Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әлеуметтік эволюция және ыдырау

Автор:   •  Октябрь 16, 2018  •  Реферат  •  2,085 Слов (9 Страниц)  •  2,301 Просмотры

Страница 1 из 9

                         

                     

     

                    «Әлеуметтік эволюция және ыдырау»  

                Баяндама

Институттар қоғамға ерекше сипат береді. Кейбір қоғамдарда шіркеу, басқаларында отбасы немесе экономика басым институт болып табылады. Қандай жатдай болмасын, қоғамның қалай жүмыс істейтінін түсінуден бұрын оның институттық негізін танып алуымыз керек. Институттардың бұлайша ұлғаюына не себеп болды? Бұған қозгау салған басты оқиға экономикалық өзгерістер сияқты. Технологиядағы, физикалық ортадағы, ресурстарға қол жеткізудегі және әлеуметтік тәртіптегі өзгерістер экономиканы қарқынды дамытады, сөйтіп, институттар да кеңейе түседі (Diamond 1997). Бұл тарауда біз инсгитуттардың өндірістегі төрт революциямен бірге жүрген эволюциясына шолу жасаймыз.

 Аңшылық терімшілік қоғамдар Аңшылық-терімшілік қоғамдар - жабайы аңдарды аулап, жеуге жарамды жемістерді, көкөністер мен дәндерді т.с.с. теріп жеп қана тамақ табатын қотамдар (Lee & Daly, 2005). Бұл қоғамдар қарын тойдыру экономикасына негізделген, яғни адамдар өздері жей алатын тағамнан артық азық таппаған әрі оны сақтамаған. Анда-санда аң-құс аулап, жеміс мол шығып тұрғанымен олар көбінесе жоқшылықта, ашқұрсақ ғұмыр кешкен. Аңшылық-терімшілік қоғамда әлеуметтік үйымдасудың негізгі формасы туыстыққа негізделген отбасылық және жергілікті топтар болтан. Аңшылық-терімшілік қоғамдардың көбі осы формада үйымдасқан. Бұлардагы адам саны 50 кісіден аспаган және олар көшпелі я жартылай көшпелі гұмыр кешкен. Үнемі көшіп-қонып жүретіндіктен догам мүшелерінің жекеменшігінде аз-маз заттан басқа мүлкі болмаган. Еңбек бөлінісі жасына және жынысына қарай өте қарапайым негізде қалыптасқан (Lee & Daly, 1999). Ер жеткен үлдар мен ерлер (қарттардан басқа) аң аулап, теңіз тереңінен балық ауласа, бойжеткен қыздар мен әйелдер жеміс-жидек теріп, жагалауда балық аулауга және оларды сақтауға қатысқан. Қарын тойдыру экономикасында жас пен жыныс негізіндегі мәртебе теңсіздігінен басқа аз-маз құрылымдық теңсіздік те кездескен. Ton мүшелерінің азгантай байлыгы болтан, анда-санда кездесетін артықшылықтар мүрагерлікпен кейінгі ұрпаққа берілген.  Шын мәнінде, қарын тойдыру экономикасының ең басты ерекшелігі - бұл қоғам мүшелерінің жас және жыныс ерекшеліктерінен басқа айырмашылықтары болмаған. Адамзаттың барлық қоғамдары аңшылық-терімшілік қоғамдар ретінде пайда болды, бірақ бүгінгі уақытта мұндай қоғамдар аз. Мұндай адамдар Аустралияның Үлкен Виктория шөлі, Амазон ормандары сияқты жерлерде кездеседі. Бұлардың аман қалған себебі - осы тұмса табиғаттың барлық ресурстарын пайдалану жолдарын ғасырлар бойы меңгерген, оның үстіне адам аяғы жетпейтін жерлерді басып алуға сырттағылардың да онша ықыласы болмаған.

