Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Халық, урбанизация және қоғамдық қозғалыстар

Автор:   •  Ноябрь 20, 2022  •  Лекция  •  1,197 Слов (5 Страниц)  •  545 Просмотры

Страница 1 из 5

14 тақырып  Халық, урбанизация және қоғамдық қозғалыстар

Дәріс мақсаты: 2 сағат дәріс сабағы арқылы студенттерде жаһандық урбанизация, миграция және қоғамдық қозғалыстар туралы түсінік қалыптасады.

Жоспары:

1. Халықтың қоныстануы.

2. Урбанизация.

3. Қоғамдық қозғалыстар.

4. Қазақстан Республикасында халықтың қайта жандану үлгісін айқындау  

Кілт сөздер: дәстүрлі қоғам, индустриалды қоғам, постиндустриалды қоғам, географиялық материализм теориясы, демографиялық теория, материалдық игілік, координация, қоғамдық қозғалыстар.

1. Халықтың қоныстануы.

Демографиялық процестердің өзгерісі елдегі көші-қон саясатын анықтайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Қазақстанның өңірлеріндегі демографиялық ахуал біркелкі емес және бұдан былай халықтың табиғи өсіп-өнуі мен халықтың көші-қонының қалыптасқан үрдістерінің әсерімен дамитын болады. Қалыптасқан демографиялық трендтер ішкі және сыртқы көші-оны процестерінің бағыттары мен ағыстарына маңызды әсер етеді және жоспарлы дамуына сәйкес басқарылатын түзетуді қажет етеді.

Қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуындағы болып жатқан өзгерістер, елдегі көші-қон және демографиялық процесстердің трансформациясына әсерін тигізуде. Бұл демографиялық және көші-қон саясатын әрі қарай жетілдіруді талап етеді. Осы саладағы жағдайды белгілеумен ғана шектелмей, болашақ үрдістердің де ғылыми нақты болжамы қажет.        

Халықтың санының болжамы жалпы елді еңбекпен қамтамамсыз ету және еңбекті пайдалану әлеуметтік-экономикалық процесін басқару үшін аса маңызды. Халықтың демографиялық сипаттамалары, халықтың білім деңгейі, өмірлік іс-әрекеттің әлеуметтік-экономикалық шарттарын дамыту динамикасының нәтижесінде халық және еңбек ресурстарының сандық және сапалық көрсеткіштері өзгерістерінің ұзақ мерзімді үрдістері анықталады. Болжамдық есептеулер халық санының күтілетін өзгерістерін анықтауға, елде қалыптасып жатқан демографиялық жағдайларды бағалауға, еңбек ресурстары санын анықтауға, халықтың ұдайы өндірісі процесіне басқа әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсерін бақылауға мүмкіндік береді.

Халық және әлеуметтік мәселелер. Әлемдегі халық санының өсімін  саралау бұның әрі жақсы, әрі тиімсіз жақтары бар. Жақсысы сол – дүниенің түкпір түкпіріндегі әр әйелге шаққанда орташа туу көрсеткіші азайды. Бірақ соның өзінде дүниежүзінде халық саны келесі 50 жылда айтарлықтай арта түспек. Тиімсіз жағы сол. Бұл болжамға бүгінгі адамдардың жас ерекшелігі себеп болып отыр. Болашақ аналардың келесі буыны дүниеге келе бастады. Сондық тан алдағы уақытта әлемде 8-9 млрд адам өмір сүреді деген есеппен жоспар құру керек.

Урбандалу (Урбанизация) (лат. urbs - қала, urbanus - қалалық) – еңбек бөлінісінің қоғамдық және аумақтық тұрғыдан тарихи қалыптасуынан пайда болып, әлемнің әртүрлі елдері мен өңірлерінің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес дамитын әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, географиялық секілді көп жақты қырлары бар күрделі құбылыс. Көне латын тіліндегі мағынасы "қалалық" деген ұғымды білдіреді. Яғни, ең қысқаша айтар болсақ, урбанизация, бұл – қала тіршілігі мен тұрмысы және мәдениетінің үстемдікке ие болуы.

        Демографиялық ауысу  - туу және өлім көрсеткіштерінің ұзақ уақыт бойы жоғары болып, кейін төмен деңгейге ауысуы. Батыста тамақтану, өмір сүру деңгейі, халыққа санитарлық көмектің жақсаруы, заманауи медицинаның қолжетімділігі арқасында өлім-жітім азайды. Кейінірек индустриализацияға байланысты әлеуметтік құрылымдағы өзгерістер салдарынан туу көрсеткіші төмендеді. Дамушы елдерде өлім деңгейі тез төмендесе, туу көрсеткіштері өте баяу түсіп келеді.

        Әлеуметтік құрылым, туу және өлім коэффициенті өзара байланысты. Біреуіндегі өзгеріс басқасына әсер етеді. Бала туу көрсеткіші жоғары болуының бір себебі – әйел мәртебесінің төмен болуы. Туу көрсеткіштері қоғамдағы бала туудың артықшылықтары мен кемшіліктеріне тікелей байланысты. Гана елі сияқты дәстүрлі қоғамдарда көптеген әлеуметтік құрылымдар (экономика және әйелдің рөлі) көп бала тууды қолдайды. Италия және АҚШ сияқты заманауи қоғамдарда әлеуметтік құрылымдар бала тәрбиесіне кететін шығындарды ата-аналарға жүктейді.

...

Скачать:   txt (17.1 Kb)   pdf (113.6 Kb)   docx (13.1 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club