Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әлеуметтанудың классикалық кезеңіндегі әлеуметтанушылар

Автор:   •  Октябрь 1, 2021  •  Творческая работа  •  392 Слов (2 Страниц)  •  522 Просмотры

Страница 1 из 2

Әлеуметтанудың классикалық кезеңіндегі әлеуметтанушылар мен негізгі ұғымдар бойынша кестені толтырыңыз:

Әлеуметтанудың классикалық кезеңі

Негізгі ұғымдар

Ұғымды кім қарастырды

Ұғымның мазмұны

Позитивизм

Огюст Конт

(1798-1857)

Қоршаған шындықтың дәл дұрыс бағасын беруге негізделген философиялық ұстаным.Позитивизм-пәніне нақты фактілер ғана жатқызылады

Әлеуметтік статика

Огюст Конт

Қоғамды олардың элементтерінің тұтастығымен тепе-теңдігі жағдайы ретінде зерттейді және негізгі заңы ретінде әлеуметтік гармония заңын қолданады.Міндеті-отбасы,адам,өмір шарттарын зерттеу.

Әлеуметтік динамика

Огюст Конт

Әлеуметтік динамика қоғам өзгерісінің кезеңдері мен заңдарын сипаттайды.Қоғам дамуының жетекші күшін айқындайды.Мұндай күштерге:эконо-лық табиғи шарттар,климат,сондай-ақ адам санасы,ойы,көз-қарастары жатады.

Социал-дарвинизм

Людвиг Гумплович

Өмір сүру үшін күрес пен тұқымқуалаушылық.Социал-дарвинизмнің негізгі идеясы бұл барлық табиғаттағы қозғалыс күшін адамның қозғалыс күшімен байланыстыру болды.

Органикалық әлеуметтану

Герберт Спенсор

“Қоғам да тірі денелер сияқты,өте кіші көлемнен үлкен көлемге дейін өсіп жетіледі”Спенсердің көзқарасы бойынша,әлеуметтік организм 3негізгі жүйеден:1)тәртіпке келтіретін;2)өмір сүруге қажетті құралдарды өндіретін;3)үлестіруші жүйеден тұрады.

Қоғамның эволюциялық дамуы

Герберт Спенсер

Спенсер әлеуметтік және табиғи өмірдің дамуына эволюция себеп болды деп санайды.Ол қоғамды алып жаратылысқа ұқсатады:жүрек пен өкпе ағзаның өмірін қамтамасыз ету үшін бірігіп жұмыс істейтіні сияқты қоғамның бөліктері де қоғамды сақтау үшін бірге жұмыс істейді.

Құрылымдық-функционалдық

Роберт Мертон

Әлеуметтік құбылыстар мен процестерді макродеңгейде қарастырып,қоғамда болып жатқан кез-келген жағдайдың себебі қоғамдағы жүйелердің,яғни әлеуметтік,саяси,экономикалық,мәдени жүйенің жағдайына байланысты деп түсіндіреді.

1)қоғамды жүйе ретінде қарастырады

2)қоғамдағы құбылыстар мен процестер бір-бірімен себеп-салдарлық түрде байланысып жатыр

3)қоғам өздігінен реттеліп отырады,әмбебап

Аномия

Эмиль Дюркгейм

Аномия мәселесін ауытқушылық әрекетпен байланыстырады.Мұндай әрекет тұлғалық мақсаттарға заңды құралдармен жете алмайтын жағдайларда қалыптасады.Жалпы өмір сүруге құштарлықтың жойылуы деп түсіндірер едім.

Қоғамдық формациялар

Карл Маркс

Тарихи дамудың белгілі сатысында тұратын қоғам.Адамзат тарихында 5

формация бөлінген:

1.алғашқы қауымдық,

2.құл иеленушілік,

3.феодалдық,

4.капиталистік,

5.коммунистік

Қоғамдық еңбек бөлінісі

Макс Вебер

Жастық-жыныстық тұрғыда қоғамның қарекетіне байланысты,Тұлғаның еңбек қабілеттілігіне байланысты бөлініс

Буржуазия

Карл Маркс

Жұмыс үшін қажетті құралдар менматериалдарды,яғни өндіріс құрал-жабдықтарын иеленген тап

Пролетариат

Карл Маркс және марксистер

Капиталистік қоғамда жалдамалы жұмысшы табы

Қоғамның революциялық дамуы

Карл Маркс

Қоғамның революциялық дамуы-қоғамдық экономикалық формациялардың біріншісінен екіншісіне өту,яғни феодализмнен капитализмге,одан социализмге өту.

Конфликтті көзқарас, конфликт теориясы

Карл Маркс және марксистер(Маркстің ізбасарлары)

Негізгі ұстанымдары- әлеуметтік таптар мен топтар арасында материалды игіліктердің теңсіз бөлінуі әлеуметтік жіктелуге алып келеді,ал бұл өз кезегінде қоғамда жанжал,қарсылықтарды туғызады.

Идеалды тип

Макс Вебер

Зерттеушінің өзі жасаған логикалық құрылым,теориялық схема. “Экономикалық адам” “Шіркеу” “Христиандық” “Капитализм” т.б ұғымдар Вебердің көзқарасы бойынша,жеке тарихи құрылымдарды бейнелеп,құрал ретінде қолданылатын идеалды-типтік құрылымдар.

Бюрократия

Макс Вебер

(1864-1920)

Жұмыс тиімділігін арттыру үшін құрылған,нақты ережелерге бағынатын,иерархиялық басқару құрылымы бар кешенді ұйым түрі

Харизмалы тұлға

Макс Вебер

Қарапайым адам да харизмалы көшбасшы,тұлға бола алады.Ең бастысы,мұндай көшбасшы жай адамдардан дараланып,ғажайып,асқақ,қарапайым адамның қолы жетпейтін,сиқырлы қасиеттер иесі ретінде қабылданады

Престиж

Карл Маркс

Марксистер

Адам еңбектерін қоғамның қадірлеу өлшемі

Әлеуметтік іс-әрекет

Макс Вебер

Әдетте адамның қажетінен туындайтын,өзге адамдардың әрекетімен байланысты болатын,басқалардың мінез-құлығына бағытталған,оларға ықпал жасайтын және өз кезегінде ол өзгелердің мінез-құлқының ықпалын басынан кешіретін адамның саналы әрекеті.

Әлеуметтік мобильдік

П.Сорокин

Қоғамдағы жекелеген индивидрет пен адамдар тобының бір әлеуметті жағдайдан екінші бір әлеуметтік жағдайға орын ауыстыруы

...

Скачать:   txt (8.1 Kb)   pdf (68.5 Kb)   docx (10.6 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club