Мәдени мұра
Автор: Mistik • Сентябрь 25, 2021 • Реферат • 781 Слов (4 Страниц) • 657 Просмотры
Мемлекеттік бағдарлама — ресурстар, орындаушылар, ғылыми-зерттеу, өндірістік, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық және басқа шаралар. Бұл əлеуметтік-экономикалық даму саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтары мен міндеттеріне қолжеткізуді қамтамасыз ететін ережелердің жүйесі. Ол кіші бағдарламалар мен мақсатты бағдарламалардан түрады, олар, өз кезегінде, ведомстволық максатты бағдарламалар мен негізгі қызмет түрлеріне бөлінеді жəне мемлекеттік(муниципалдык) міндеттер шеңберінде жүзеге асырылатын нақты іс-шаралар түрінде іске асырылады. Бағдарламаның кіші бағдарламаларға бөлінуі мемлекеттік бағдарлама аясында аткарылатын міндеттердің масштабы мен күрделілігіне негізделеді.
Қазір мен Қазақстан Республикасының екі Мемлекеттік бағдарламасын қарастырып талдаймын.Біріншісі «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы.
2003 жылы еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның мәдени мұраларын сақтау, мемлекеттік тілде гуманитарлы білім қорын жасақтау, тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру, сондай-ақ ұлттық әдебиетіміз бен өнерімізді зерттеу үшін бірыңғай жүйе қалыптастыруға бағытталған бағдарлама жасауға керектігін айтып, нақты тапсырмалар берген болатын.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы – мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймасын жасау және қорғау бағдарламасы. Ежелгі тарихтың негіздерін бүгінгі күнмен қосатын жолды құрап, уақыттың үзіліссіз байланысын көрсететін қазіргі дау-дамайдағы адамзатқа қажетті көп қырлы қоғамның тарихи тәжірибесін зерттейді.
Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады.»
Тарихи-мәдени мұрамен хабардар етіп, тек тарихты ғана емес, сонымен қатар болашақта болатын жағдайды баяндайды. Сондықтан да, Елбасымыз осыдан 15 жыл бұрын, яғни 2003 жылы сәуірде Қазақстан халқына жолдауында арнайы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Мұншалықты үлкен жобаны іске асыруды ТМД елдерінің ішінде алғаш бастаған Қазақстан. Елбасының жолдауымен қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуінің дәлелі.
Сонымен бірге, әлемге ұлттық рухани ескерткіштер байлығын паш етеді. Бағдарламаны қабылдағаннан кейін 2004 жылы 51 тарихи және мәдени ескерткіштің реставрациялық жұмысы аяқталып, 39 қалашық пен қорғандарға археологиялық зерттеулер жүргізілді. 218 нысанды қамтыған Қазақстанның тарихи-мәдени және тарихи ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі дайындалды. Ұлттық мәдениет үшін аса маңызды 30 сәулеттік және археологиялық қосымша ғылыми зерттеулер жүргізілді.
Ұлттық мәдени мұраны толық зерттеу жүйесінің құрылуы бағдарламаны құруда аса маңызды болмақ. Республика тәуелсіздік алғаннан кейін толық гуманитарлық білім беру қорын құру мақсатында мемлекеттік тілде алғашқы қадамдар жасалды. Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей және Өзбекстан, Армения, Құрама Штаттар және Батыс Еуропа елдеріне ғылыми зерттеу экспедициялары ұйымдастырылды. Олардың қорытындысы бойынша ғылыми топтарда бұдан бұрын белгілі Қазақстанның сәулеті, этнографиясы, тарихы бойынша шамамен бес мың жазба және баспалар алынды. 350-ден астам кітап, олардың ішінде этнография, археология, тарих бойынша сериялар, жаңа энциклопедиялық сөздіктер шығарылды.
...