Әлументтану: ғылымға кіріспе және басты ұғымдарды тұжырымдаy
Автор: Nurdauleet03 • Сентябрь 18, 2021 • Реферат • 477 Слов (2 Страниц) • 751 Просмотры
Семинар 1
Әлументтану:
ғылымға кіріспе және басты ұғымдарды тұжырымдаy
1.Индивид және қоғам
Адам деген - адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.
«Индивид» адам тегінің нақты өкілі, жеке адам.
Индивидуалдық- бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы.
Тұлғаның мәнін дұрыс түсіну үшін бұл ұғымды оған маңызы жағынан жақын «адам» және «индивид» ұғымдарынан ажырата білу керек. «Адам» ұғымы адам баласына тән жалпы белгілерді білдіретін тектік ұғым болып табылады. Адам биоәлеуметтік жаратылыс болғандықтан, бұл ұғымға оның жалпы әлеуметтік, сондай-ақ биологиялық белгілері де кіреді, өйткені оның әлеуметтік мәнінің тасымалдауышы тірі адам ағзасы болып табылады.
Индивид жеке, нақты адам, оған Homo Sapiens-тің тектік белгілерімен қатар жекеше белгілер де тән. Бұл оның табиғи тума қабілеттеріне, психикалық қасиеттеріне (жады, қиялы, темпераменті, мінезі) және оның ойлау (көқарастары, пайымдаулары, пікірлері) ерекшеліктеріне, қажеттіктері мен сұраныстарына қатысты. Жекедаралық – бұл индивидті басқалардан ерекшелендіретін қасиеттер мен қабілеттердің жиынтығы ретінде анықталуы мүмкін.
Енді тұлға туралы әңгімелейік. Әрбір заманауи, ересек, психикалық жағынан қалыпты адам тұлға бола ала ма? Бола алмайтыны түсінікті. Кез келген әлеуметтік жағдайлардағы істің мәні де осындай. Тұлға — бұл нақты қоғамдық тарихи қатынастардың жай ғана тасымалдаушысы емес, оларға өзінің жеке-дара қабілеттерімен және бейімділіктерімен, саналылығымен және ұйымшылдығымен, еңбектік және саяси-қоғамдық белсенділігімен елеулі ықпал ететін адам.
Тұлға бірқатар гуманитарлық ғылымдардың, бәрінен бұрын философияның, психология мен әлеуметтанудың зерделеу объектісі болып табылады.
Философия тұлғаны іс-әреткеттің, таным мен шығармашылықтың субъектісі ретіндегі дүниедегі орны тұрғысынан қарастырады. Психология тұлғаны психикалық үдерістер, қасиеттер мен қатынастар: темперамент, мінез, қабілеттер, еріктік қасиеттерінің және т.б. біртұтастығы ретінде зерделейді.
Әлеуметтану болса тұлғадан әлеуметтік-типтік нәрсені бөліп көрсетеді. Тұлғаның әлеуметтанулық теориясының негізгі проблематикасы тұлғаның қызмет етуі және оның қажеттіліктерінің дамуының үдерісімен, тұлға мен қоғамның, тұлға мен топтың заңды байланысын, тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқын реттеу мен өздігінен реттелуін зерттеумен байланысты.
...