Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тұлғаның әлеуметтік дамуы мен қалыптасуы

Автор:   •  Май 1, 2022  •  Реферат  •  1,371 Слов (6 Страниц)  •  371 Просмотры

Страница 1 из 6

8. Тұлғаның әлеуметтік дамуы мен қалыптасуы

Әлеуметтік тәрбие – бұл тәрбиелеу ұйымдарындағы жекелей көмек көрсету, оқыту  және балада өмірлік тәжірибелер қалыптастыру.

Әлеуметтенудің негізі мыналар: адам қоғамның талаптарына жауап беретіндей болып қалыптасып, бейімделеді, қоғамдағы мұраттарды меңгереді және  соған лайықты болу үшін  талаптанады, ондағы өзгерістерге белсенді араласады.

Әлеуметтену  үрдісі адмның дамып, қалыптасу кезеңдерінің барлығында жүзеге асады. Оларды шамамен   атап өтуге болады: шарана- туған күннен қырығынан шыққан кезге дейін; нәресте шамамен алты  тоғыз ай; бөбек –бір жасқа дейін; сәби- бір жастан үш жасқа дейін; балдырған- үш тен  бес жасқа дейін; мектепке дейінгі кезең бестен алты-жеті жасқа дейін; кіші жастағы мектеп оқушысы- 6-10 жасқа дейін; жеткіншек- 10-13-14; жас өспірім- 13-14-15; боз бала мен бойжеткен 15-17,18 жас немесе жас өспірім кезеңі; жастық  шақ- 18-23 ден 30 жасқа дейін; қазіргі кезде “жас” - деген санатқа 40 жасқа дейінге кезеңді де жатқызады. Оның өзіндік себептері бар. Бірақ психо-физиологиялық жақтан оларды ересек адамдар қатарына қосуға болады. Ал әлеуметтену жағынан ол осы 40 жасқа дейін созылады. Себебі осы жасқа дейін көпшілдік жағдайда оқиды, ғылым  білімді, техниканы меңгереді, тұрмысын реттейді (отбасы құрады,  мамандық алады, жұмысқа орналасады т.б.); әлеуметтенудің осы мәслелеріне байланысты 40-50 жастағы адамдарды ереск адамдар, қазақта қара сақал 40-55, ақ сақал немесе ұлғайған адам 55-65,  қартайған немесе жасамыс адам 65-80, одан соң  қарт немесе ұзақ өмір сүрген адамдар 80 жастан жоғары.

Тұлғаның әлеуметтік дамуы-дегеніміз әлеуметтік ортада  туабіткен қабілет, қасиет, сапаларын өзінің ынта-жігері, сыртқы әсерлер-оқыту, тәрбиелеу нәтижесінде жетілдіріп, өзіне, қоғамға пайдалы болуы, тағы бір жақтан, әлемдік ілім-білімге, мәдениетке т.б. үлес қосуа алуы.

Әлеуметтік  даму/дамытудың қозғаушы күштері.  

Адамның дамып қалыптасуына ықпал ететін басты факторлар тұқым қуалауы, тәрбие және орта-факторлар. Әлеуметтік педагогикада олар тереңдете қарастырылады.

Қозғаушы күштер—адамның әлеуметтік дамуының әлуетін жүзеге асыруға, оқуы мен тәрбиесіне ықпал ететін факторлардың бірі. Олар ішкі қозғаушы күштер және сыртқы қозғаушы күштер болып бөлінеді.

Ішкі қозғаушы күштер, тек адамға ғана тән, әлеуметтену барысында жеке әлуетін жүзеге асыруға көмектеседі.Олардың негізгілері- саналы және санасыз түрдегі биопсихикалық тетіктер.

Адам дамуының санасыз тетіктері-адамда тумысынан пайда болатын психикалық және физиологиялық әлуеттер.Олар түпкі сана немесе рефлеторлы түрде байқалады.Олар ерте кезден-ақ белсенді және тұрақты болып, өскен сайын олар өзгереді, бірақ жоғалмайды.Олар мыналар:

А/Ұмтылыстар, мысалы, қорғайтын, бағатын т.б.Анасы, әкесі т.с.с.

Ә/Эмоционалды еліктегіш, бөбек кезінен байқалады.

б/Ұмтылысы мен белсенділігінің эмоцияға байланыстылығы.Бала еркелеткенді, назар аударғанды т.б. қалайды.Бірақ, ерекше  сүйіспеншілік баланы «ман ғана, маған бәрі болады, мен баламын» дегенге алып келеді.Оның соңы «тілазарлық».

г/еліктешілік.Осы апрқылы бала ең алғашқа әлеуметтік тәжірибелерді өздестіреді.Олар, мінез-құлық, жүріс-тұріс, іс-қимыл, әрекет т.б.Бұл баланың дамуында аса маңызды орын алады, мысалы, «жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» дейді халқымыз.

д/иланғыштық.Ерте жас кезеңінде, іс- қимылы, құлқының/поступок/,йр түрлі құбылыстарға, зат дүниеге мәмілесінің қозғаушы күші осы. Бала үшін кім беделді болса соның иландыру күші мығым. Мысалы ата, анасы, көше балалары үшін бейресми ұйымдардағы «мықтылар», оларға бағынады, айтқанын орындайды. Т.с.с.

...

Скачать:   txt (20.7 Kb)   pdf (152.6 Kb)   docx (15.1 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club