Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Психология менің өмірімде жіне кәсібімде

Автор:   •  Апрель 7, 2020  •  Эссе  •  308 Слов (2 Страниц)  •  1,212 Просмотры

Страница 1 из 2

Орындаған: Алдабергенова Гульжанат ДШжС 101

Психология менің өмірімде жіне кәсібімде

Эссе

Психология – менің жеке өмірімде үлкен маңызға ие.  Психология мен үшін тек ғылым саласы ретінде ғана емес, жеке өмірімдегі болып жатқан әр түрлі оқиғаларды, кезеңдерді, қиындықтарды жеңу үшін көмектесетін пән ретінде қарастырылады.

Өмір – ақ пен қара сызықтардан тұрады, бұл дегеніміз – әрбір адам басынан тек қана бақытты кезеңдерді кеше бермейді, өмірдің небір қатал, әділетсіз, қиын кезеңдеріне төтеп бере алу керек.

Бұл жағдайларда көптеген адамдар психологиялық жағынан сынып қалуы мүмкін. Яғни, бұл дегеніміз – алдыға қарай ұмтылмай, артқа қарай қадам жасау дегенді білдіреді.

Дәл осы сәттерде психология ғылым әрбір адамзат үшін үлкен септігін тигізе біледі. Мысалға алатын болсақ,  мектепте бастауыш сыныптардан бастап психология пәнінен көптеген треннингтер, сонымен қатар тесттер өткізіледі. Бұл процесстердің көмегімен әрбір оқушының ойлау психологиясын сонымен қатар адамның мінез-құлқының қай бағытқа қарай дамуын анықтай алады.

Менің өз өмірімдегі психологияның маңызы өте ерекше. Өйткені мені қоршаған нәрсе менің ойыма әсер етеді. Психология мені өз-өзімді жақсы меңгеруге көмектеседі, адамның жеке қарым-қатынасын тиімді түрде қалай қалыптастыратындығын және ең бастысы, отбасы мүшелерімен және туыстарымен қарым қатынас жасауда пайда болған қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Және де психология өз-өзімді тануыма, қызығушылығым арқылы жақсы мамандық таңдауыма себепкер болды деуге болады. Яғни жеке тұлға болып қалыптасуымның алғашқы баспалдағын құрастыруымның көмекшісі болды. Егер біраз ойлансақ адамдардың өздері- психолог сияқты екен.Мысалы сіз біреумен таныссаңыз, сіз ол адамды сканерлеп, ой түйін жасаймыз, ол адам туралы ойларымыз миымызда жинақталады. Біз барлық әсерлерімізді жинап бір тиянақты ойға келеміз де біз оның тұтас бейнесін жасаймыз. Сол кезде біздің миымыз ұнайды/ұнамайды, онымен байланысты жалғастыру/ жалғастырмау туралы үкім шығарады деп ойлаймын.

...

Скачать:   txt (4.3 Kb)   pdf (50.6 Kb)   docx (7.9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club