Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әлеуметтанудың классикалық кезеңіндегі әлеуметтанушылар

Автор:   •  Сентябрь 24, 2021  •  Практическая работа  •  377 Слов (2 Страниц)  •  1,114 Просмотры

Страница 1 из 2

Әлеуметтанудың классикалық кезеңіндегі әлеуметтанушылар мен негізгі ұғымдар бойынша кестені толтырыңыз:

Әлеуметтанудың классикалық кезеңі

Негізгі ұғымдар

Ұғымды кім қарастырды

Ұғымның мазмұны

Позитивизм

О.Конт

Нағыз ақиқат ғылымның жеке салаларында деген ұғым.Философиялық ілімдерді құнсыздандырды.

Әлеуметтік статика

О.Конт

Қоғамды тұтас органикалық дүние ретінде қарастырады.Сонымен қатар, қоғамда бәрі бір-біріне тәуелді екенін пайымдайды.

Әлеуметтік динамика

О.Конт

Қоғамның өзгеріс заңдарың, оның физиологиясын, уақытқа тәуелділігін зерттейді.Қоғам мүшелерінің даму бағытын айқындайды.

Социал-дарвинизм

Герберт Спенсер

Дарвиндік эволюция теориясына сәйкес табиғи сұрыптау белгілерінің қазіргі қоғамда орын алуы.Яғни, социалды ортадағы «өмір үшін күрес».

Органикалық әлеуметтану

Герберт Спенсер

Қоғамды тұтас тірі органикалық дүние ретінде қарастыру.Қоғам мүшелері бір-бірімен тығыз байланысты.

Қоғамның эволюциялық дамуы

Герберт Спенсер

Қоғамның табиғи дамуы.Мысалы, орта ғасырларда мемлекет арасындағы келіспеушіліктер, жанжалдар соғыспен шешілген болса, қазір көбінесе келісімшарттармен бейбіт түрде шешіледі.

Құрылымдық-функционалдық

Роберт Мертон

Құрылымдық жағынан қоғамды көптеген бөлшектерден тұратын статистикалық жүйе ретінде, ал функционалдық жағынан әр қоғам мүшесінің өз функционалы (қызметі) бар екенін ескереді.Қоғамның бөліктері әдетте тұтастық үшін бір-бірімен үйлесімде болуға тырысады.

Аномия

Эмиль Дюркхейм

Қоғамдық құндылықтардың болмауы, социалды нормалардан ауытқу, алайда тек қылмысқа жатпайтын жағымсыз қылықтар жиынтығы.

Қоғамдық формациялар

Карл Маркс

Әлемдік өсуді кезеңдерге бөліп қарастыру.Карл Маркс негізгі төрт формацияларды анықтаған: алғашқы қауымдастық, феодалдық, капиталистік, комунистік.

Қоғамдық еңбек бөлінісі

Эмиль Дюркхейм

Нақты адамдар үшін нақты жұмыс берілуі арқылы процестің тиімділігін, жұмысшылардың біліктілігін арттыру.

Буржуазия

Карл Маркс

Үстем тап.Мысалы, шаруашылық кезеніңдегі жұмысқа қажетті құрал-жабдықтары бар адамдар тобын атаған.Ал, қазіргі қоғамда капиталисттерді буржуазия деп атауға болады.

Пролетариат

Карл Маркс

Жекеменшік алуға құқығы жоқ жалдамалы жұмысшылар тобы.Әсіресе, бұл ұғым капиталистік кезеңде кеңінен қолданылған.

Қоғамның революциялық дамуы

Карл Маркс

Қоғам жүйесінің, индивид көзқарастарының аз уақыт ішінде түбегейлі өзгеруі.

Конфликтті көзқарас, конфликт теориясы

Карл Маркс

Ресурстардың шектеулі болуына, әлеуметтік теңсіздіктің болуына байланысты қоғам әрқашан бір-бірімен конфликт жағдайында болады. Себебі, әр қоғам мүшесі өзінің пайдасын барынша арттырғысы келеді, осы мәселеден бәсекелестік туындап конфликтке айналады.

Идеалды тип

Макс Вебер

Мінсіз адам.Менің ойымша, бұл шығармашылық персонаж,асыра сілтеу.Негізгі ойы әр адамның идеалға еліктеуі.

Бюрократия

Карл Маркс

Иерархиялық жүйемен басқарылатын қоғам.Ең жоғарыда шенеуліктердің жабық тобы орналасады.

Харизмалы тұлға

Макс Вебер

Әр адам харизмалы бола алады. Тек өзіңді харизмалы санайтын, олардың көзінде сиқырлы қасиеттерің бар болып көрінетін аудитория табу керек.Сонымен қатар, көшбасшылық қасиеттерге ие болуы тиіс.

Престиж

Макс Вебер

Адам еңбегінің қоғамда бағалануы. Белгілі бір мәртебе.Мысалы, бала үшін ересектердің арасындағы мәртебесі маңызды.

Әлеуметтік іс-әрекет

Макс Вебер

Саналы түрдегі басқа адамның мінез-құлқына бағытталған іс-әрекеттер.Мысалы, қандай да бір қақтығысты болдырмау, болған жағдайда конфликтті бейбіт түрде шешуге бағытталған әмбебап іс-әрекеттер жиынтығы.

Әлеуметтік мобильдік

Сорокин

Адамның бір әлеуметтік жағдайдан екіншісіне өтуі.Мобильдік екі түрге бөлінеді: вертикальді және горизонтальды. Вертикальді мобильдік негізінде оның әлеуметтік жағдайы өзгереді.Мысалы, жұмыс орыны бойынша өсуі не төмен құлдырауы, соның әсерінен оның табысы не жоғарылады, не кеміді.Горизонтальды бағытта әлеуметтік жағдай өзгеріссіз қалады. Мысалы, дінің, мекен-жайын, азаматтығың өзгертуі.

...

Скачать:   txt (7.1 Kb)   pdf (64.1 Kb)   docx (10 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club