Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Дерсу Узала

Автор:   •  Декабрь 25, 2018  •  Сочинение  •  448 Слов (2 Страниц)  •  617 Просмотры

Страница 1 из 2

 

                                                          Эссе        

 Мен әлем әдебиетінің үздік шығармаларының бірі Владимир Арсеньевтің «Дерсу Узала» кітабын оқыдым. Орыс халқының талантты жазушысы, әрі саяхатшысы В.К.Арсеньевтің есімін әлемге әйгілі еткен де осы кітап деп ойлаймын. Бұл кітаптың мені қатты қызықтырған себебі: Өмірлік тәжірибеге сүйенген деректер негізінде баяндалған. Мен Дерсу Узаланың жан-жануарлар мен табиғатқа деген шексіз махаббатына, адамгершілігіне тәнті болдым.                                                                                                                                                        

 Кітап Уссурий өлкесіне жасалған тұңғыш экспедиция, яғни, адам аяғы баспаған, ит тұмсығы өтпейтін қалың ну ормандарды жүріп өткен ержүрек саяхатшы мен құралайды көзге атқан мерген досы Дерсу туралы қызықты әрі көзбен көріп, қолмен ұстағандай керемет жазылған. Бұл кітап тек саяхат жөнінде жазылмаған. Байлардың кедейлерге, мықтылардың әлсіздерге жасайтын әділетсіздігі де суреттелген. Мысалы қытайлық Ли-Тан-куй Вагунбе өңіріндегі ешкімге зияны жоқ удэхелерге жасаған қиянаты дұрыс емес деп ойлаймын. Мен өз бойымды осындай жаман әдеттерден аулақ салғым келеді. Десудың ешқандай білімі болмаса да осындай дарынды, яғни ізді болжайтыны, табиғатты аялауы, мергендігі мені таң қалдырды. Менің ойымша Дерсу досқа адал жан. Оның дәлелі: Ағыны қатты өзеннен өткенде Дерсу өз басын қатерге тігіп, досын аман алып қалады. Тек Дерсу ғана емес, барлық удэхелер сондай батыл, әрі төзімді екенін білдім. Дерсудың аңдар мен құстарды қатты бағалап, қастерлейтіні соншалық, ол аңдарды да адам деп атайды. Қазақта «Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген мақал бар. Дерсу орманда жүргенде өзін қандай еркін сезінсе де, капитанның үйінде өмір сүре алмады. Дерсудың тағы бір жақсы қасиеті ешқашан ешкіммен қызыл кеңірдек болып салғыласпайтындығында еді. Әрбір адамның оқу оқып, білім алғаны дұрыс, әрине, бірақ Уссурий өлкесіндегілер ешқандай арнайы білім алмайтыны мені таң қалдырды.

...

Скачать:   txt (3.9 Kb)   pdf (38.5 Kb)   docx (10.7 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club