Әлеуметтік қозғалыстарға теориялық көзқарастар
Автор: adekaa3 • Январь 24, 2021 • Реферат • 423 Слов (2 Страниц) • 944 Просмотры
Әлеуметтік қозғалыстың пайда болуын түсіндіретін үш негізгі теория бар: салыстырмалы депривация теориясы, ресурстарды жұмылдыру теориясы және саяси процестер теориясы. Үш теория да әлеуметтік қозғалыстар теңсіздіктен, қоғамның ыдырауынан пайда болады. Бірақ олар әлеуметтік қозғалыстың әдістерін, пайда болу себептерін және маңыздылығын әртүрлі пайымдайды. Бұл айырмашылықтар «Ұғымдардың қорытындысы: әлеуметтік қозғалыс жайлы теориялар».
Қурылымдық-функциялық теория: Салыстырмалы депривация
Кедейлік пен әділетсіздік - жан-жақты құбылыстар. Бұлардың әлеуметтік қозғалысының болуына не себеп? Салыстырмалы депривация теориясына сәйкес, біз қолдағы барымыздан көбірек нәрсеге ие болуымыз керек деп санаған. Әсіресе ол әділетсіз әрекеттердің нәтижесінде болды деген ойға келіп, қоғамдық қозғалыс туындайды. Біздің не күтетініміз басқалармен салыстыру арқылы немесе өткенмен салыстыру арқылы анықталады. Өйткені теория абсолютті депривацияға ғана емес, басқа жағдайларға немесе уақытқа байланысты айырылғандарды қарастырады, сол себепті де бүл теория салыстырмалы депривация деп аталады. Салыстырмалы депривация теориясының негізгі екі сыни көзқарасы бар. Біріншіден, эмпирикалық дәлелдер абсолютті немесе басқаларға қарағанда салыстырмалы депривацияға ұшырағандардың әлеуметтік қозғалыстарға қатысатыны анық деген болжамдарды растамайды. Шын мәнінде, әлеуметтік қозғалысқа қатысушылар өз тобының ең үздіктері болады. Екіншіден, теория салыстырмалы депривацияның әлеуметтік қозғалыс туғызатын жағдайларын анықтай алмайды.
Конфликт теориясы: Ресурстарды жумылдыру
Құрылымдық функцияшылдар қоғам үйлесімді қызмет етеді деп түжырымдаса, конфликтология теорияшылары депривация қақтығыстардың, бәсекенің және осылардың салдары ретінде кең таралады деп қарайды. Егер әлеуметтік қозғалыстарға депривация ғана түрткі болса, онда өмірде қозғалыстар үздіксіз жүріп жатар еді. Дегенмен әлеуметтік
...