Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мен елімнің президенті болсам

Автор:   •  Декабрь 4, 2020  •  Эссе  •  1,515 Слов (7 Страниц)  •  852 Просмотры

Страница 1 из 7

Мен елімнің президенті болсам...

I.Кіріспе:

а) Президент деген кім?

II. Негізгі бөлім:

а) Президент болу үшін...

ә) Егер мен елімнің Президенті болсам...

III. Қорытынды:

а) Еліміздің ертеңі жарқын болашақ - біздің қолымызда.

Президент (латын тілінде praesidens - басшы, алдыңғы қатарда отыратын) - республикалық елдердегі мемлекет басшысы.

Президент - елбасы, сол елдің тұтқасы, басқарушысы, қорғаны. Мемлекеттік саясат жүргізіп, елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және елдің саяси- әлеуметтік жағдайын жасауды басты міндет етіп қоюға тиіс,бір елдің көшбасшысы, халықты алға бастаушы бірден-бір адам.

Президент конституциялық талаптарға сәйкес келетін азаматтар арасынан белгілі бір мерзімге  дейін сайланады. Көбіне бір адам екі реттен, кейбір елдерде бір реттен артық президент бола алмайды. Бірқатар елдерде қайта сайлану санына шек қойылмаған. Президентті тікелей азаматтар, іріктелген сайлаушылар, парламент, арнаулы сайлау алқасы сайлайды. Көлемдері әртүрлі болғанмен, президент өкілеттігі барлық елдерде бір-біріне ұқсас болады.Президентке басты билік тетіктері берілген, бірақ президент өкілеттілігі басқару нысанына байланысты әртүрлі жолмен жүзеге асырылады. Көптеген мемлекеттерде президентке ешкімнің тиіспеушілік құқығы берілген. Оны әкімшілік тәртіпте ұстауға және әкімшілік жауапкершілікке тартуға болмайды, қылмыстық жазаға лауазымынан айырғаннан кейін ғана тартылуы мүмкін. Бұдан президенттің әрқашанда халық үшін сыйлы, ерекше құрметке ие екендігін байқаймыз.

Қазақстан Республикасының Президенті  - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында бірлігі жарасқан, егемен, бейбіт елміз. Нұрсұлтан атамыз - еліміздің тұңғыш президенті, сондықтан осы күнге дейін жеткен жеңістеріміз бен жетістіктерімізге Нұр ағаның еңбегі өлшеусіз.

Кімнің болмасын, Нұрсұлтан Назарбаев атамыздың сара жолын жалғастырып, мықты президент болғысы - ақ келеді ғой. Лауазым жоғарылаған сайын, бағың мен байлығың үйлескен сайын - абыройлысың. Әйтсе де, лауазым жасаған бір ғана дүниеден беріле салмайды, ол оншалықты оңай жетістік емес. Сондықтан, президент болу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Ол үшін үлкен кемеңгерлік пен асқан жауапкершілік және ең бастысы мықты саясаткер болуың керек. Елбасының міндеті біреу ғана, ол - халықты тек жарқын келешекке жетелеу. Осы лауазымда жұмыс істеу –асқан жауапкершілікті, мойымауды, талмауды  өте қажет етеді.  Миллиондаған адамның өміріне жауап беру, олардың жағдайын жасау – қиынның -қиыны. Сондықтан, президенттікке үміткер әрбір адам кез келген тығырықтан шыға білу, мәселені оңай жолмен шеше білу секілді әдіс - тәсілдерді жетік меңгеру керек. Сондай-ақ, адамның бойында үлкен, тіпті дара ойлар мен мақсаттар, табандылық пен шыдамдылық, сарқылмас білім, таусылмас жігер де намыс та керек. Мен үшін, ел басқару ісіндегі  ең бірінші талап, қазіргі таңда көптеген билік өкілдеріне жетіспейтін қасиет - әрбір істе адалдық.

«Егер мен елімнің Президенті болсам» немесе «Президент болып, мен не істей аламын?» деген сұраққа мен де жауап беріп көрейін. Алаштың ер азаматтары тұрғанда,  «Қазақтың қызы»  болғандықтан, ауызға түскенді айта салу ыңғайсыз. Дегенмен де өз пікірімді қосайын.

Мен егер Президент болсам, ең бірінші жастардың дұрыс қалыптасуына ықпал етер едім, өйткені елдің болашағы - жастар. Сапалы да білімді жас жеткіншектерден үлкен тұлға қалыптастыруға көп көңіл бөлер едім. Неге? Өйткені, бәріміз тек бүгін бармыз. Ал жастар - келер ұрпақ, олар біздің ізімізді жалғастырушы. Ата - бабамыздан қалған үлкен де асыл байлығымыз - Тәуелсіздігімізді сақтау үшін, бізге сапалы да сауатты адамдар керек. Ал қазіргі кезде білім алу өте қиын, расын айтқанда... Сол үшін осыған баса назар аударар едім.

...

Скачать:   txt (20.8 Kb)   pdf (71.5 Kb)   docx (13.1 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club