Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Стратификацияның түрлі теориялары тұрғысынан алғандағы теңсіздіктің негізгі түрлері

Автор:   •  Октябрь 1, 2018  •  Эссе  •  1,013 Слов (5 Страниц)  •  1,769 Просмотры

Страница 1 из 5

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік

Медицина Университеті

                                              [pic 1]

                                         Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандығы: Жалпы медицина

Дисциплина: Әлеуметтнау.Саясаттану.Мәдениеттану

Кафедрасы: Қоғамдық – гуманитарлық пәндер кафедрасы

Курс: І

Тақырыбы:  Стратификацияның түрлі теориялары тұрғысынан алғандағы теңсіздіктің негізгі түрлері

Орындау әдісі: эссе

Орындаған:  Сагынаев Есет Досанович

Тобы: 108 «А»

Тексерген:  Молдин Бекзат Акконысулы

                                            Ақтөбе 2018жыл

                                                            Жоспар

І.    Стратификация ұғымына жалпылама шолу

ІІ.   Тарихи және қазіргі кездегі стратификацияның түрлерінен келтірілген нақты мысалдар

ІІІ. Стратификацияның  қорытындысы ретінде салыстырулар 

          Табиғаттың керемет, мінсіз туындысы болған адам баласының да бір кемшіліктері бар. Адамзат қанша ғасырлар, мыңжылдыр бойы бірдей қоғамда өмір сүрсе де, жік-жікке бөлінуге бейім қабілетінен әлі де болса арыла алмай келеді. Бүгінгі заман «ол қасиеттен айырылған заман» деу - жарамас. Соңғы кездерде қоғамның ресми және бейресми түрлі-түрлі топтар мен жіктерге бөлінуі асқынып бара жатқан сияқты. Қоғамның белгілі бір теориялар тұрғысынан жіктер мен таптарға бөлінуін ғылымда стратификация дейміз. Ағылшын тілінде "strata” немесе "stratum” сөзі алғашында геологиялық қабат деген, ал "stratіfісatіon” сөзі қабатталу, қатталу деген ұғымды білдірген, алайда социологтар әлеуметтік теңсіздікті белсенді түрде зерттей бастаған кезде  осы терминді алып , сөйтіп ол жаңа мағынаға, қоғамды белгілі бір топтарға бөлу мағынасына ие болған.

     Қазіргі Қазақстан қоғамында барлық азаматтар мен азаматшалар бірдей тең дәреже мен жағдайда өмір сүріп жатыр деп айту қиын. Халық та өз арасында қызмет мансабы, қоғамдағы орны, материалдық жағдайы, білім деңгейі, қолындағы билігі сияқты басқа да критерийлер бойынша бөлінеді, яғни барлық адам тең емес. Дүниежүзі мен Қазақстан тарихынан білетініміздей ежелгі қоғам да әлеуметтік тұрғыдан түрлі касталарға, сословиелерге, хандар мен малшыларға т.с.с. бөлінген. Мысалға, Ежелгі Үнді қоғамы брахмандар – ақ түсті киім киіп ерекшелінген абыздар; кшатрийлер – қызыл киімді әскери адамдар; ваишьтер – сарым киімді саудагерлер; шудралар – қара киімді қолөнершілер мен шаруалар болып касталарға жіктелген. Өзіміздің тарихымыздағы сақтарда да абыз, әскер, малшы мен егінші деген үш топқа бөлінген. Осы сияқты антикалық теңсіздіктерді  ең алғаш болып грек философтары Платон мен Аристотель зерттеп, стратификацияның теориялық негізін әзірледі. Бұған сәйкес кез-келген қоғам үш тапқа бөлінді: жоғары – мемлекет басшылары мен абыздар; орта – мемлекетті бүлік пен тәртіпсіздіктен сақтайтын әскерилер; төменгі – қолөнершілер мен шаруалар. Ал Аристотельдің стратификация теориясында қоғам екі антогонистік тапты – байларды плутократия мен мүліктен айырылған пролетариатты құрайды, бірақ тәртіптің негізі ретінде орта тапты көрсетіп берді.   Халық арасындағы ең кең етек жайған стратификацияның бір түрі – материалдық жағдайға байланысты стратификация. Азаматтардың бай, орташа, кедей деген сияқты таптарға жіктелуі. Мысалға алсақ, жоғарғы билікте отырған адамдар немесе ірі-ірі кәсіпкерлердің табатын айлық табыс мөлшері дәрігер не мұғалімдерден әлдеқайда жоғары. Немесе, Қазақстанның батыс аймағындағы мұнайлы аудандардың халқының жалақысы басқа облыстармен салыстырғанда ілгері тұрады. Мысалы, 2016 жылғы жалақы статистикасына көз жүгіртсек ең көп жалақы алатын өңірлер Атырау мен Маңғыстау облыстары (250 теңгеден астам). Ал ең төменгі жалақы алатын өңірлер СҚО мен Жамбыл облыстары (100 мың теңгеден аз). Жекеленген адамдардың жылжымайтын мүлігі, көлігі т.б. байлықтарымен бөліну де осы категорияға кіреді. Тағы да бір қоғамның стратификациясы – білім деңгейімен айқындалатын бөліну. Қазіргі Тәуелсіз Қазақстан бұрынғы КСРО құрамындағы ҚазақКСРінен жоғарғы білімді азаматтар саны көп, бірақ бұл да бір жіктелудің себебі болып жатады. Орта, жоғарғы білімді адамдардың айырмасы да, елге тигізер үлесінде де өзгешіліктер бар және де біліктілік пен білімді қашан да жетілдіруге болады. Стратификацияның тағы бір түрі – қолындағы билігі бойынша анықталады, яғни басқа адамдарға билігіңді жүргізіп, оларды басқару. Қазақстанның жоғарғы сатыларынан табылатын министрлер мен депутаттардың қолдарындағы күш пен қарапайым  мұғалімнің билігі жер мен көктей. Мекеме басшыларының қолынан келетін жұмысшыны қабылдау, жұмыстан босату, қаржы мәселесін шешу т.б. нәрселер қатардағы жұмысшының қолынан келе бермейді. Енді бір түрі – қоғамдағы маңызы. Дәрігерлер, ұстаздар, полицейлер мен құқық қорғау органдарының маңызы ең жоғарғы сатыда. Оларсыз қоғамның тынышы мен болашағы бұзылады.

...

Скачать:   txt (11.6 Kb)   pdf (175.6 Kb)   docx (101.1 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club