Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ата-ана мен баланың ара қатынасы және Отбасы институты

Автор:   •  Октябрь 5, 2023  •  Реферат  •  653 Слов (3 Страниц)  •  204 Просмотры

Страница 1 из 3

ӘОЖ(УДК) M777

Серік Мұхаммеджан

Жамбыл инновациялық жоғарғы колледжінің

4 курс білім алушысы

muhammedjanserik@gmail.com, +77479774074

Ата-ана мен баланың ара қатынасы және Отбасы институты

Бұл дүниедегі ең сүйкімсіз іс - отбасы ішіндегі ұрыс керіс, әсіресе, ата-анасымен ұрысқан бала. Алайда, “бала мен ата-ана арасындағы келіспеушіліктер” тақырыбы күннен күнге ауқымдырақ болып келеді, және қазіргі таңда тек Қазақстанды ғана емес, бүкіл әлемді ойландыратын мәселелер тудырып жатыр. Соның салдарынан бүгін желіден мынадай жаңалықтар оқи аласыз;

АҚШ-тың Луизиана штатында Кламидия атты 18 жасар қыз өз есіміне разы болмай, ата-анасын сотқа беріп, 4,8 миллион доллар талап еткен.[1]

18 жасар Рейчил Каннинг: “Бірге тұрамыз”- деп, ата-анасының үйіне жігітін алып келген, олар қарсылық білдіргенде, үйден қашып кетіп, келесі күні: “Ақша бермей жатыр”- деген сөздермен ата-анасын сотқа берген. [1]

Алыс емес, өзіміздің Алматымыздан, жасы 80-ге келіп қалған Қадір Нукин өзінің 20 жыл бұрын Америкаға кетіп қалып, әкесімен хабарласпаған бала шағасынан Алимент талап етіп отыр. [2]

Бұндай үлкен мәселелер қайдан шығады? Балалардың ата-ананы құрметтемеуінің себебі қайда жатыр? Заман бұған қалай әсер етеді? Және қалай бұның алдын алуға болады?

Бұндай мәселелердің шығатын көзі - дұрыс берілмеген тәрбиеден екені айдан анық. Ең қызығы - жоғарыдағы барлық жағдайларда ата-аналар балаларына беріп жатқан тәрбиесінің дұрыстығына күмәнданбаған, бірақ жылдар өткен соң, нәтижені көріп, аң-таң болады.

Ата аналардың ең көп жіберетін қателіктерінің бірі - бала мен ересекті екі адам деп түсінуі. Егер дұрыстап ойлансаң, баланың 10 жасар кезі мен 20 не 30 жасар кезінде үлкен айырмашылық болмайды, 3 кезеңде де бала бір мимен ойланады, бір әдеттермен жүреді, 3 кезеңде де балалардың бір жаны, бір тәні болады. Демек баланың отбасыдағы орыны оның болашақта мектептегі және жұмыстағы орынына тікелей әсер етеді. Егер бала 7 жасында ата-ананы сыйламаса, оның 18 не 25 жасында да ата-ананы сыйлауы екі талай, ал ата-аналар 7 жасар баланы тәрбиелеген кезде оның өсе келе бәрін өзі түсінінетіне өте үлкен үміт артады. Отбасылық өмірде бұл құбылыс көзге түсетін қандай зияндарын тигізіп жатыр? Бірден ескеріп кетейік, жақсы баланы тәрбиелеу - қиын, әрі қымбат іс, көп еңбек, уақыт пен шығынды талап етеді, арзан тәрбие арзан баланы шығарады, сол үшін баланың қаншалықты тәрбиелі болатыны сіздің оған қанша күш пен уықытыңызды бөлетініңізге тікелей байланысты.

...

Скачать:   txt (8.8 Kb)   pdf (69.6 Kb)   docx (10 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club