Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қандай факторлар жұмыс орнында келіспеушілік туындауына алып келеді?

Автор:   •  Апрель 10, 2018  •  Реферат  •  1,336 Слов (6 Страниц)  •  1,184 Просмотры

Страница 1 из 6

Қандай факторлар жұмыс орнында келіспеушілік туындауына алып келеді?

Кіріспе

Келіспеушілік кез келген адамның өмірінде орын алады және оған төзіммен қарай білген жөн. Келіспеушіліктен құтылудың  ешқандай жолы жоқ, себебі ол адам өмірінің бір бөлігі іспеттес. Келіспеушіліктің ең қиын түрлерінің бірі жұмыс орнындағы келіспеушілік болып табылады. Жұмыс орнындағы қақтығыс бүкіләлемдік проблемалардың бірі болып саналады. Көптеген адамдар жұмыс орнындағы келіспеушілікті қарапайым дау деп санайды, бірақ қарапайым даудың өзі жұмыс орнындағы келіспеушіліктің бірі болып табылады. Келіспеушіліктің қалай алдын-алуға болатынын немесе шешу жолдарын білетін адамдар өздерінің мансаптық салаларында көптеген табыстарға жетеді. Күнділікті өмірде келіспеушілік туындауы мүмкін адамдардан аулақ жүріп, әртүрлі қайшылықты жағдайларға ұшырамауға болады. Бірақ жұмыс орнындағы келіспеушілік кезінде қызметкерлер олай істей алмайды. Өйткені қызметкерлер жұмыс орнында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін тұрақты түрде әріптестерімен кездесіп, олармен жұмыс жасай білуі керек. Жұмыс орнындағы келіспеушілік қарама-қарсы пікірден, бәсекелестіктен, өзгенің жұмысына көңіл толмауынан туындауы мүмкін. Болашақта келіспеушілік қайтадан туындамас үшін онымен күресе білу қажет. Әріптестер арасындағы жоғары деңгейдегі байланыс көбінесе өз-өзіне деген сенімділікке және салауатты өмір салтына алып келетіндігі дәлелденген [5].

Әдебиеттерге шолу

Жұмыс орнындағы келіспеушілік тақырыбы бұрыннан көптеген зерттеу жұмыстарының объектісі болып келеді. Жұмыс орнындағы келіспеушілік жағдайында агрессия туындауы мүмкін, ол әртүрлі жолдармен пайда болады. Мысалы: әріптесіне деген дұшпандық көзқарас, ашық агрессия, т.б [1]. Ашық агрессия ең қиын агрессия түрі болып табылады. Оның көптеген түрлері бар, бірақ ең көп таралғаны зорлық-зомбылық болып есептеледі. 2000 жылы Уэйкфилдағы қызметкер Эджиуатер, Массачусетс штатындағы Майкл Макдермотты және оның жеті қызметкерін атып тастады [1]. Бұл оқиға қызметкерлер келіспеушілігінің тура көрінісі болды. Егер бәрі бірігіп дұрыс шешімдер қабылдаса, мұндай қауіпті іс-әрекеттерді азайтуға, тіпті оларды жоюға да болатын еді. Көптеген зерттеу нәтижелері бойынша жұмыс орнында тәжірибе жүргізу қызметкерлердің агрессиялық сезімдерін арттырады және ішімдікке тәуелді қызметкерлер басқа қызметкерлерге қарағанда зорлық-зомбылық әрекеттерін жасауға көбірек жақын болады делінген [1]. Кез келген келіспеушілік ресми түрде шешілмеуі мүмкін, сондықтан компаниялар мәселені шешудің қосымша жолдарын ойлап табуы тиіс [2]. Мәселені шешу тек бір өлшемді болмауы керек, себебі кез келген стратегия барлық адам үшін бірдей жұмыс жасамайды. Мысалы, толық мәселені шешу мен бір мәселені шешу арасында үлкен айырмашылық бар. Келіспеушілікті шешу үшін жұмыс орны қолдарынан келгенін бәрін жасайды, сондықтан кейде қақтығысқа тап болған қызметкерлерге жұмыс орнында татуласуына тура келеді, бірақ бұл қызметкерлерге жасалған әділетсіздік болып есептеледі [3]. Рахим, Уолл, Каллистер авторларының зерттеу нәтижесі бойынша жұмыс орнындағы келіспеушілікке мінез-құлық айырмашылығы және әріптестердің мақсат-мүдделерінің сәйкес келмей қалуы көп әсер етеді делінген [6, 7]. Егер жұмыс орнында әріптестер бір-бірімен жақсы қарым-қатынас, байланыс орнатса  жұмыс орнында келіспеушілік те болмайтын еді.

Зерттеу әдісі

Жобаның мақсаты жұмыс орнында келіспеушілік  туындауына әсер ететін  факторлар туралы анықтау. Оны анықтау үшін Қазақстан Республикасының азаматтары арасында онлайн түрде сауалнама жүргізілді. Сауалнама мұғалімдерден, оқытушылардан, жалпы айтқанда 96 жұмыскерден алынды. Сауалнамада жұмыскерлер қаншалықты жиі келіспеушілікке тап болатындығы, әріптестерімен қарым-қатынасы, жұмыс уақытының режимі сияқты жеті сұрақ қойылды. Дегенмен, зерттеу нәтижесі шектеулі, себебі сауалнамаға қатысушылар саны аз, нәтиже аталған жайттың нақты сипатын бере алмауы мүмкін. Сондықтан алдағы уақытта аталған тақырып бойынша зерттеу жұмысын жүргізгенде әртүрлі саладағы жұмыскерлердің көзқарастарын қамтыған дұрыс.

...

Скачать:   txt (17.2 Kb)   pdf (202.1 Kb)   docx (44.7 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club