Психология менің өмірімде және кәсібімде
Автор: dan40crew • Октябрь 1, 2021 • Доклад • 358 Слов (2 Страниц) • 287 Просмотры
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
[pic 1]
Факультеті « Экономика және Бизнес жоғары мектебі »
Кафедрасы «Қаржы және есеп»
СӨЖ
Тақырыбы: Психология менің өмірімде және кәсібімде
Орындаған:Дәулеткелдиева Ұ.
Тексерген:Закарьянова Ш.
2021ж
Психология менің өмірімде және кәсібімде
Психология қазіргі күнде маңызды рөл ойнайтын ғылым саласына айналды. Философия саласынан бөлініп шыққаннан бері талай даму кезеңдерінен өтті, өз алдына күрделі жүйе болды. Психологияның адам өміріндегі алатын орны өте маңызды деп ойлаймын. Себебі адамның тұлғалық дамуында қандай да бір өзгешеліктер орын алатын болса, оны қалыпқа келтіруге психологиялық нормалардың қызметі көмек береді. Біз ең алғаш мектеп табалдырығын аттағанда, психолог мамандарының қабылдауынан өтеміз. Неге деген сұраққа жауап беріп көрейін. Тест сұрақтарының көмегімен психолог балалардың нормаға сәйкес келуін, жаңа ортаға сіңісіп кету қабілетін тексереді. Мұндай бақылаудан әдетте бір мектептен екінші мектепке көшкенде, жоғарғы оқу орнына түскенде өтеді. Психологияның адам өміріндегі маңызын осыдан-ақ көре аламыз. Әр адам өзінше ерекше, «бес саусақ бірдей емес» дегендей, әр адамның тұлғалық ерекшеліктерін зерттеуде психологияның атқаратын қызметі айтарлықтай көп.
...