:Халық, урбанизация және қоғамдық қозғалыстар
Автор: sabyr_asylay • Июнь 23, 2020 • Реферат • 1,422 Слов (6 Страниц) • 6,936 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
Пәні: Әлеуметтану
Тақырыбы: Халық, урбанизация және қоғамдық қозғалыстар
Орындаған: I курс студенті
Факультет: Экономика
Сабыр Асылай
Тексерген: Хамитова М. А.
Алматы, 2020
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
- Урбанизация үрдісі
- Қазақстан халқының қалалануы
- Ауылға немесе қалаға алып келер оң және теріс жақтары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Урбанизация – қала тұрғынының өсіп кетуі өмірінің кең таралуы және қала мәдениетінің дамып өсуі бұл тарихи процесс деп қарастырады. Біздің эрамызға дейін бірінші қалалар болған. Сонымен қатар Вавилон, Ниневия, Патна, Сиянь, Мемфис қалаларында тұрғандар саны 100 мыңдаған адам болған, және де жақсы дамыған қалалар актикалық және эленизм дәуірінде Рим, Афина, Карфаген, Александрия пайда болды. Еуропада қала өмірі құлағаннан кейін орта ғасырда қайта жаңғырды. Қайта өрлеу дәуірінде Еуропада, Париж, Неопаль, Лондон, Венеция, Антверлен, Милан, Брюге ал Шығыста Пекин, Кить секілді қалалар пайда болды. Кейінгі дәуірде Капиталистік даму барысында Еуропада және Солтүстік Америкада қалалар көбейді.
Урбанизция термині XIX ғасырдың екінші жартысында пайда болды. XIX ғасырда әлемдік урбанизация төмен дәрежеде болды, кейінірек урбанизация тез жылдамдықпен өсіп кетті.
Урбанизация үрдісі
Урбанизация (лат. urbs – қала, urbanus – қалалық) – еңбек бөлінісінің коғамдық және аумақтық тұрғыдан тарихи қалыптасуынан пайда болып, әлемнің әртүрлі елдері мен өңірлерінің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес дамитын әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, географиялық секілді көп жақты қырлары бар күрделі құбылыс. Көне латын тіліндегі мағынасы «қалалық» деген ұғымды білдіреді. Яғни, ең қысқаша айтар болсақ, урбанизация, бұл – қала тіршілігі ен тұрмысы және мәдениетінің үстемдікке ие болуы.
«Урбанизация» ұғымының «урбанизалиялау» ұғымынан ажыратып қарау керек. Біріншісі процесті білдіреді, екіншісі – процесс барысында қол жеткен көрсеткіш деңгейі. Урбанизацияның негізгі көрсеткіші – елдегі қалалық тұрғындардың үлес салмағының арту қарқыны.
Урбанизация – қалалану, әлем елдері дамуының бір белгісі ретінде танылған маңызды көрсеткіш. 2018 жылы әлемдегі қала тұрғындарының саны 4,2 млрд-қа жетіп, 55%-ды көрсеткен.
Қазір жан саны 10 млн-нан асатын қаланың саны – 38. Олар:
[pic 1]
Тығыздығы ең жоғарғы қала ––Мумбай, (26400 адам/км²). Ал Астанада – 1300 адам/км², Алматыда – 2636 адам/км², Шымкентте – 865 адам/км². (2019 жылы 1 ақпандағы есеп бойынша)
Қазақстан халқының қалалануы
2019 жылы 1 ақпанда Қазақстандағы қала тұрғындарының саны 58,1%-ға жетіп, 2009 жылмен салыстырғанда 4,9%-ға өскен. Сонымен бірге үш миллионер қала пайда болды: Алматы (1 856 480 адам), Астана (1 080 298 адам), Шымкент (1 011 538 адам).
Қазіргі таңда ауылдық тұрғындардың шамадан тыс қалалық мекенге көшу себебі нарықтық қоғамның қақтығысына байланысты әртүрлі мәселелерге алып келіп отыр. Яғни бұл тұрғындардың әлеуметтік экономикалық жағдайының біршама салыстырмалы деңгейін көрсетеді.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы -2050 Бір мақсат, Бір мүдде, Бір болашақ» атты халқына жолдауында Қазақстан халқының урбанизация деңгейін жаһандық үрдісіне орай қалалық тұрғындар үлесі барлық халықтың қазіргі 55%-нан 70%-дай деңгейге дейін өсетінің көрсетті. Қазақстанның қалалары мен елді мекендерін сапалы жолдар мен көліктің барлық түрінің жүрдек бағыттары байланыстыратын болады. Озық және бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін құру аяқталады. Қазақстан әлемде адамдар үшін қауіпсіз және тұруға жайлы елдің біріне айналуға тиіс – деп насихаттаған болатын.
...