Мәдени мұра бағдарламасы
Автор: Zhanel21 • Ноябрь 17, 2021 • Эссе • 266 Слов (2 Страниц) • 3,295 Просмотры
Эссе-Мәдени мұра бағдарламасы
Әр халықтың құнды дүниесінің бірі, әрі бірегейі – оның мәдени мұрасы. Мыңдаған жылдардың тарихын таңбалап, өткен күннен белгі болып қалған тарихи-мәдени ескерткіштер, жазбалар, кешегі күн – бүгінгі тарихтан қандай да бір сыр шертетін деректер – баға жетпес асыл қазынамыз.
Осыдан он жыл бұрын елбасының бастамасымен Мәдени мұра бағдарламасы жүзеге аса бастады.Ауқымды жоба шеңберінде орасан зор жұмыс атқарылды.Жүз деген сериялы кітап жарық көрді. Әдебиет, философия, тарихи жазба, саясаттану топтамалары,энциклпопедиялар, анкология мен сөздіктер, қысқасы адамзат ақыл-ойының күллі қазынасы хатқа түсті деп айтсақ болады.Әсіресе, Бабалар сөзі жүз томдығы бұрын соңды болмаған зор жетістік ретінде дүниежүзі мойындағанын бәріміз білетін болармыз. Жобаға қатысты көрмелер өтіп халқымыздың тарихы мен мәдениеті басқада елдерге көрсетіліп жатыр. Болып жатқан іс-шараларды көріп, мәдени мұра өзінің мақсатына жетті деп ойлаймын. Менің ойымша, Бұл әріқарайда қарастырылып, жинақталатын қор.Жалпы біздің ұлтымыздың Рухани екінші тынысын ашқандай әсер қалдырады.Осылайша, қазақ руханияты жаңа кезеңге қадам басты десек қателеспейміз. Оған мысал ретінде мынаны айтсақ болады.Діни сәулет ескерткіштері ғасырлық қойнауынан ашылып алынып жатыр.Қалашықтар мен қорғандарға археологиялық зерттеулер жүргізілді. Таңбалы-петроглифтер мемлекет қорғауына беріліп, Архон-Енисей жазбаларының көшірмелері елге әкелінді. Нәтижесінде біз археологиялық ескерткіштерден тұратын тамаша көрініске куә болдық. Сонымен қатар ғылыми еңбектер сан алуан кітаптар мен альбомдар шығып өз оқырмандарын тапты. Яғни, бұл бағдарлама өзінің ауқымы жөнінен барлық саланы басып озды деп айта аламыз.Осы тұрғыдан келгенде басқа елдер бізден үлгі алу керек деп санаймын .
...