Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Психосоматика туралы жалпы түсінік

Автор:   •  Февраль 26, 2020  •  Лекция  •  772 Слов (4 Страниц)  •  1,750 Просмотры

Страница 1 из 4

        Психосоматика (грек тілінен аударғанда psyche – жан, sona – дене) психикалық факторлардың , соматикалық аурулардың пайда болуына және оның ағымына әсер етуін оқитын медициналық зерттеулердің бағыты. Психосоматиканың астарын кең мағынада зерттеу барлық проблемалар кешендері психика мен физиологияның адам организмінің тіршілік әрекетінің механизмдерімен өзара ықпал жасаумен байланысты. Кейбір зерттеулер «психосоматика» терминін теоретикалық қатынаста алғанда психоанализ идеяларына негізделген және онымен шығарылған терапевті әдістерді қолданатын қазіргі заманғы батыс медицинасында бағытын белгілеу үшін тар мағынада қолданылады. Психикалық жағдай көптеген соматикалық аурулардың тууына және оның асқынуына әсер ететініне дәрігерлердің күмәні жоқ. Алайда психосоматиканың түрлі бағыттарында психогенді фактордың соматикалық аурулардың тууына ететіні барысында айрықша ерекшеліктер бар. Психосоматиканың концепциялары медицина тарихының дамуы барысында түрлә өзгерістерге ұшырайды, алайда оларда тұрақты екі бағыты бар материалисті және идеалисті ХХ ғасырдың 40 жылдарының аяғынан бастап Батыс Европа және Америка медицинасында психосоматикалық арақатынас мәселесі субъективті идеалистік психодинамикалық концепциялар негізінде қарастырылады, анықталатын мәселе бала кезінде қалыптасатын түрлі ұрыстардан құралады. Артынан ол түрлі соматикалық ауруларға ұласады. АҚШ-та және Францияда психосоматика негізінде ортодонсальді психосоматикалық бағыты Батыс Германияда психоанализден басқа негізгі рольді К.Ясперстің экдистенцлизмі ретінде дамиды. Психосоматикалық бағытын дамуына тағы неоплатонизм және неолатизм үлкен әсер етеді. Психосоматикада психодинамикалық қарауды жақтаушылар Далбар ілімі, соматикалық аурудың түрімен ауру адамның жеке мінезінен байланыс тапқысы келеді. Басқа ілімді жақтаушылар Александр ілімі, соматикалық аурудың түрін эмоциональды конфликтпен байланыстырады.

