Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Психология менің өмірімде және кәсібімде

Автор:   •  Апрель 30, 2020  •  Эссе  •  272 Слов (2 Страниц)  •  1,329 Просмотры

Страница 1 из 2

Психология менің өмірімде және кәсібімде.

Психология - адамның жан дүниесі мен мінез-құлқының қыр-сырларын зерттейтін ғылым. Адамның өмір сүретін ортасы оның ішкі дүниесіне тікелей әсер етеді. Ал психология ғылымы адамдарды танып-білуге, дұрыс қарым-қатынас орнатуға, өз кәсіби орнын табуға, бастысы отбасымен қатынасын түсінуге және қиындықтарды шешуге көмек береді. Менің ойымша, психология - өмірдегі ең маңызды ілімдердің бірі.

Адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы кезінде және адамның қимыл, іс-әрекеті мен ойлау процесіне әсер ететін шынайы құбылысты өзінше қабылдау - психика деп аталады. Бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әртүрлі бейнелері - ол психологиялық құбылыстар. Бұл ұғымдар адам өмірі психология ғылымымен тығыз байланысын көрсетеді.

Жалпы алғанда, адамның рухани дүниесін зерделеу қиын, себебі әр адамның өз ерекшеліктері бар және әр пенде жеке де қайталанбас тұлға.

Меніңше, психология және педагогика мамандықтары өте тығыз байланысты. Себебі, педагог көптеген оқушылармен, яғни көптеген тұлғалармен тығыз араласады. Әрбір оқушыға өзінің амал-айлалары, байланысты дұрыс құру тәсілдері болуы қажет. Психология адамдармен жайлы әры жағымды арақатынасқа үйретсе, педагогика түрлі түсініспеушіліктерден жол табуға көмектеседі. Әр педагог әрбір оқушысының жан дүниесін түсіне отырып, көмекке зәру жанға уақытында қолдау көрсетіп, қуанышына қуанып, қателігін түзеп, жақсылығын мақтап отыруға әрдайым дайын болуы қажет деп ойлаймын.

Психология — адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезімдерінің сыртқы ортамен өзара

...

Скачать:   txt (4 Kb)   pdf (29 Kb)   docx (7.9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club