Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Саяси сана мен саяси идеология

Автор:   •  Март 16, 2021  •  Эссе  •  573 Слов (3 Страниц)  •  3,000 Просмотры

Страница 1 из 3

Тақырып 12. Саяси сана мен саяси идеология

Тапсырма:

Сана мен ойлаудың жаңа үлгісін әзірлеу: олардың Қазақстан Республикасында жүзеге асуының негізгі стратегиялары мен бағыттары.

Қоғамдық сана өзгеріске түсу процесінде жағымды жағына немесе  жағымсыз жағына өзгереді. Ертеде австриялық ғалым Карл Реннер «ұлт пен мемлекет өзінің дамуында өзі қаласын-қаламасын бәрібір 3 кезеңнен немесе 3 сатыдан өтеді. Ол: ұлттың оянуы, ұлттың дамуы және ұлттың гүлденуі» деп көрсеткен болатын. Осы тұрғыда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» еңбегі көптеген  түйткіл-сұрақтарға, оның ішіндегі қоғамдық сананың жаңғыруы: Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту мен дамыту мәселесіне жауап берді. Қазақстанның тәуелсіздігін жариялауы  президент атап, маңызды «екі процеске қадам жасауға мүмкіндік берді. Олар: саяси реформа мен экономикалық жаңғыру болатын. Кеңес Одағынан қалған саяси реформалар жасай отырып, экономиканы қалыптастыру мен даму жолдарын ұстанды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы ұлттық рух пен ұлттық сананың нығаюына, олардың өзара ұштасуы мен кемелденуіне, ұлттық салт-дәстүріміз бен тілімізді, дінімізді, мәдениетімізді өркендетуге, одан әрі дамытуға, бағалауға, құрметтеуге, бүгінгі күні жаңғыртуға үндейтін, іргелі бағдарламалық құжат болып табылды. Елбасы 2017 жылы - Қазақстанның экономикалық өсуінің жаңа үлгісін жасап, біздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігімізді қамтамасыз ететін Үшінші жаңғыруды іске асыруды қолға алып Қазақстан үшін жаңа дәуірді бастады. Жаңа конституциялық реформа ауқымды саяси жаңғырудың негізін қалап, Үшінші жаңғыруды іске асыруға арналған алғышарттарды қалыптастырды. Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі мемлекет басшысының идеясы қазіргі таңда аса қажетті және орынды идея болды. Әлемде алдыңғы қатарлы мемелекеттер қатарынан табылу үшін әрбәр тұлға және барша халық бірігіп өзіміздің санамызды, ой-өрісімізді өзгертіп, ескірген таптаурындықтардан арылу керектігін көрсетті. Қазақстан - 2050 Стратегиясында Президент Дәстүр мен мәдениет- ұлттың генетикалық коды деп көрсеткен. Жаңғырудың басты шарты- өз мәдениетіңді, өзіңнің ұлттық кодыңды сақтау. Қоғамның рухани жаңғыруы озық дәстүрлер мен ұлттық-мәдени негіздерге арқа сүйеуі керек. Мұндай ұстаным халқымыздың өткенін, қазіргі күні мен болашағын жалғауға, ұлттық сананы дамытуға мүмкіндік береді. Елбасы қоғамды, сондай-ақ әрбір азаматты  жаңғыртудың бірқатар негізгі ерекше бағыттарын көрсетті. Яғни біріншіден- бәсекеге қабілеттілік, компьютерлік сауаттылық, шет елдерді білу, мәдени ашықтық сияқты факторларға негізделген тың жаңалықтарды әлемге ұсыну қабілеті. Екіншіден- прагматизм. Ол бірқатар әдеттер мен таптаурындардан бас тарту, сонымен қатар ұлттың прагматикалық мінез-құлқы мен ойлауын, ата-бабалар дағдыларының тәжірибесін қамтиды.Үшіншіден- ұлттық бірегейлікті, ұлттық «Мен»-нің ішкі мәйегін сақтау. Сонымен қатар, ұлттың дамуына кедергі келтіретін өткеннен арылу керек. Төртіншіден білім салтанаты - ұлттың жетістігі. Алдағы технологиялық революция қазіргі жекелеген кәсіптердің жойылуына алып келген кезде, білім- қол жеткізер табыстың маңызды факторы болмақ. Бесіншіден, эволюциялық даму елдің өркендеуіне жол ашады, бұл жаңғыру идеологиясының қағидаты және сенімі. Алтыншыдан, сананың ашықтығы, аумалы-төкпелі заманда қоғамның және әрбір адамның өзгеріске дайын болуы керек. Бұл көзқарастар қоғамдық сананың жаңғырудың негізі болады. Сол себепті осы бағыттарды жүзеге асыру мақсатында мемлекет басшысы алдағы жылдарға бірқатар нақты жобаларды айқындады.

...

Скачать:   txt (8.7 Kb)   pdf (69.4 Kb)   docx (9.4 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club