 Бағбаншылық қоғамдар Бүкіл әлемде аңшылық-терімшілік қоғам сатысынан жоғары көтерілу процесі ауыл шаруашылығын дамытудан басталды. Ауыл шаруашылығындағы «бірінші революция» кезінде адамдар табиғаттың бергенін жай теріп алудың орнына өсімдік өсіріп, оны баптауды меңгерді. Бұл соқасыз, жер жыртатын жануарсыз, кішігірім фермалардан тұратын бағбаншылық қауымдардың қалыптасуына ыңпал етті. Бағбаншылық қоғамдар тек таяқтың, кетпеннің көмегімен көп тагам өсіре алмады. Бірақ аңшылық-терімшілік қоғамдардан айырмашылығы - олар артық азық жинайтындай көбірек өнім өндіре бастады. Қауымдар күнкөріс қажеттігін өтеумен шектелмей, онан жоғары деңгейде дамыған соң түбірімен өзгерді. Шаруалар азық өндіру үшін әлі де күні бойы жүмыс істеуге мәжбүр болды, ал жаңа пайда болған таптық иерархияның жоғары бөлігіндегілер шаруалар өндірген артық азықты пайдаланды. Артықшылыққа ие бұл топ енді күнкөріс жүмыстарынан босап өнер, дін, жазу және анда-санда соғыс сияқты басқа мақсаттарға көңіл боле бастады. Біршама молшылыққа кенеліп, тұрмысы реттелгендіктен бағбаншылық қоғамдарда отбасынан өзге күрделі де түрақты институттар дами бастады. Кейбір экономикалық іс-әрекеттер отбасынан тыс жерде жүретін болғандықтан, бар уақытын осы салаға арнайтын діндарлары бар діни құрылымдар қалыптасты, оның үстіне бюрократиясы, салық жинаушылары және мұрагерлікпен берілетін билеушісі бар басқару жүйесі пайда болды. Кейде мұндай қоғамдар өте үлкен болған. Мәселен, Инк империясында шамамен 4 миллионная астам адам тұрған. Егіншілік қоғамдар Шамамен 5-6 мың жыл бүрын екінші ауылшаруашылық революциясы болып, жаңа технологияның арқасында азық-түлік өндірісінің өнімділігі еселеп артты (Diamond, 1997). Соқа мен ірі жануарларды пайдалану арқылы экономикасы азық өндіруге негізделген қоғамдарды егіншілік қоғамдар деп атаймыз. Егіншілік қоғамға өту кезінде металл қүралдары мен дөңгелекті пайдалану технологиясы жетіліп, суарудың, ұрықтандырудың үздік әдістері қолданылды. Бұл өзгерістер әлеуметтік институттарды түбегейлі өзгертті. Ең бастысы, бұл өзгерістердің арқасында азық-түлік өндіруге аз ғана адам қажет болды. Нәтижесінде, басқалар қалаларға қоныс аударып, саны артып келе жатқан жаңа кәсіп түрлерімен айналыса бастады. Адамдар күннен-күнге бір салаға толық бейімделе бастағандықтан технология, сауда, оқу, жазу, ғылым және өнер салалары жылдам дамыды. Сонымен бірге түрлі кәсіптердің пайда болуы теңсіздікті үлғайтты. Бағбаншылық қоғамдағы қарапайым жүйенің орнына саудагерлер мен сарбаздардан, ғалымдар мен патшалардан және еңбек күші басқа барша жұртты асырайтын, халықтың қомақты бөлігін қүрайтын кедей шаруалардан тұратын күрделі таптық жүйе қалыптасты. Қауымдарда бос уақыт пен технологияны қолданатын жаңа бір сала - соғыс саласы болды. Жылқыны қолға үйретіп (атты әскер), дөңгелекті (әскери арба) игерудің арқасында әскери техника әлдеқайда озық және тиімді бола бастады. Әскери әлеует басқа халықтарды жаулап алу арқылы артық табыс табудың құралы ретінде пайдаланылды. Бұл салада римдіктердің жетістікке жеткені сондай, олар Жерорта теңізі маңындағы бүкіл халықты Италиядағы билеуші элигаға бағынышты шаруа табына айналдырды.

...

Скачать:   txt (30.4 Kb)   pdf (164.7 Kb)   docx (18.6 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club