Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қоғам туралы ғылыми көзқарастар. Әлем елдері мысалында әлеуметтік құрылым мен әлеуметтік институттар, әлеуметтік топтар мен әлеуметтік қ

Автор:   •  Октябрь 9, 2020  •  Реферат  •  1,033 Слов (5 Страниц)  •  604 Просмотры

Страница 1 из 5

                                                           

[pic 1]

                     әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Заң факультеті

1-курс

Әлеуметтану пәні

СӨЖ

Тақырыбы: Қоғам туралы ғылыми көзқарастар. Әлем елдері мысалында әлеуметтік құрылым мен әлеуметтік институттар, әлеуметтік топтар мен әлеуметтік қауымдастықтар.

Тобы-103

                                                            Орындаған: Таңсықбай О.Қ

Тексерген: Мамытканов Д.К

                                           

                                         

Алматы 2020

                      Жоспар:

1.Кіріспе

2.Негізгі бөлім

  • Қоғамның тусінігі
  • Әлеуметтік құрылым,институт,топ,қауымдастыққа сипаттама

3.Қорытынды

4.Қолданылған әдебиеттер

      Қоғам – жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік.  Бұл - әлемнің барлық халықтарының жиынтығы жөніндегі ұғым. Қоғам туралы түсінікті нақтылай түссек, қоғам деп - бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығын және олардың арасындағы екі жақты қатынасты айтамыз. Біріншісі, қоғам - адамның өмір сүру тәсілі. Қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ. Екіншіден, қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол сол жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді. Адамдар қоғамда белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа жатады. Әлеуметтік топтардың, таптардың, ұлттардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени өмірдегі көп салалы байланыстары мен іс-әрекеті қоғамдық қатынас деп аталады. Қоғам деген сөздің мағынасы кең: алғашқы қауымдық қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік қоғам, француз қоғамы, демократиялық қоғам және т.б. Бұл арада алдымен белгілі бір қауымның немесе жеке бір елдің тарихи даму кезеңдері еске түседі. Ал осы сөзді жалпы мағынада алсақ, онда бүкіл адамзат тарихы және оның болашағы туралы ойлаймыз. Бұл - әлемнің барлық халықтарының жиынтығы жөніндегі ұғым. Басқа сөзбен айтсақ, адамдардың өзара қатынас тәсілі және бірігу формаларынан түратын, табиғаттан ерекшеленген дүниенің бір бөлігі. Жеке адам қоғамға ұжым арқылы енеді. Ол сонымен қатар бірнеше ұжымдардың мүшесі болады (партия, кәсіподак,, т.б.). Демек, қоғам - ұжымдардың ұжымы, бірлігі болып көрінеді.

[pic 2]

Жалпы сипаттама.

        Әлеуметтік құрылым дегеніміз- әлеуметтік топтардың, страталардың, таптардың ж/е әлеуметтік институттардың жиынтығы, олардың байланыстары, ара-қатынастары. Әлеуметтік құрылымның басты негізгі элементтері - әлеуметтік топтар, страталар, таптар. Әлеуметтік құрылымға кіретін үлкен топ - ол тап.Тап дегеніміз: әлеуметтік топтар, страталар. Олардың басты белгілері: кіріс, табыс, мамандық, билік, білім деңгейі т.б.

Әлеуметтік институт деп көбінесе адамдардың бірлескен қызметінің тарихи қалыптасқан орнықты нысандарын айтады. Институттардың негізігі мақсаты - жеке адамдардың, топтардың және жалпы қоғамның іргелі қажеттіліктерін қанағаттандыру.Латын тілінен іnstіtutum - орнату, жайластыруу деп айтылады. " Институция ” термині орнату, қоғамда қалыптасқан әдет-ғұрып, тәртіп дегенді білдіреді. "Институт” ұғымы әдет-ғұрыптар мен тәртіптердің заң немесе мекеме түрінде бекітілуін білдіреді. Әлеуметтік институт әлеуметтік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін қоғамдық байланыстар мен қатынастардың кез келген тәртіптелуі, ресмиленуі дегенді білдіреді. Ағылшын социологі Г.Спенсер "әлеуметтік институт” терминін алғаш ұсынған адам. Кез келген мекеме (әлеуметтік институт) әлеуметтік әрекеттердің орнықты құрылымы ретінде қалыптасады. Ол институттар қоғам өмірін реттеу мен жайластыру және адамдардың мінез-құлқына ықпал ету ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өткен. Ол әлеуметтік институттардың алты түрін сипаттап, талдаған: өнеркәсіптік, кәсіподақтық, саяси, әдет-ғұрыптық, шіркеулік, үй.

...

Скачать:   txt (11.8 Kb)   pdf (261.6 Kb)   docx (84.3 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club