Психология менің өмірімде және кәсібімде
Автор: Nurik Risbaev • Сентябрь 2, 2021 • Эссе • 676 Слов (3 Страниц) • 490 Просмотры
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы
<< Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер>> кафедрасы
[pic 1]
Эссе
Тақырыбы: Психология менің өмірімде және кәсібімде.
Орындаған: Балтаев Н
Тобы: ЖМҚА 206-Б
Қабылдаған: Еркінбекова Асем
Шымкент-2020ж
Адамның жан дүниесі, айналаға деген көз-қарасы және адамның сезімталдылығын зерттеуге және түсінуге көмектесін ғылым саласы ол- психология ғылымы. Психология термині ежелгі Грекияда пайда болып жан ілімі деген мағынаны бергенімен дербес ғылым саласы ретінде XX ғасырдың басында ғана кең ауқымда зерттеле бастады. Қаншама ғасырлар бойы психология ілімі медицина, педагогика, шығармашылық, инжернерлік сияқты ғылымдармен аса тығыз байланыста оқытылып келді. Адамның психологиялық ерекшеліртерін анықтауда тәжірибелік психологияда негізгі 4 бөлім бойынша қарастырылады. Олар: жеке, тұрмыстық, кәсіби және қарым-қатынас ортасына сәйкес адамның жан дүниесін түсіну.
Жеке психология дегеніміз адамның өзінің қызығушылықтары, сүйікті ісі, кез-келген қиын сәттегі оның эмоционалдық күйіне байланысты, яғни жеке индивид ретінде бағалау. Тұрмыстық психологияға келетін болсақ ол адамның өзі ұнататын жанмен немесе өмірлік жарына деген, ата-анасына және туысқандарына деген қарым-қатынасы және отбасындағы алатын орнына байланысты бағалау. Ал кәсіби қарым-қатынасқа келетін болсақ ол адамның өзі таңдаған кәсібіндегі шеберлігі және өзі таңдаған мамандығына деген қызығушылық пен жауапкершілік деңгейіне байланысты оған баға беру. Осы кәсіби тұрғыдан талдағанда адамның мамандығын өз қалауымен таңдауы өте маңызды. Менің өзім аңсап түскен мамандығым медицина саласы. Бала кезден арманым дәрігер атану болатын. Арман қуып өзім қалаған мамандыққа түстім. Менің болашақ мамандығымда әлсіздерге, жалқауларға, және ең бастысы психологиялық тұрғыдан әлсіз адамдарға орын жоқ.Біздің мамандыққа түскен студент бірнеше үлкен қиындықтарға тап болады: ұйқысыз өткен түндер, өте көп күш салуды талап ететін пәндер, игеру мүмкін емес секілді көрінетін ғылымдар, толоық қанды маман атану үшін кететін жылдар. Бұл қиыншылықтарға көп студент шыдай алмай оқуды тастап кетіп жатады. Менің болашақ мамандығымның талаптары өте жоғары.Бұл мамандықты игеру үшін темірдей төзім, шыдымдылық қажет.Егер сен білікті маман болғың келсе ең алдымен өзгелердің жан дүниесін түсіне алатын және оларға тек физиологиялық тұрғыдан ғана емес психологиялық тұрғыдан да көмектесе білуің міндетті. Атақты шығыс дәрігері Ибн-Сина: <Адамды ең бірінші сөзбен емдеу керек, екінші шөппен, ал үшінші-пышықпен емдеу керек>,- деген екен. Егер сен алдыңа келген науқасқа ең бірінші психологиялық тұрғыдан көмектесе алмасаң, оған эмпатиялық қарым-қатынас таныта алмасаң білікті маман атана алмайсың.
...