Қазіргі қоғамдағы теңдік және теңсіздік
Автор: adileeet • Октябрь 23, 2023 • Лекция • 736 Слов (3 Страниц) • 212 Просмотры
Семинар : 1
Қазіргі қоғамдағы теңдік және теңсіздік
Алдымен, қоғамдағы теңсіздік не екендігіне тоқталайық.Әлеуметтік теңсіздік деп - қоғамдағы кез-келген жеке тұлғалардың құқықтарын, мүмкіндіктерін тең емес пайдалануды, оның түріне, түсіне, дәрежесіне қарап бөлуді айтамыз.Жалпы бұл теңдік және теңсіздік ұғымы қоғамның әртүрлі салалаларында кездеседі.Атап өтсек, гендерлік теңсіздік, әлеуметтік тап, мүмкіндіктер теңдігі, заң теңдігі және тағы басқалары.
Қазіргі таңдағы ең жиі кездесетін теңсіздік - гендерлік теңсіздік.Яғни ерлер мен әйелдердің арасындағы жалақы, мүмкіндік пен таңдау секілді жағдаяттарды әртүрлі көзқараста қарау.Гендерлік теңсіздік- тамыры тереңге жайылған ағаш секілді, оның негізі көптеген ғасырлар бұрын қалыптасқан.Гендерлік теңсіздіктегі ең ауқымды мәселелердің бірі - жалақы мәселесі.Неліктен олай шешім қабылдағанымды барынша түсіндірейін.Статистикаға сүйенсек, ерлердің жалақысы әйелдерге қарағанда 13%-ға көбірек.Ерлер мен әйелдер, әдетте өз мансап жолын тең уақытта бастайды делік.Бірақ та, бала күтімімен айналысу керек болған кезде, проблемалар туындай бастайды.Яғни, әйелдер ұзақ уақыттағы демалысқа шығады.Көптеген жұмыс орындарында жалақы алшақтығын осымен байланыстырады.Десек те, жақында ерлердің де декреттік демалысқа шығуға болатындығы туралы заң шыққан болатын.Сонымен, басты себеп неде?Деректерге сүйеніп зерттеуім бойынша бар мәселе - әйелдердің жұмыс жасау уақыты мен айналысып жатырған сферасында екен.Мысалыға әйел адамдар бала күтімі әсерінен күніне 4-5 сағат қана жұмыс жасайды екен.Ал ондай аз уақыттық жұмыстар көбінесе аз жалақылы болып келеді.
Енді стереотиптер туралы айтайық.Бізде бала күнімізден бастап, ер және әйелдердің жұмыстары туралы түсінік қалыптасқан болатын.Ерлер әдетте құрылысшы, инженер немесе ауыр техникаларды басқарушы болады.Сәйкесінше, әйелдер дәрігер, мұғалім секілді нәзік жанды қызметтерді атқарады.Өкінішке орай, бұл стереотип әлі күнге дейін жалғасуда.Көшеден жүк көлігін басқарған әйел адамды көрсек,таңырқап қараймыз.Бұл дегеніміз - бізде теңсіздік түсінігі бала күннен бастап қалыптасады деген сөз. Айта кететін жайт, бала күнімізде көк түсті - ер баланың түсі деп, қызғылт түсті - қыздардың түсі деп бөлгенімізді ұмытпайық.Тіптен, қуыршақ ойыншықтарды да қыздардікі деп ойнамай қойғанымыз тағы бар.Бұл бәрімізге табиғи процесс секілді сезіледі.
Гендерлік теңсіздік орын алатын тағы бір сала – спорт.Спорттық ойындар мен эфирлерде ерлердің үстемдігі мен үлесі басым екендігі баршамызға мәлім.Байқайтын болсақ, әйелдер ерлермен бірдей спортпен айналысқанмен, оларға эфирге аз уақыт беріледі.Сәйкесінше, оларға сұраныс көп болмайды десек болады.Сұраныс жоқ болса - оларға берілетін жалақы да аз болмақ.
Әлеуметтік тапқа бөліну.Бұл құбылыс көптеген ғасырлар бойы жалғасып келе жатырған үрдіс.Көбінесе, адамдарды шыққан жеріне, яғни әлеуметтік табы бойы бойынша бөледі.Деректерге сүйенсек, 18 бен 24 жас аралығындағы 90% жастарды олардың шыққан тегіне байланысты жіктейді.Мысалыға қазірдің өзінде адамдар тобын 3-ке бөледі және ол қалыпты құбылысқа айналған.Олар : жоғары тап, орта тап және жұмысшы табы.Қоғамда жоғары тап өкілдері біршама жеңілдіктер мен үстемдікке ие болады.Мысалыға, жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына, беделді оқу орындарына түсу қиындық тудырады.Олардың сабақ үлгерімі мен бағалары "жоғары тап" оқушыларынан жоғары болса да.Бұл пікір бойынша 2 түрлі жағдайды қалыптастыруға болады.Әрине, жоғары дәрежедегі мансаптың өмірде көптеген есіктерді ашып көмегі тиетін болуы мүмкін.Дегенмен, халыққа қызмет ететін дәрігер, мұғалім секілді мамандардың дәрежесі оларға қарағанда әрқашан жоғары тұрады.
...