Əлеуметтануға кіріспе
Автор: a91baev • Сентябрь 22, 2021 • Лекция • 2,723 Слов (11 Страниц) • 509 Просмотры
1 дəріс. Əлеуметтануға кіріспе
Жоспар:
1.Əлеуметтануға кіріспе.Əлеуметтанулық қиял
2.Əлеуметтанулық орта мен əлеуметтанулық мінез-құлық
3.Əлеуметтік институттар
Жоспарға сәйкес тақырыптың бірінші сұрауына жауап беру үшін біз әлеуметтану деген не, ол нені зерттейді, оның объектісі мен пәнін бір-бірінен ажыратып, шатастырмауымыз керек. «Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің «Societas» қоғам және гректің logos – ілім, ұғым деген сөзінен шығады. Социология, яғни әлеуметтану қоғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің, ұйым, мекемелерінің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Әлеуметтану ұғымын XIX ғасырдың ортасында атақты француз әлееуметтанушысы Огюст Конт өзінің алты томдық «Позитивті философия курсы» атты еңбегінің үшінші томында енгізді.
Социологияның негізін қалаушы О.Конт социологияның пәнін жалпыға ортақ келісім негізін құрайтын тұтас алынған қоғам деп түсінді. Бұл келісім өз кезегінде адамзат тарихының және адамның өз табиғатының бірлігіне арқа сүйейді. О.Конт оң социологиялық білімді табиғи-физикалық процестерге ұқсатып құрды. Социологияны әлеуметтік физика деп түсіну, оның пәндік саласын әлеуметтік статикаға және әлеуметтік динамикаға бөлу осыдан келіп шыққан.
Ағылшын философы әрі ғалымы Г.Спенсер социологияны әлеуметтік институттардың табиғи эволюциясы нәтижесінде ондағы жіктелу тұтасумен ұштасатын әлеуметтік организм ретіндегі қоғам туралы ғылым деп білді.
Әлеуметтанудың пәні - қоғамның құрылымы, ондағы әлеуметтік үрдістер, әлеуметтік қатынастар. Әлеуметтанудың зерттеу объектісі - қоғам. Әлеуметтану – жалпы қоғамның ерекше жұмыс істеуі мен дамуының заңдылықтары туралы ғылым.
Әлеуметтану — қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты. Әлеуметтану XVIII және XIX ғасырлардағы саяси, экономикалық және интеллектуалдық төңкерістер кезінде зерттеу саласы ретінде пайда болды. Дәстүр мен наным-сенімдерді рационализм мен ғылым алмастыра бастады. Бұл оңайға түскен жоқ. Мүндай текетірестің айқын көрінісі француз революциясы болды: 1789 жылы басталған қанды көтеріліс ескі әлеуметтік құрылымдарды жоюды мақсат етті.
Қантөгіс болмаса да индустриалдық революция одан да қатты эсер етті. Аз уақыт ішінде дәстүрлі ауыл қоғамы индустриалдық қала қоғамына айналды. Өзгерістердің жылдамдығы мен ауқымдылығы әлеуметтік күйзеліс тудырды, себебі бұрынғы өмір сүру жолдары мен әлеуметтік сенімдер біржола жойылып бара жатты. Осы түста бұрынғы миллиондаған шаруа мен жүмысшы қарқынды дамып келе жатқан қалаларда өмір сүру үшін күресті.
Бұл дүрбелең XIX ғасырдағы интеллектуалдық еңбектердің дүниеге келуіне түрткі болып, мәселен, Чарльз Диккенстің романдары мен
Карл Маркстың революциялық теорияларының өзегіне айналды. Сон-
дай-ақ бүл жайт қоғамды эмпирикалық зерттеуге де ынталандырды.
Ғылыми зерттеулер жаңа кәсіп түріне айналды, ал жұрт бұдан көп
үміт күтті. Электр, телеграф және рентген ойлап табылғаннан кейін
ғалымдар қылмысты, кедейлікті немесе соғысты қалай жоюға бола-
тынын білмейді деп кім айта алады? Жұртшылық жылдам өзгеріп
жатқан қоғамды түсінуге және басқаруға эмпирикалық зер гтеулердің
құралдары көмектеседі деп үміттенді.
Әлеуметтік қиял деп жеке адамның проблемасын түсінуді, кец
әлеуметтік құрылымдарды, аз дегенде ішінара (Миллс 1959,15) түсіну-
ді көрсететін қабілетті айтамыз. Ч. Райт Миллстің пікірінше, әлеумет-
тік қиял дегеніміз - жеке бастағы қиындықтарды (мысалы, кедейлік,
ажырасу немесе сеиімнің жоғалуы), аса маңызды қоғамдық проблема,
жалпыға ортақ проблема деп түсіну. Миллстің айтуынша, көп нәрсені
біз толықтай бақылай алмаймыз, көптеген қүбылыстар қоғамның
түзілуінен келіп шығады да бізден тыс жүзеге асып жатады. Мысалы,
Миллс былай деп жазады:
100 мыңға жуық түрғыны бар қалада тек бір адам ғана жүмыссыз болса, бүл -
...