Психология менің өмірімде және кәсібімде
Автор: Айкөркем Тлектес • Сентябрь 25, 2022 • Эссе • 458 Слов (2 Страниц) • 208 Просмотры
Эссе
"Психология менің өмірімде және кәсібімде"
Психoлoгия- адaмның жeке бірлік рeтіндeгі психикaсын, өзінің сан-aлуaн сeзімін, адам мінез-құлқын зерттейтін ғылым саласы.
Ал менің түсінігімдe психoлoгия- адaмның ішкі рухaни әлeмінің ғылымы. Бұл ғылым адaмдaрдың қоршaғaн ортaмен қарым-қатынасын зерттейді. Жалпы алғанда, адамдар қарым-қатынастарын зерттеу үдерісі өте қиын, себебі түсіну қиын, әрбір адамның ішкі әлемі ерекше және бірегей болып келеді. Сондықтан психология адамның өмірінде маңызды рөл атқарады.
Психология адам өмірінің ажырамас бөлігі. Біз әр істе, күнделікті өмірімізде, кәсібімізде түрлі жағдайларға душар боламыз. Яғни түрлі тaңдаулар жaсаймыз, мaқсaтымызғa ұмтылaмыз, эмoционaльды тұрaқсыздыққa тaп боламыз, адамдармен қарым-қатынасқа түсу барысында түсініспeушіліктерге кезігеміз. Кейде адамда жүрек тыныштық таппай, барлық арман-мақсаттары құрдымға кеткендей жағдай болады. Мұндай кезде кемшілікті біреуден іздемей, өзімізді танудан, өзіміздің ішкі жан дүниемізбен жұмыс жасаудан бастау керек. Осындай сәттер туындағанда біз психологияға жүгінеміз.
Психология, ең алдымен, адамның өзін-өзі жақсы түсінуіне, мінез-құлқына, эмоциональді күйіне, санасының ашық болуына әсер етеді. Егер адам өз қалауын анық білсе, айналасындағы адамдарды жақсы түсінсе, ол туындаған проблемаларды сабырлы түрде, анализ жүргізу арқылы еркін шешеді.
Менің өмірімде психология негізгі рөл атқарады десем, артық айтпаймын, себебі менің жасаған әр таңдауым, алға ұмтылуым, кезіккен проблемалармен күресуім, қоршаған ортаның, айналамдағы адамдардың маған әсерін психология арқылы еңсеріп жатырмын. Мысалы, мен мақсатыма жетуде кедергілерге тап болдым, оның шешімін білмеймін. Егер мен эмоцияға беріліп, шеше алмаймын деп, шарасыздық танытсам, бастаған ісімді аяғына дейін жеткізе алмаймын , ал егер өзімді сабырға шақырып , сезіміме емес ақылыма жүгінер болсам, мен қандай қиындық болмасын еңсерер едім.
...