Эмоциялар және эмоционалдық интеллект
Автор: Zhuldyzai02 • Февраль 27, 2021 • Эссе • 519 Слов (3 Страниц) • 1,217 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті
Эссе
Тақырыбы: Эмоциялар және эмоционалдық интеллект
Орындаған: Лес Жұлдызай
Тобы: ЕП 19-15к
Қабылдаған: Акимбаев А.
Шымкент,2020
Уильям Джеймс дәлелдегеңдей, эмоцияда «сезімтал» және когмитивті құрамдас бөліктер бар. Эмоцияның қоссыңарлығы жөніндегі тұжырымдаманы музыкалық автоматтан ән ойнату процесімен салыстырып түсіндіруге болады: алдымен машинаны тиын салып іске косу керек; кейін қажетті түймелерді басу арқылы қалаған әніңізді таңдайсыз. Эмоция да дәл осындай - ол да физиологиялық шабыт пен сөз белгісіи талап етеді. Нақтылап айтсақ, егер біз орманда ашулы да аш аюға кезігіп қалсақ, бойымызда физиологиялық өзгеріс пайда болады. Осындай өзгерістің себебінен қатты толкисыз. Физиологиялық тұрғыдан алғанда, бұл - жүйке жүйеміздің реакциясы. Біреуге қатты ашуланып, қаһарыңызды төккенде қандай күй кешесіз? Мұнда да дәл сондай сезімді бастан кешіресіз.
“Үрейіңді ұшыратын хайуанның (аш аюдың) қасында тұрғанымызды когнитивті түрде түсінгенде ғана осы қарымта реакцияны біз қорқыныш деп (ашу да, эйфория да емес) түсіндіреміз. Үрейленетіндей ештеңе болмаса да, физиологиялық қозу күйіне тап болсақ ше? Мысалы, ішіп отырған сусынымызга біреу физиологиялық қозу тудыратын химиялық затты байқатпай салып жіберсе ше? Біз қорқыныш ты сезінеміз бе? Оңтайлы қоздырғыш жанымызда болмаса, сезінбейміз” дер еді Уильям Джеймс
Эмоцияларды бiрнеше топқа жiктеуге болады. Олардың бiр тобы жағымды не ұнамды эмоциялар деп аталады. Бұлар адамның тiршiлiк қажетiне орайлас, оның iшкi өмiрiнiң шарықтап, жан-жақты өсу шарттарының бiрi болып табылады. Мәселен, қуаныш, сүйiспеншiлiк, көңiл қоштық т. б.- осындай эмоциялардың ендi бiр тобы жағымсыз не ұнамсыз эмоциялар делiнедi. Бұлар — белсендi әрекетке азды-көптi нұқсан келтiретiн қораш сезiмдер. Мұндай эмоцияларға қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, үрейлену, үмiтсiздену т. б. жатады. Осы айтылғандармен қатар, қарапайым және күрделi эмоциялар болып та бөлiнедi. қарапайым эмоциялар адамның органикалық қажеттерiнiң өтелу-өтелмеуiне байланысты туып отырады. Мысалы, күрделi түрлерiне: көңiл, аффект, құмарлық эмоциялары кiредi.
...