«Ақпараттық қауіпсіздікті» қалай түсінесіз және бұл қалай көрінеді?
Автор: meruyertturdiyar • Апрель 29, 2023 • Эссе • 548 Слов (3 Страниц) • 260 Просмотры
Эссе
«Ақпараттық қауіпсіздікті» қалай түсінесіз және бұл қалай көрінеді?
Ақпаратты өңдеу құралы ретінде компьютерлік технологияның кең таралуы қоғамды ақпараттандыруға және түбегейлі жаңа ақпараттық технологиялардың пайда болуына әкелді. Кез-келген жаңа технологияның пайда болуының, әдетте, жағымды да, жағымсыз да жақтары болады. Мысал келтіретін болсам, атомдық және химиялық технологтар энергетика және жаңа материалдар өндірісі мәселелерін шеше отырып, экологиялық проблемаларды туындатты. Көліктің қарқынды дамуы адамдарды, шикізатты, материалдар мен тауарларды қажетті бағытта тез және ыңғайлы жеткізуді қамтамасыз етті, бірақ көліктердің себебінен материалдық шығындар мен адам шығыны өсті. Ақпараттық технологиялар да осы ережеден тыс емес, сондықтан мұндай технологияларды әзірлеу және пайдалану кезінде қауіпсіздікке алдын-ала сақтық шараларын жасау керек. Қазіргі уақытта көптеген адамдардың әл-ауқаты, кейде тіпті өмірі ақпараттық технологиялардың қауіпсіздік деңгейіне тікелей байланысты.
Қазіргі технологиялық дәуірде ақпарат ең маңызды актив болып табылады, сондықтан оны кез-келген жағдайда қорғау керек. Ақпараттық қауіпсіздік дегеніміз деректерге олардың құпиялылығы мен тұтастығын қамтамасыз ететіндей рұқсатсыз қол жеткізуді болдырмау болып табылады . Іс жүзінде ақпараттық қауіпсіздіктің қолжетімділік, тұтастық, құпиялылық атты үш маңызды негізі бар. Қолжетімділік дегеніміз. талап етілетін ақпараттық қызметті ақылға қонымды уақыт ішінде алу мүмкіндігі. Тұтастық - ақпараттың өзектілігі және жүйелілігі, оның бұзылудан және рұқсатсыз өзгеруден қорғалуы. Құпиялылық айтпаса да түсінікті, ақпаратты рұқсатсыз оқудан қорғау. Ақпараттық қауіпсіздіктің болмауының көрінісі осы үш аспектінің болмауынан туындайды.
Ақпараттық қауіпсіздіктің болуы адамның жеке басынан бастап, компаниялардың, топтардың, жеке мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың деңгіне дейін маңызы арта береді. Мәселен, ақпараттық қауіпсіздіктің болмауы бәсекелестерге жаңа өнімдер туралы құпияның жайылып, еңбегінің зая кетуіне, шығынға әкелуі мүмкін. Фирма үшін оның ішкі ақпаратын қорғау өте маңызды, өйткені бұл зияткерлік меншіктің жоғалса, бәсекелес фирмалардың сіздің өніміңізді шығаруы немесе одан да жақсы өнімді дайындауы мүмкін. Сол сияқты, үкіметтер, корпорациялар, әскери, қаржы институттары, басқа да сезімтал салалар арасында қосымша қауіпсіздік шараларын қолдануы керек, өйткені ақпараттың сақталмауы оның дұрыс емес қолдарға түсуіне соқтырады.
...