Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Психология менің өмірімде және менің мамандығымда

Автор:   •  Октябрь 8, 2025  •  Сочинение  •  1,254 Слов (6 Страниц)  •  38 Просмотры

Страница 1 из 6

Еуразия Ұлттық Универсиеті

                                         Кафедра: Психология

СӨЖ

         

 Тақырыбы:  Психология менің өмірімде және менің мамандығымда

Орындаған:Жұмат Ұлжан

Қабылдаған:Бейсенова Назерке

Тобы: B041-3103-2501

Курс: 1

       

                                                 

                                                    2025 жыл

     

                                                   Мазмұны:

   

КІРІСПЕ;

НЕГІЗГІ БӨЛІМ:

1)Психология менің өмірімде

2)Психология менің мамандығымда

ҚОРЫТЫНДЫ;

                                                       КІРІСПЕ

 Психология ғылымы адамның психикасын,сана сезімін оның ішкі әлемі мен ойлау қабілетін,іс-әрекеттер арқылы мінез құлқын анықтайтын грек тілінен «псюхе»-жан,  «логос»-ғылым деп аударыла, жалпылағанда «жан тану» жайлы ілім болып табылады.Көне дәуірден дамудың ең жоғары сатысына жеткен жаратылыс-адам деп саналды.Және бұл жаратылыстың басқа жаратылыстардан айырмашылығын ескертсек оның санасы бар,санасы бар болғаннан еңбек ету арқылы миының көлемі ұлғайып, ойлау қабілетіне ие болған,ерекше төңкерістерді жасай,бір әлемді құрай алған «жоғары сатыдағы» сөзіне лайықты жаратылыс екені айдан анық бола түседі.Адам-саналы құбылыс болғандықтан оның көп қырлы, терең сырлы тұстарының ғылыми түсініктемесін бере алатын бірден бір ғылым-осы психология.Адам психикасын және оның даму заңдылықтарын зерттеп,адам әректтерінен себептерді іздеу,оны түсіну,патологияны анықтау,объективті тұрғыдан көрсете алу негізі болатын психология пәні жәй университеттегі пән емес,ол айналамыздағы адамдардың арақатынасында,біз құрап тұрған қоғамда,үйдегі жақындарымыздың сөздерінде бар өмірімізден еркін орын алып тұрған ғылым.

                                Психология менің өмірімде

Адам болған соң қоршаған ортамен байланыс орнатуын шарт.Ал адамды күнделікті қоршайтын тек заттар мен табиғат ландшафтылары емес,адамдар.Адамдармен байланыс әрбір адамға ауадай қажет.Адам мен адам сөз алмаспаса,бірің-бірі көрмесе,байланыс құрмаса екеуі де мына әлемнен бейхабар қалып адам деген аттан аулақ кетер еді.Қоғамды құраған адамдардың байланысында,өмірінде әркімнің өзі атқаратын белгілі бір рөлі бар.Берілген байланыс рөлі арқылы бір адам екінші адамның өміріне ықпал жасап,айтылған оқтай сөздері мен жасаған іс-әрекеттерімен буыны қатпаған,қаршадай балаға да әсер ете алады.  Өмірді кино ретінде көретін бақылаушы жан үшін ондағы әрбір рөлдегі адамдардың болмысы қызық.Олар не үшін бұлай сөйлейді,кім үшін дәл осылай әрекет етеді деген сұрақтар мазаны бермейді.Шынайы өмірде де дәл осылай адам болмысының сан қилы тұстарын көріп,себебін анықтауға деген құлшыныс ашылып тұңғиық ойға түсіріп жібереді де өзіңді олардың орнына қойып көріп ішкі демеуін ұғынуға тырысасың.     Қарым қатынас,байланыс,болмыс,сезімдер,сөздер өзің үшін ақ пен қара түске бөлінген әлемнің бар екенің білдіреді.Осылайша ақ пен қара түс қана бар әлемді түсіну үшін алдымен өзіңді танып,өзіңді түсіну керектігі мәселесі туындайды.Менің жағдайымда бұл мәселені азда болсын шешімің табуға болатын кіріспе психология болды.Психология қазақ қоғамының таптаурыныңда қалған,көп айтыла бермейтін кейде тіптен айтуға тыйымдай ғылым еді.Психология тек психтарды емдейтіндер үшін деген қауешек мидан шыққан пікірге ел есіп кететін-ді.Бірақ та жалғыздық тек Құдайға тән деп жалған өмірдің шым-шытырығын бағып тіршілік кешіп жүргенде бір әлемді жаулаған індет адамдарға қоғамнан,күнделікті тіршілік міндеттерінен ұзақ үзіліс берген.Жұмыс жоқ ,оқу алыста бірі жақындарымен біреулері жақындарына жете алмай жалғыз қалғанда арақашықтықты жақындатқан бір телефон мен ғаламтор.Бір жылдың ішінде адамдарды ойландыруға әкелген,жаңа қоғамның құрылуына ықпал еткен,жаңашыл жастарды шығарған,ескі үрдістердің арты мен алдың болжаған, ең бастысы адамдар өз өздерін тыңдай бастаған уақытты ғаламтор әкеле алды сонымен қатар адамдар моральдік қажеттіліктерін қамтамасыз ету маңызды екенің түсінді.Осы арада психология ғылымы өз діңгегің қазақ қоғамындағы таптуарындарды езіп отырғыза алды.Адам да қоғам да және мен де психологияның маңызын түсіндім.Бұл ғылымды білуім арқылы өзімнің толық адам екенімді, көріп жүрген күнделікті кинода өз рөлім бар екенің анықтадым.Өзімді ашып көрсете алмайтын,ойымды кез келген жерде бөлісе алмайтын,адамдармен тез тіл табысуым қиын,өз ортасынанан бөлініп қалып қоя беретін әлжуаз адам емес,ішкі ойлары маңызды,сезімдері биік, өзіңе жайлы орынды асықпай іздейтің темперамент пен типке жататын және асылында жалғыз мен ғана осындай адам  емес екенімді зұлмат індет берген ғаламтордың,әлеуметтік желілердің арқасында білдім.Өзім сияқты адамдарды көріп тіптен танымал экрандағы жұлдыздардың біршамасында бірдей мәселеміз бар екенің адамдардың бәрі бір жаратылыстан, ешкімнің ешқандай артықшылығы не кемшілігі жоқ екендігін түсіну менің есейуімнің алғашқы белгілері еді.Сол белгілерді танып әрі қарай өз жолымды табуға ат салысқан психология менің жабық мінезінің ерекшеліктерің түсіндіре алды, маған жаңа идеялар тастады,менің даму жолыма септігін тигізген бірден бір салаға айналды.

...

Скачать:   txt (13.5 Kb)   pdf (69.9 Kb)   docx (138.7 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club