Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Психология менің өмірімде және кәсібімде

Автор:   •  Сентябрь 26, 2021  •  Реферат  •  667 Слов (3 Страниц)  •  540 Просмотры

Страница 1 из 3

Еуразия Ұлттық Университеті

Эссе: «Психология менің өмірімде  және кәсібімде»

Орындаған:  Такиров Қайрат

ТЭФ,логистика  13 группа                          

                                           Психология менің өмірімде және кәсібімде

  Психология — адамның дара тұлғалық психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық

Психология атауы «псюхе»-қазақ тілінде «жан», «логос»- «ілім», «ұғым», «ой» деген гректің екі сөзінен тұрады. Психика обьективті дүниенің субьективті бейнесі. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы бейнесі. Олар ( түйсік, ой, елес, сезім, қабілет, мінез, т.б.) көпшілігімізге мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Осылардың бәрін ғылыми тұрғыда психология ғылымы зерттейді.  Психология өз алдына ғылым ретінде ХІХ хасырдың 60 ж. бөлініп шықты. Оған себеп болған ғылыми-зерттеу мекемелері-психологиялық лабораториялар және институттар, жоғары оқу орындарындағы кафедралар сонымен қатар пихикалық құбылыстарды оқып-білуге байланысты экспериментті насихаттау жұмыстары.

  Психология – психика деректері, заңдылықтарымен тетіктерін зерттеуші ғылым.

  1879 жылы психологияның атасы болып танылған Вильхельм Вундт (1832-1920) Германияның Лейпциг Университетінде психологиялық зерттеу зертханасын ашты.

  Вильям Джеймс, Aмерика пәлсапасышысы өзінің "Психология Принциптері" (1890) атты жемісті кітабын жариялап, келесі жылдарда психологтардың назарын жинақтаған көптеген мәселелерінің іргетасын қалады.

 Психология менің өмірімде:

  Менің өмірімде психология маңызды рөл атқарады, өйткені мені қоршап тұрғанның бәрі менің санама әсер етері сөзсіз. Психология маған өзімді жақсы зерттеуге көмектеседі, адамдарды түсінуге, адамдар арасындағы қарым-қатынасты қалай тиімді құруға және менің кәсіби тағдырымды түсінуге үйретеді, және ең бастысы, отбасы мүшелерімен және жақындарымен қарым-қатынастардағы қиындықтарды шешуге мүмкіндік береді.  Психология қазіргі күнде маңызыды рөл атқаратын ғылым саласына айналып отыр. Ол философиядан бөлінгеннен бері талай даму кезеңдерін өтті, яғни күрделі жүйеге айналды. Психологияның адам өміріндегі маңызы баршылық. Себебі тұлғаның дамуында қандай да өзгешеліктер болатын болса, оны жөндеуге психологиялық нормалардың қажеті болады. Жалпы біз мектеп табалдырығын аттағанда, психологтың қабылдауынан өтеді екенбіз. Неліктен? Психолог белгілі бір негіздегі тест сұрақтары арқылы біздің нормаға сәйкестігімізді тексереді. Яғни қоғамдық ортада қалай өмір сүру керектігін қаншалықты білітінімізді, жаңа ортаға сіңісіп кету қабілетімізді тексереді. Міне психологияның адам өміріндегі бірден-бір маңызы осы. Cондай-ақ психология — жеке тұлғаның ішкі жан дүниесі, мінез-құлқы, түрлі сезімдері және ақыл-ойы. Психология адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Психология адамға мінез -құлық, қарым -қатынас, қоршаған әлемді білу және мінез ерекшеліктерінің әдеттегі жиынтығы ретінде көрінеді. Шын мәнінде, психология - бұл біздің күнделікті өміріміздің бір бөлігі. Мектеп, университет, жұмыс - барлық жерде әр түрлі адамдармен байланысу қажет. Бұл жерде күнделікті психология қажет болады. Адаммен дұрыс қарым -қатынас жасай білу үшін психолог болу міндетті емес, тек психологияның қарапайым негіздерін білу жеткілікті.

...

Скачать:   txt (9.1 Kb)   pdf (59.1 Kb)   docx (9.2 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club