…» деп отырғаны  ақынның Алла сөзіне күмәнданба дегені, себебі Алла жолына түссең, адам атыңды жоймайсың. Алла жолында болсаң, адамдықты жоймайсың.

...

Скачать:   txt (52.7 Kb)   pdf (182.1 Kb)   docx (24.8 Kb)  
Продолжить читать еще 16 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club