Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Л.С.Выготский идеяларының басқа да ғылым салалаларының дамуына ықпалы

Автор:   •  Октябрь 30, 2018  •  Реферат  •  812 Слов (4 Страниц)  •  1,876 Просмотры

Страница 1 из 4

Л.С.Выготский идеяларының басқа да ғылым салалаларының дамуына ықпалы

Выготский Лев Семенович (1896-1934) Көрнекғі психолог ғалым Л.С.Выготский 1896 жылы 5 қарашада қазіргі Витебскі облысы Орша қаласында (бұрынғы Могилев губерниясы) туған.Ата-анасы білімді, шетел тілдерін жақсы меңгерген адамдар болған.Отбасы мен әулетінің тағылымы мен өнегесіне жастайынан қаныққан Выготский өзінін қысқа өмірінде зеректігі мен ынталығына орай ғалым мен өнердің сан-саласынан әр тарапты терең білім алып, өз дәуірінің озық ғалымы және ардақты азаматы болып жетілді.Л.С.Выготскийдің мамандығы әдебиетші болса да психология ғылымына ерекше зер салып осы саладағы еңбектерін материалистік ілімінің методологиялық принциптері тұрғысынан іздестіреді. XIX ғасыр аяғы мен XX ғасыр басында қарқынды дамыған бүкіләлемдік психология ғылымының сан-салаларынан жарық көрген шетелдік ғалымдардың зерттеулерін сын көзімен қарап, оларға талдау жасап, XX ғасыр психологиясының дамуына орасан зор үлес қосты. Выготскийдің жан-жақты білімі мен жеке басының дарындылығы психология саласында материалистік көзқарастарына жаңа теориялық тұжырымдар жасауға даңғыл жол ашты.Адамның жан дүниесінің сыр-сипатын терең зерттеген Л.С.Выготский адам психикасының мәдени-тарихи дамуы және «бала психикасының жақын арадағы даму аймағы» деп аталатын тұжырымдарын айрықша атап көрсетуді қажет етеді. Мәдени-тарихи теория туралы Выготский іліміндегі жүйе, ең алдымен, адамның әлеуметтік өміріндегі тіршілік бейнесі қоғамның даму дәрежесіне, екіншіден, ондай даму деңгейі сол әлеуметтік өрістің заттарды ұстап-тұтыну деңгейіне тәуелді, үшіншіден, адамның жарық дүниеге келуінен өмірінің соңғы кезеңіне дейін ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде қалдыратын өмір тәжірибесіне, іс-әрекеті мен мінсз-құлық бейнесіне, бір сөзбен айтқанда, бүкіл жан дүниесінің өзгеріп өрістеуіне, қалыптасуына ықпал етіл отыратын тарихи фактор ретінде қарастырады. Сондай-ақ баланың дамуы мен өсіп жетілуі, кәмелетке толып, азаматтық қасиетке ие болуы, кісілік сипаттарының жетілуі де өрістеп отыратын тарихи жағдайларға, әлеуметтік ортаға байланысты.

Л.С.Выготскийдің психология ғылымында ерскше орын алатын теориясы – бала дамуының жақын арадағы аймағы деп аталады. Бұл теорияның түпкі мәні – баланы тәрбиелел оқыту, оған білім беріп, дүниетанымын қалыптастыру үнемі онын табиғи даму деңгейінен оздырып отыруды талап етеді. Мұндай талап біріншіден, баланың психикасын, оның жан дүниесінің дамуын, ақыл-ой деңгейін өрістетіп, оны жетілдіруде шама-шарқы жетерлік оқу-білім алуға, оны ездігінен ойлантып-толғантуға, әрбір зат пен құбылыстың мазмұн-мағынасын пайымдап білуіне жетектеп отырады. Бала оқу-тәрбие үстінде өз санасын неғұрлым күрделендіріп, заттар мен құбылыстар арасындағы себепті байланыстарды зерделсп танитын міндеттерге машықтанулары керек.

Егср баланың табиғи дамуында оның психикасы күрделеніп, сана-сезімі жетілетін болса, ал оқу-тәрбие жұмыстары арқылы оның дүниетанымы мен білімінің шеңбері кеңейеді. Оның дамып жетілуі, сыртқы ортадан түйсініп, қабылдаған, көріп білгендерін ой елегінен өткізіп санасының өрістеуіне әсер етуін сыртқы факторлардың (экстериоризация) ішкі факторларга (интерноризация) айналуымен белгіленеді. Осы жайт Выготскийдің адамның мәдени-тармхи дамуы жайындағы теориясының мәнісінен туындайды.

Л.С.Выготский теориясының енді бір ерекшелігі баланың айналасындары адамдармен қарым-қатынас жасауда тарихи тәжірибелерді, тыныс-тіршілік шындығын өзгелердің сөзінен, тәлім-тербие өнегесінен жанамалай үйренуі. Осылайша бала өзінінің дербестігін, жеке басының психикалық қасиеттерін өрістетеді, әлеуметтік ортадан меңгерген білімі мен әр алуан мағлұматтары оның ішкі дүниесінің, психикасының дамуындағы ең жоғары қызмст, яғни, болмыстың бала санасындағы бейнелеуі деп аталады.

...

Скачать:   txt (12.6 Kb)   pdf (92.9 Kb)   docx (13.4 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club