        Кейбір шетел зерттеушілері, мысалы Штирлин психосоматикалық қатынастың біраз сұрақтарын эмоционды-биологиялық аспектіде қарастырады. Психосоматикада психодинамикалық концепциялардың жетіспеушілігі олар негізінен жай ойдағы психосоматикалық талқылаулардан құралғандықтан, Мысалы: гипертоникалық ауру агрессияға көп ұшырағандарда кездеседі дейді. Бала кезіндегі экзема бала мен анасының арасындағы байланыс ерте үзілгендіктен дейді. Язвалық колит көбінесе өзін-өзі ұнатпайтын адамдарда болады дейді. Бұндай талқылаулар оларды экспериментті түрде дәлелдеу мүмкін болмағандықтан олар психосоматикалық психодинамикалық концепцияларды жақтаушылар психосоматика медицинасының халықаралық ағымына біріктірілген. Психосоматиканың мәселелерін қарастыратын негізгі шетел журналдары Psychosomabic Medicine  (США), Zeitschriftfur Psychosomabische Medizine und Psychoanalyse (ФРГ), Revue de Medicine psychosomabique etde psychologie medicale (Франция), Psychosomabische Medizine (Швеция), Medicina Psychosomabica (Италия). Отандық медицинада психосоматиканың дамуы материалистік дәстүр бағытында құрылды. Әрбір ауру адамға жеке жағдай жасау, ағзаның морффизиологияның жүйелерінің жағдайын ескеру, сонымен қатар ауру адамның жеке тұлға ретінде қарау М.Л.Мудров, Е.А.Захарин, С.П.Боткин деген орыс клиницистарымен ұсынып негізделген. Өз кезегінде И.М.Сеченовпен, И.П.Павловпен, И.Е.Введенмен енгізілеген нервизм теориясының дамуы соматикалық порцестердің жүйкелік регуляциясы негізінде тәжірибелік ғылыми жаратылыс базасын құруға мүмкіндік береді. И.П.Павлов енгізген тәжірибелік невроз әдісін, мысалы стрестің арқасында жануарларда пайда болатынкардиоваскулярлы бұзылыстардың пайда болу процесін модельдеуге қолданады. Соматикалық аурулардың пайда болуында рефлекторлы қызметтің ролі К.М.Быков және оның қызметкерлерінің кортико вицеральды паталогияға арналған жұмыстарында тәжірибелі түрде ақылы және теоретикалық түрде енгізілген. Өмірде психосоматикалық аурулардың екі тобын айтуға болады. 1. аурудың пайда болуы генетикалық түрде болса (қант диабеті, астма, аллергия).  2. генетикалық қатысы жоқ аурулар. Психосоматикалық ауруларда органның жұмыс істеуі бұзылса, невроз да ондай патология байқалмайды. Психосоматиканың мәселелерін шешу үшін қазіргі заманғы ғылыми шешім, ал де бөлек субстанция ретінде емес, материяның белгілі бір өнімі ретінде қарастыру. Бұндай шешім психосоматикалық қатынастарды күрделі көп түрлі ағза қызметтерінің түрлі деңгейлерінің жүйесінде қарастыруға мүмкіндік береді. Соңғы жағдай психиканың ағзаның физиологиялық процестеріне және оның жеке жүйелеріне әсерін анықтайды. Әрбір адам өзінің қоғамына байланысты әлеуметтік және этикалық жағынан әртүрлі болады. Сондықтан әрбір адам кез-келген жағдайда өзгеше қабылдайды. Объективті тіркеу күшті өлшеу жіне психикалық факторлар қызметінің өзгешелігі психологиялық тәжірибе, сонымен қатар клиникалық тәжірибе белгілі бір себептер тудырады. Ақырғы кезде психосоматиканың мәселелерін ғылыми қарастыруда, біркелкі және объективті түрде бағаланатын эмоциональды стрестің ролін оқуға көңіл негізгі осыған бөлінеді. Зерттеудің бұл бағытын құруда Г.Сельенің адаптационды синдром жқмысы үлкен орын алады. Соматикалық аурулардың қауіп-қатерін қарастыруда эпидемиологиялық әдісті қолдану психикалық факторлардың пайда болуын және олардың алатын орнын тіркееуге мүмкіндік береді. Рочестер (АҚШ) қаласында халықтың кең көлеміне ұзақ уақыт аралығында жүргізілген зерттеу ауруханада жатқан көптеген ауру адамдарда соматикалық ауру пайда болмай тұрып қорқыныш және шар шаңқылық сияқты аффектілер болғанын көрсетеді. Осыған байланысты депрессиялық реакцияның үмітсіздік сезімімен байланысқан ерекше түрі белгіленген. Жаиыр мойнының ісігі, лейкоз, ревмотоидты артриттің пайда болуымен аффективті қобалжудың арасында белгілі бір байланыс байқалады және олар аурудың өршуіне ықпал етеді. Эмоциональді стрестен жүрек тамырларының ауруға шалдығуына әсер ететіні туралы П.К.Анахинмен жүргізілген нейрофизиологиялық зерттеу ұзақ уақыт немесе бірнеше рет қайталанатын психикалық әсер ететін факторлардың арқасында пайда болатын гипертоникалық аурудың патогенезін және этиологияны түсіндіруге мүмкінді береді. П.К.Анахин әрбір эмоция адамның жүрек тамырларына , қозғалу жүйесіне әсер етеді деп айтқан. Ауруды ұзақ уақыт емдегенде кері әсер мен асқортыу жүйесінің нашарлауы мен шартты рефлекторлы байланыс орнауы мүмкін. Емделіп шыққан кезден кейін де кері әсерлер  өт қызметі бұзуы мүмкін, сосын да әр адамда өзіне тән эмоциональды стресс кезінде психосоматикалық қарым-қатынасты зерттеу кезіндегі белгілі бір жетістіктер психосомаиткалық мәселелерін ғылыми түрде зерттеу мүмкіндігін береді.

...

Скачать:   txt (12.1 Kb)   pdf (64.1 Kb)   docx (10.3 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club