Соғыс және бейбіт уақытындағы жаппай зақымдау құралдарының түрлері
Автор: eayana03 • Декабрь 8, 2021 • Реферат • 2,958 Слов (12 Страниц) • 350 Просмотры
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы[pic 1][pic 2]
ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ
АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ
ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ
БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
«Инженерлік экология және еңбек қауіпсіздігі» кафедрасы
ӨМІРТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ НЕГІЗДЕРІ
Тақырыбы: Соғыс және бейбіт уақытындағы жаппай зақымдау құралдарының түрлері
Топ:БЖДк-20-1
Орындаған:Ерғали А.
Тексерген:Бейсекова Т.
Алматы 2021
ЖОСПАР:
- Транспорттағы төтенше жағдайлар
- Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар
- Транспорттық оқиғаларды топтастыру
- Жол-көлік апаттары және статистикалық мәліметтер
- Транспорттық авариялар
- Поездағы апатты жағдай
- Ұшақтағы апат
- Қалалық транспорттағы апат
- Соғыс және бейбіт уақытындағы жаппай зақымдау құралдарының түрлері
Транспорттағы төтенше жағдайлар
Төтенше жағдайлардың қаупі, туындауы немесе жоюы кезінде ақпаратты беру жөніндегі нұсқау
1.Төтенше жағдайлардың қауіп-қатері, туындауы немесе жоюы кезінде ақпаратты беру жөніндегі осы Нұсқау төтенше жағдайлардың қауіп-қатері, туындауы немесе жоюы туралы ақпаратты беру жүйесін, өзінің күштері және құралдарымен жоюға қабілетсіз табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың болуы мен трансшекаралық таралу мүмкіндігі туралы мәліметтері бар жүйені анықтайды.
2. Төтенше жағдайлардың қаупі, туындауы немесе жоюы туралы ақпарат дер кезінде беріледі: қалалардың, аудандардың,
қаладағы аудандардың, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдіктері Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелеріне, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарына;
ұйымдар – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелеріне, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарына;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелері, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері мен ұйымдары – «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесіне.
Аймақтық төтенше жағдайлардың қаупі немесе туындау жағдайында олар туралы ақпарат дер кезінде беріледі:
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелері, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері мен ұйымдары – «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесі мен тиісті аумақтың әкіміне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің шектес аумақтық бөлімшелеріне және Қазақстан Республикасының шектес әкімшілік-аумақтық бірліктерінің әкімдеріне; орталық атқарушы
органдар ведомстволық бағынысты ұйымдардағы төтенше жағдайлар туралы – «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесіне;
...