Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Пирамидтік жүйе құрылымы: қыртыс-жұлындық, қыртыс-ядролық жолдар

Автор:   •  Февраль 26, 2019  •  Реферат  •  572 Слов (3 Страниц)  •  5,050 Просмотры

Страница 1 из 3

3. Пирамидтік жүйе құрылымы: қыртыс-жұлындық, қыртыс-ядролық жолдар.         Адамда ерікті қимыл-қозғалыстарды жүзеге асыру пирамидті жүйе арқылы орындалады. Пирамидтік жүйеге қыртыс-жұлындық tractus corticospinalis және қыртыс-ядролық  tractus corticonuclearis жолдар жатады. Кортиконуклеарлы жол мойыннан жоғарғы, ал кортикоспинальды жол мойыннан төмен(қол-аяқ) бұлшық-еттерінің ерікті қимылдарын жүзеге асырады. Екі жолдың да 2 нейроны бар.

        Тractus corticospinalis  1-нейроны  бас ми қыртысында(маңдай бөлігі) прецентральды қырда орналасқан алып пирамидалы Бец жасушалары. 1-нейроннан өсінділер сәулелі тәж түрінде  жиналып, ішкі капсуланың артқы аяқшасы арқылы, ортаңғы миға, одан  көпір, сопақша миға өтеді. Сопақша мидың жұлынға ауысар шекарасында 80-85% талшықтар қарама-қарсы бетке өтіп, қиылыс(перекрест) түзеді. Осы аймақта көзге көрінетін пирамида тәрізді айқасуларға байланысты бұл жолдар пирамидалық жол атауына ие болған. Ал 15-20% талшықтар қиылыспай, өз жағында жұлынның алдыңғы бағаны(канатик) бойымен төмен бағытталып, мойын сегменттерінде өзара қиылысады. Қиылысқаннан кейін жұлынның бүйір бағаны бойымен төмен бағытталады. Жұлынның бүйір бағанынан сұр затқа еніп алдыңғы мүйізде орналасқан 2-нейрон жұлынның мотонейрондарында аяқталады.

Тractus corticonuclearis 1-нейроны  бас ми қыртысында(маңдай бөлігі) прецентральды қырда орналасқан алып пирамидалы Бец жасушалары. 1-нейроннан өсінділер сәулелі тәж түрінде  жиналып, ішкі капсуланың артқы аяқшасы арқылы, ортаңғы миға жетеді. Ортаңғы мида орналасқан ІІІ және ІV бас-ми нервтерінің ядроларының өз жағына және қарсы жағына импульстерді өткізеді. Көпірде орналасқан V, VІ бас ми нервтерінің де өз жағына және қарсы жақ ядроларына импульстерді өткізеді. VІІ жұп – бет нервінің өз жақ ядросының жоғары бөлігіне, ал қарама-қарсы жақ ядроға толықтай, яғни жоғарғы және төменгі бөлігіне импульстарды жеткізеді. Көпірде VІІІ, сопақша мида ІХ, Х, ХІ бас-ми нервтеріне өз жағына және қарсы жақ ядроларына импульстерді өткізеді. Ал
ХІІ бас-ми нервінің қарама-қарсы жақ ядросына жетеді. Аталған бас-ми нервтерінің ядроларында 2-нейрон орналасады.

tractus corticospinalis                  tractus corticonuclearis [pic 1][pic 2]

1-нейрон                Прецентральная извилина      Прецентральная извилина

2-нейрон                Жұлын алдыңғы мүйізі         Бас-ми нервтерінің ядролары

мотонейрондары

23. Бел өрімі. Зақымдану симптомдары мен синдромдары. Зерттеу әдістері.

Бел өрімі жұлынның   1-4 бел  нервтерінің алдыңғы тармақтарынан түзіледі. Бел өрімінен сан нерві  n. femoralis, жапқыш нерв n.obturatorius, санның терілік сыртқы нерві n.cutaneus femoris lateralis, жыныс-сан нерві n.genitofemoralis басталады. [pic 3]

...

Скачать:   txt (6.9 Kb)   pdf (109.3 Kb)   docx (10.7 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club