Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Психология менің өмірімде және кәсібімде

Автор:   •  Сентябрь 20, 2020  •  Реферат  •  400 Слов (2 Страниц)  •  1,382 Просмотры

Страница 1 из 2

Психология менің өмірімде және кәсібімде

Психология адамның жан әлемін, мінез-құлқын зерттейтін ілім десек қателеспейміз. Бұл ілім адаммен тығыз байланысты болғандықтан барлық жанның өмірінде әрі кәсібінде алар орны ерекше. Мысалы, менің өмірім айналам басқа адамдармен байланысқа түсумен өзінің мәнін айқындай түседі. Ал кез келген кәсіпті алатын болсақ, ол әрқашан адаммен байланыста болады. Менің болашақ кәсібім құқықтанушы. Бұл салада мен әрқашан адамдармен жұмыс жасайтн боламын. Сол себепті менің өмірімде, кәсібімде психологияның рөлі ұшан-теніз.

Біріншіден, менің өмірлік мақсаттарымның бірі бұл- адамдарға барынша пайдалы әрі көмек қолын соза білетін адам болу. Өмірлерінің қиын сәтерінде морально көмек бере алып, мотивация бере алу арқылы көптеген адамдардың өмірінің жақсаруына себепкер болғым келеді. Алайда бұл нәрсе жай ғана бола салмайды, ниет жеткіліксіз, амал қажет.  Міне осы арада, қандай әрекет жасаған дұрыс болады деген сұрақ туындайды. Бұл сұрақтың дұрыс жауабын біз сол көмекке мұқтаж адамның жан дүниесін, психологиясын түсіну арқылы ғана біле аламыз. Сондықтан психологияның өмірімде алар орны ерекше.

Екіншіден, кәсібім адамдардың мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, қарым-қатынасымен тығыз байланысты. Себебі болашақ заңгер ретінде әртүрлі адамдармен жұмыс жасаймын. Олармен тез тіл табысу, жағдайына кіріп, оны барынша түсініп заң тұрғысынан дұрыс бағдар берип, қорғап шығу менің міндетім болып табылады. Қарсы жақтың іс-қимылына жүріс тұрысына қарап, осал жерін таба білу, кінәсін мойындату заңгер үшін өте маңызды. Сонымен қатар өзімді де дұрыс ұстап, эмоцияларымды көрсетпей бір қалыпты жүріп жауап қайтара біліуім менің кәсібилігімді одан сайын арттыра түседі. Ал бұның бәрі немен байланысты? Әрине, психологиямен.

...

Скачать:   txt (5.4 Kb)   pdf (38.4 Kb)   docx (8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club