Қоғамдағы урбандалу мен көші-қон процестерінің
Автор: assel.kim03 • Ноябрь 20, 2021 • Лекция • 499 Слов (2 Страниц) • 1,157 Просмотры
Хаджахмедова Асель ИЯ-21-5
Конспект
Қоғамдағы урбандалу мен көші-қон процестерінің өзара байланыстарын бөліп көрсетіңіз.. Мысалдар келтіріңіз және Қазақстандағы спецификасын көрсетіңіз.
Қазақстан Республикасы көшi-қон саясатының тұжырымдамасы (бұдан әрi – Тұжырымдама) көшi-қон процестерiнiң негiзгі қағидаттарының, басымдықтарының, тетiктерiнiң, мiндеттерi мен әдiстерiнiң негiзгi жүйесiн тәртiпке келтiру мен реттеудi бiлдiредi. Осы Тұжырымдамада көшi-қон процестерiн реттеу деп – Қазақстанның ағымдағы және алыс перспективалық қажеттiлiктерiне жауап беретiн және көшiп-қонушылардың құқықтарын iске асыруды қамтамасыз ететiн бағыттарда адамдардың қоныс аударуын ынталандыруға не шектеуге бағытталған әкiмшілiк және әлеуметтік-экономикалық шаралар кешенi түсiнiледi.
Көшi-қон процестерi мемлекеттiк қауiпсiздiкке, қоғамдық келiсiмге, елдегi экономикалық және демографиялық ахуалға әсер етедi.Көшi-қон саясаты Қазақстанның мемлекеттiк сыртқы және iшкi саясатының құрамдас бөлiгi болып табылады, оны iске асыру мемлекеттiң басым мiндеттерiнң бiрi болуға тиiс.Көшi-қон саясатының субъектiлерi – орталық және жергiлiктi атқарушы органдар болып табылады.Мемлекеттiк органдардың көшi-қон саясатын iске асыру жөнiндегi әрiптестерi қоғамдық бiрлестiктер болуға тиiс. Тұжырымдама адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау негiзiнде, жалпы мемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, көшi-қон саясатының негiздерiн айқындайды. Тұжырымдама елiмiздiң тұрақты дамуға көшу кезеңiне және экономиканың тұрақтануы мен өсуiнiң ұзақ мерзiмдiк перспективасына есептелген.Тұжырымдама таяудағы перспективаға мемлекеттiң саяси болмысын және әлеуметтік-экономикалық жағдайын негiзге алады, олар Қазақстан Республикасындағы көшi-қон процестерiн реттеу жүйесiнiң шектеушiлерi болып табылады.Көшi-қон саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпыға танылған қағидаттары мен нормаларына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, Қазақстан Республикасының Заңдарына және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге негiзделген. Тұжырымдама көшi-қон процестерiн реттеудiң отандық және шетелдiк тәжiрибесiн ескередi.[pic 1]
...