Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Психологиялық тренингтерді пайдалану арқылы оқушылардың қарым- қатынасын арттыру

Автор:   •  Март 4, 2019  •  Контрольная работа  •  1,821 Слов (8 Страниц)  •  907 Просмотры

Страница 1 из 8

Психологиялық тренингтерді пайдалану арқылы оқушылардың қарым- қатынасын арттыру

Наурызбаева Жеңіскүл Жомартқызы

Педагогика және психология 3-курс

Ғылыми жетекші:педагогика және психология магистрі Д.Т.Комарова

С. Бәйішев атындағы Ақтөбе Университеті

Түйіндеме:Бұл мақалада қарым-қатынасты арттыруда қолданылатын психологиялық тренингтердің алуан түрлі ерекшеліктері жазылған. Психологиялық тренинг – басқа адамдарды жақсы түсінуге көмектеседі, өз бейнесін басқалар қалай көретіндігін салыстыруға мүмкіндік береді, өз мүмкіндігін байқауға, өзіндік санасын жетілдіруге жағдай жасайды.

Summary:The article discusses about trainings that develop the attitude towards. Training is teaching, or developing in oneself or others, any skills and knowledge that relate to specific useful competencies.

«Адам табиғаттың қызық қасиеттерінің бірі оның айналадағы адамдар көзқарасындағы өз бейнесін ойлауға ұмтылғандығы. Кейбіреулер қиналса да соңына дейін ойнап шығады» — деп Ф. Искандер тұжырымдағанындай әлеуметтік – психологиялық тренингтің басты жоспары – ұйымдастырылған іс-әрекетті соңына дейін жеткізу болып табылатынында.Психологиялық тренинг – басқа адамдарды жақсы түсінуге көмектеседі, өз бейнесін басқалар қалай көретіндігін салыстыруға мүмкіндік береді, өз мүмкіндігін байқауға, өзіндік санасын жетілдіруге жағдай жасайды.Тренинг барысында жеке бастың дамуы туралы мәселелер нәтижелі шешіледі және коммуникативті дағдылар жемісті қалыптастырылады. Сабақ, оқу процесінде ұйымдастырылған әлеуметтік – психологиялық тренингтер арқылы оқушылардың қарым-қатынастары жақсарады, өздерін белсенді қатысушы және басқаларға әсер етуші жағдайда сезінеді, топтың толық сеніміне кіреді. Әрбір бастаған іс-әрекетінің толық аяқталуын қадағалайды. Ең бастысы – басқаларға  өзінің ойы мен сезімін, уайымы мен күдіктенуін сенуге қорықпайды.Психологиялық тренингтер арқылы жақын адамдардың адамдық қасиеттерін ашып, бағалауға көмек беріледі, сөйлеу мәдениетін, тұлғаның қоғамда өзін ұстау іскерлігін және әдептілік ережелерін сақтауды енгізеді. Дұрыс ұйымдастырылып, жүргізген тренинг жеке тұлға қалыптасуының, өзгелермен жақсы қарым- қатынаста болуының жетекші құралы [1].

Әлеуметтік-психологиялық  тренингтің  жалпы  мақсаты   -   қатынастағы тиімділікті  арттыру-  міндетті  түрде  қатынастағы  мінез-құлықты,  адамның перцептивті қабілеттілігін, жеке тұлғаның қатынас жүйесін шындай  түсу  және дамытумен  анықталатын  білімді  меңгерумен,  қабілеттілігі  мен  дағдыларынқалыптастырумен байланысты түрлі кескіндегі бірқатар міндеттермен  нақтыланатүседі, өйткені  жеке  тұлғалық  өзгешелік  адамның  іс-әрекетін  және  оныңвербальды және вербальды емес әрекеттерін әртүрлі  түспен  әрлендіретін  фонболып келеді.

Қарым-қатынасты арттыруда қолданылатын тренингтер өзінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Жыл өткен сайын өзінің жаңа ғылыми жолдары ашылып, мектептер, өзінің жетілген техникалық моделдері, жаттығулары жетіліп жаңаша бағыт алып отырады. Көптеген авторлар психологиялық тренингтің негізгі мәселелік жағдайы оның ұйымдастырылуының біркелкі еместігіне, топпен жұмыс жасау кезінде топтарды ұйымдастурыды бір жүйеге келмегендігін айтады. Бірақ сонымен қатар, осы  айтылған мәселелер тренинг курстарынан кейін адамның теориялық жүйесінде өзін бағалауы артып, методикалық ұстанымдары бір жүйеге келіп жоғарғы деңгейде жұмыс өтілуін жинайды.

Вачков өзінің еңбегінде – «Жаттығулар, методтар, әдістер, кез келген психологиялық мектептің тренингі болсын ондағы треингтің жоғарғы деңгейде өтуі тренер  тренинг  инструменттерін қалай қолдана алғанына, шеберлігіне және онымен жұмыс жасаушыларға байланысты» — деп айтқан. Осыдан 20 жыл өтседе осы мәселелер өзінің өзектілігін жоғалтпаған.

Қарым-қатынас жасау құзырлығын дамыту мақсатында топтық психологиялық жұмыстың белсенді әдістерін қолдануға бағытталған және тәжірибелік психология аймағында кеңінен қолданылатын тренинг түрін әлеуметтік- психологиялық тренинг деп атаймыз.  

...

Скачать:   txt (25.2 Kb)   pdf (159.9 Kb)   docx (17.4 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club