Қазіргі Қазақстан дамуындағы прагматизмнің рөлі
Автор: dauletova___ • Октябрь 13, 2021 • Реферат • 1,286 Слов (6 Страниц) • 8,780 Просмотры
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
[pic 1]
Факультеті: «Экономика және бизнес жоғары мектебі»
Кафедрасы: «Есеп және қаржы»
СӨЖ
Тақырыбы: «Қазіргі Қазақстан дамуындағы прагматизмнің рөлі»
Орындаған: Дәулетова Н.С
Тексерген: Сарсенова А.Б
Алматы, 2020ж
ЖОСПАР
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Прагматизм құндылықтарының маңызы
- Прагматизм түсінігі
- Қазіргі Қазақстан дамуындағы прагматизмнің рөлі
Ш. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Эссе
Қазіргі Қазақстан дамуындағы прагматизмнің рөлі
Кіріспе
Қазіргі таңда Қазақстан қоғамында үлкен жаңаша серпілістер орын алуда. Бұл серпілістердің барлығы 2050 жылға дейін әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруді мақсат тұтқан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына негізделген мәдениеттің барлық саласындағы жаңару мен жаңғырудың мүмкіндіктеріне байланысты екені даусыз.
Прагматизм құндылықтарының маңызы
Қазіргі кездегі әлемдік интеграция мен жаһандық деңгейдегі құндылықтардың алмасу дәуірінде Қазақстан қоғамы үшін даму бағдарларын анықтау мен жоспарлауда қалыптасқан дәстүрлі дағдылар мен стереотиптерді қайта қарастыру, керек десеңіз, дүниетанымдық құндылықтар жүйесін қайта қалыптастыру керектігін ұғынып, қабылдай білу маңызды орынға ие болуда. Біздікі және өзгенікі деп бөлу мен мәдени оқшаулану жергілікті және жаһандық үдерістерді бұрмалап қабылдауға алып келіп қана қоймай, сондай-ақ, ғылыми-техникалық ілгерілеуді тежеп, сыртқы сын-тегеуріндерге икемделіп, бейімделу мүмкіндігін шектейді. Осы тұрғыда жаһандық экономикалық өзгерістердің ауқымын, саяси стратегиялық бағыттың жолдарын, ғылыми-техникалық жаңарудың мүмкіндіктерін сараптан өткізіп, соған сай реализм мен прагматизм құндылықтарын қабылдауға мүмкіндік алу керекпіз.
Прагматизм түсінігі
Біздің түсінігімізде қалыптасқан прагматизм бүгінге дейін біздің танымымызға жат, батыстық өлшемдегі ойлау жүйесі ретінде қарастырылып, белгілі бір рухани түсініктерден ада, таза эгоистік пайдаға негізделген нарықтық ұғым ретінде ғана қарастырылып келді. Шын мәнінде прагматизмнің ертеден қалыптасуының өзі ғылыми әдістемелік тұрғыда тәжірибенің орны мен рөліне басымдық беруден туындаған. Кейін ғана ғылыми қауымдастық шеңберінен шығып, жалпы философиялық түсінікке айнала отырып өмірлік, танымдық, этикалық және дін мәселелерді шешуге араласа бастады. Осы деңгейде прагматикалық құндылықтарды өз танымымыздың шеңберінде қайта қарастырып, жаңару толқынына ілесу мақсатында өмірлік, философиялық қағида деңгейінен орын бергеніміз абзал. Шынайылыққа және тиімділік мәдениетіне негізделген прагматизм қағидалары жаһандық дамудың сындарлы сынақтарынан өтіп, рухани тұрғыда жаңғыруды, ғылым мен білім тұрғысынан жаңаруды мақсат тұтқан мемлекеттер мен халықтар үшін қазіргі таңдағы дамудың сәтті, әрі тиімді үлгілерінің бірі болып табылады.
Қазіргі Қазақстан дамуындағы прагматизмнің рөлі
Елбасы Н.Ә.Назарбаев үстіміздегі жылдың 10 қаңтарындағы Қазақстан халқына Жолдауында алдымен адам капиталын қалыптастыруды, ал оны қалыптастыру үшін білім берудің сапасы мен технологиясын жетілдіруді сөз етті. Адам капиталын қалыптастыру тек білім беру арқылы ғана жүзеге асырылып қоймайтыны түсінікті, сол үшін де прагматикалық ойлау дәстүрін дәстүрлі құндылықтарымызда жаңғыртып, қоғамдық танымда жаңартуымыз маңызды орынға шығады. Қандай да бір бар ресурстардың мөлшерін біле отырып, олардың жұмсалуы мен болашағын айқындау, еліміздің экономикалық ахуал деңгейін пайдалы ресурстардың мүмкіндігімен теңестіру; ысырапшылдықты, астамшылдықты, мақтан үшін асып-тасуға шек қою, «көрпесіне қарай көсілетін» заманда тыраштанып «сыртының бүтіндігін» ғана көрсетіп қоймай, «ішінің түтінін» де сейілту; материалды және рухани құндылықтарды бағалай отырып, болашақ бағдарына нақты баға беру, ұлттық рухты жаңғырту, материалдық игіліктердің шынайы бағасын беру; салауатты өмір салтын ұстануға, өз мамандығының шеңберінде жетістікке жетуге, білім алып біліктілікті арттыруға шынайы мақсат қоя білу сияқты прагматикалық бағдарларды тұрмыс төңірегіне топтастыру қажет.
...