Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Психология менің өмірімде және кәсібімде

Автор:   •  Март 18, 2021  •  Эссе  •  833 Слов (4 Страниц)  •  1,054 Просмотры

Страница 1 из 4

Эссе

Тақырыбы: Психология менің өмірімде және кәсібімде

« Психология – адамның дара тұлғалық психикасын , өзінің сан−алуан сезім, аффективтік , интеллектуалды , басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады . Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық . Психологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік структураның , сыртқы ортаны байымдаумен , елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу болып табылады » . Әрине,ғылыми тілде бұл ілім осылай түсіндірілмек .

Жалпы , психология ұғымы ерте заманнан бастап осы уақытқа дейін қолданылып келеді . Сол ерте заманда адамзаттың бірінші ұстазы , ежелгі грек философы Аристотель өзінің « Жан туралы трактатында » жан тәннің өмір сүру формасы екендігін , мұның өзі ес , қиял , ойлау , эмоция секілді процестерге бөлінетіндігін айтып кеткен .

Алғашқыда адамзаттың , қоғамның пайда болуымен қалыптасуын жазған тағы бір грек ғалымы Демокрит жанды заттың атомдары секілді өсіп , өшіп отыратын үнемі қозғалыста болатын қасиет деп түсіндірген . Ал Рене Декарт болып танылған француз ғалымы жануар сыртқы ортаның әсеріне рефлекс арқылы жауап береді десе , голланд ғұламасы Бенедикт Спиноза адамның еркі мен эмоциясы дене қызметін тығыз байланыста болатындығы жайлы терең түйін айтқан .

Психология тақырыбы бойынша кітаптар да жазылған . Мысалы , Павел Волковтың « Адамзат әлемінің әртүрлілігі » атты кітабы . Автор өзінің туындысын психикалық күйзелістің алдын алуға көмектесетін құрал дейді . Психология сөзінің синонимі ретінде « түсіну » болып есептелетіндіктен , Павел осы кітаппен сыртқы ортамен қарым-қатынасты орнатуға немесе түзетуге болатын айтады . Бұдан бөлек , кітапхана сөрелерінде Альфред Адлердің « Адам болмысын тану » атты психологияға қатысты туындысы бар . Мазмұны былай көрсетіледі : адамның қоғамға бейімделуі , нәрестелік және ерте балалық шақ кезеңдерінің маңыздылығы , тұлғалық мінездің дамуы , оның жеке ерекшеліктері мен көріністері . Ұзын сөздің қысқасы , Адлер ойынша , қоғамдағы кез келген қарым-қатынастың негізі – басқаны түсінуде жатыр.

Адлердің «басқаны түсіну » дегеніне толықтай келісемін , себебі , арақатынас түсіністіктен басталады . Ал , басқаны түсіну үшін не істеу керек ? Ол үшін адамның табиғатын білу қажет дейді Альфред Адлер .

Психология ұғымын әр адам әр түрлі түсінеді.

Менің ойымша , психология - жан туралы ілім . Адамның ішкі және рухани әлемі , адамның өзі білмейтін жасырын қасиеттерді танытатын үлкен әлем . Психологияны көзге көрінбейтін , қолмен ұстап көре алмайтын

...

Скачать:   txt (9.8 Kb)   pdf (39.5 Kb)   docx (10.1 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club