Гендерлік теңсіздік әлеуметтік теңсіздіктің бір түрі ретінде
Автор: Sayat Baikenov • Ноябрь 8, 2020 • Реферат • 518 Слов (3 Страниц) • 662 Просмотры
Гендерлік теңсіздік әлеуметтік теңсіздіктің бір түрі ретінде
Адамзат тарихында әлеуметтік теңсіздік кең тараған құбылыс. Қоғамда барлық құндылықтар біркелкі үйлестірілмейді. Әлеуметтік жіктелу – табысы, білімі, беделі, тегі, ұлты, діні, нәсілі және жынысы бойынша әр түрлі негізде қалыптасады. Әр түрлі қоғамдарда этникалық, діни, нәсілдік азшылықтарды қудалаған немесе биліктен, игіліктерден шеттеткен. Ал жынысы бойынша барлық қоғамдарда еркетердің патриархалдық билігі әйелдерге үстемдік орнатқан. Әйелдер дәстүрлі қоғамдарда еркектерден төмен қойылған. Жеке әйелдер ғана үлкен билікке, байлыққа және беделге ие болған. Ал әйелдердің көпшілігі құқы шектеулі азшылыққа жатқызылды. Олар азшылыққа тән кемсітуге ұшырады. Себебі қате түсінік, наным бойынша әйелдің денелік, психологиялық ерекшеліктерін оның қасиеттері бойынша кемшін көруге әкелді. Ал әлеуметтік сатыда төмен қойылған әйелдердің өзін жақсы жағынан көрсету мүмкіндігі төмен болғандықтан, ғасырдан-ғасырға қате түсініктер көбейе берген.

Сонымен гендер ойтұжырымның негізгі мәні адамдардың теңдігін өз жынысының шеңберінде жеке тұлғаның дамуын шектейтін кедергілерді жоюды жүзеге асыру болып табылады. Әйелдердің еркектерден айырмашылығы биологиялық әлде әлеуметтік негізде қалыптаса ма деген сұраққа ғалымдар әртүрлі жауап бергені басында айтылды. Егер айырмашылық анықталып жатса, бұл ерлер мен әйелдердің гендерлік айырмашылығы деп түсіндіріледі. Айырмашылық табылмаған жағдайда жалпы жыныстың әсер етпейтіні айтылады. Бұның бәрін дәлелдеу үшін биологиялық, физиологиялық, психологиялық ерекшеліктері туралы көптеген зерттеулер жүргізілуде.
...